Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жыр болған көпір жаңара ма?

8 қараша 2026
КҮНДЕРЕК
Жыр болған көпір жаңара ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Суықсай ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылының тұрғындары бес жылдан бері елді мекенге қатынайтын 16 шақырым жол мен Ақсу өзені үстіндегі көпірдің жайын айтып, бармаған жерлері, баспаған таулары қалмаған. Құзырлы мекемелерден көмек сұрағанымен еш нәтиже жоқ. 1967 жылы салынған көпір әлі жаңартылмаған, жол жөндеу жұмыстары да қолға алынбаған. Жылдар бойы айтылған өтініштің нәтижесіз қалуы тұрғындардың билікке деген сеніміне селкеу түсіріп отыр.

Көпірдің бүгінгі жағдайы ауыл жұртының күнделікті тіршілігіне тікелей кедергі келтіруде. Ауыр жүк көліктері одан өте алмайтындықтан құрылыс материалдары мен өзге де қажетті жүктерді жеткізу қиынға соғуда. Тұрғындар кейде көліктерін көпірдің арғы бетінде қалдырып, жүктерін үйлеріне дейін қолмен тасуға тура келетінін айтады. Бұл, әсіресе, қыс қамына кіріскенде және құрылыс жұмыстарын жүргізгенде тұрғындарға қосымша машақат туғызуда.

Бірақ мәселенің ең күрделі тұсы 60 жыл бұрын салынған көпірдің техникалық жағдайы. Тұрғындар оның жай-күйіне сараптама жүргізіп, нақты қауіп деңгейін анықтау керегін айтады. Өйткені апатты жағдайдағы нысанға қатысты жауапкершілікті ертеңгі күнге ысыру адам өміріне қатер төндіруі мүмкін.

– Өткелдің бөренелері шіри бастағалы қашан? Жүруге жарамсыз болғандықтан ауыл тұрғындары өздерінше жөндеген болды. Бірақ көпіріміз ауыр салмақ түссе опырылып кеткелі тұр. Сондықтан бәрі қорқады. Ең қиыны ауыр жүк көліктері ауылға өте алмай, көмірді жақын маңдағы жотаға төгіп кетеді. Сосын оны қаппен ауылға тасимыз. Көрген күніміз осы. Негізінде мамандар бұл көпірді мүлдем сүріп тастап, жаңадан темірбетон материалдармен қайта салу керегін айтыпты. Бірақ оған көңіл бөлінбей келеді. Бар тілегіміз – жолымызды, көпірімізді жөндеп берсе екен. Біздің де ел қатарлы өмір сүргіміз келеді, – дейді ауыл тұрғыны Раиса Әбсеметова.

Бұл мәселені тұрғындар кеше ғана көтеріп отырған жоқ. Соңғы 5 жылда аудандық және облыстық мемлекеттік органдарға, прокуратураға, Үкіметке, Парламент Сенатына дейін өтініштер жолданған. Тілшілер ауылға барып, жағдайды түсірген. «Egemen Qazaqstan», «Жас Алаш» секілді республикалық басылымдарда да мәселе жарияланған. Демек, Ақтөбедегі ахуалдан тиісті мекемелердің хабарсыз болуы мүмкін емес. Сонда 5 жыл ішінде неге бірде-бір нақты нәтиже болмады? Биліктегілердің халқына жаны ашымағаны қалай? Қойылар сұрақ та, айтылар жауап та көп шығар? Дегенмен елдің жүгін көтерер ерлердің істен жалтарғаны дұрыс емес-ау. Жергілікті биліктің назарын аударту үшін тұрғындарға бұдан артық не істеу керек? Өтініш жазылды, мәселе баспасөзде көтерілді, жоғары мемлекеттік органдарға дейін хат жолданды. Алайда жауапты мекемелердің әрекеті нақты іске ұласпай отыр.

Осы жағдай ауылдың әлеуметтік ахуалына да әсер еткен. Жол қатынасының қиындығы мен тұрмысқа қажетті инфрақұрылымның жеткіліксіздігі салдарынан тұрғындардың бір бөлігі басқа елді мекендерге көшуге мәжбүр болған. Мектептің болашағына да алаңдаушылық бар. Енді бірер жылда ауылдағы тіршілік одан әрі саябырласа, оның салдары қандай болмақ?

Ақтөбе жұрты туған жерін тастап кетуге қарсы. Олар үшін бұл мекеннің тарихи да, рухани да орны бөлек. Тұрғындар аудан басшылығы тарапынан басқа елді мекенге көшіру жөнінде ұсыныстар болғанын айтады. Бірақ олардың ауылынан көшкілері жоқ. Бұл жерде ата-бабаларының бейіттері барын, мал шаруашылығына қолайлы екенін, нағыз туризм дамытуға таптырмайтын мекен екенін алға тартады.

Расында, ауылды сақтап қалудың орнына тұрғындарды көшіруді ұсыну мәселенің шешімі бола ала ма? Елді мекеннің инфрақұрылымын қалыпқа келтіру жауапты органдардың міндеті емес пе? Ауыл тұрғындары да өзгелер секілді қауіпсіз жолмен қатынап, туған жерінде қалыпты өмір сүруге құқылы. Сондықтан олар мәселені елді мекенді тарату арқылы емес, жол мен көпірді жөндеу арқылы шешуді талап етеді.

Ауыл тумасы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Талғар ауданының Құрметті азаматы Жұмағали Кебекбаевтың айтуынша, көпір құрылысына қатысты жобалау-сметалық құжаттама да әзірленген. Оның құны 948 миллион теңгені құрайды. Алайда құжатты мемлекеттік сараптамадан өткізу мәселесі шешілмей отыр.

– Кеңестік кезеңнен қалған «Уәдені үш жыл күтеді» деген тәмсіл бар. Біз тәуелсіз мемлекет жағдайында үш емес, бақандай 5 жыл күттік. Тіпті жобалау институтында құны 948 миллион теңге болатын жобалау-сметалық құжаттаманы да жасаттық. Ал Ақсу ауданының әкімі Берік Тынышбаев мемлекеттік сараптамаға жіберу үшін қажетті 5 миллион теңгені неге бөлмей отыр, – дейді Жұмағали Тұрсынұлы.

Бұл мәлімдеме аудан басшылығының назар аударуын қажет етеді. Егер көпір салуға арналған жоба дайын болса, оны сараптамадан өткізуге не кедергі? 5 миллион теңгенің бөлінбеуіне қандай негіз бар? Аудан бюджетінде басқа да міндеттердің болуы түсінікті. Бірақ тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты нысанның мәселесі неге бес жылдан бері шешімін таппай келеді? Бұл сауалдарға жауапты мекемелер нақты жауап беруге тиіс.

Ақтөбе жұртының талабы да айқын. Олар Ақсу өзені үстіндегі көпірдің техникалық жағдайына тәуелсіз тексеру жүргізуді, халыққа төнетін қауіп деңгейін анықтауды, жаңа көпір салу мәселесін шұғыл шешіп, нақты мерзім белгілеуді сұрайды. Сонымен бірге ауылға апаратын 16 шақырым жолды жөндеу мәселесін мемлекеттік бақылауға алуды талап етеді. Бұдан бөлек, жобалау-сметалық құжаттаманың, мемлекеттік сараптаманың және қаржыландырудың қазіргі жағдайы ашық түсіндіріліп, осы уақытқа дейін берілген уәделердің не себепті орындалмағаны тексерілуі керек. Тұрғындар жауапты лауазымды тұлғалардың бес жыл ішіндегі жұмысына тиісті баға беріліп, Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің бақылауымен нақты іс-шаралар жоспары әзірленгенін қалайды.

Ақтөбе ауылының тұрғындары туған жерінде қалуды, қауіпсіз жолмен қатынауды, балаларын өз ауылындағы мектепте оқытуды қалайды. Бұл – кез келген елді мекен тұрғынының заңды әрі табиғи талабы. Ауыл тағдырын тұрғындарды көшіру арқылы шешу оңай көрінуі мүмкін. Бірақ елді мекенді сақтап қалу үшін нақты жұмыс жүргізу әлдеқайда маңызды екені айтпаса да түсінікті. Бүгін бір ауылдың жолы мен көпірі шешілмесе, ертең басқа елді мекеннің де осындай мәселемен бетпе-бет келмесіне кім кепіл?

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.