Талдықорған: +13°C
$ 482.53
€ 555.44
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Серік ҮМБЕТОВ: «ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРГЕНІ ЖӨН»

22.10.2018
КҮНДЕРЕК
Серік ҮМБЕТОВ: "ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРГЕНІ ЖӨН"
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауы жүктеген маңызды міндеттер мен оларды орындаудан жұртқа келетін жақсылықтарды халыққа жеткізу мақсатында ел аралауға шыққан депутаттар жер-жерде жұртшылықпен жүздесу өткізуде. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, кезінде Алматы облысын екі мәрте басқарып, өңірдің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Серік ҮМБЕТОВ бұл жолғы елді аралауын облыстағы іргелі аудан – Іледен бастады.

Облыс бюджетінің басты доноры болып саналатын, халқының саны мен алып жатқан аумағы бойынша кішігірім облысқа тең Іле ауданында үлкен істер атқарылуда. Бір кездері құрылған шаруашылықтар мен кәсіпорындар бүгінде қанаттарын жайып, іргелерін нығайтып, жаңа белестерді бағындыруда. Солардың бірі ­– республикадағы құс шаруашылығында алатын орны мен сындарлы салмағы бар «Сарыбұлақ» компаниясы» ЖШС. Мыңға жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен және ауылды жерде қомақты деп айтуға болатын кіріспен қамтамасыз етіп, аудан бюджетінің бүйірі толық болуына да атсалысып отырған құс фабрикасына арнайы ат басын бұрған халық қалаулысы кәсіпорын цехтарының жұмысымен танысты. Әсіресе, майлы дақылдарды өңдейтін зауттың қызметіне баса назар аударды.

«Сарыбұлақ» құс фабрикасының президенті Жеңіс Смаиловтың айтуынша, қазіргі кезде фабрикадан жылына 220 миллион дана жұмыртқа мен 16 мың тоннаға дейін құс еті шығарылады. Қазақстандағы үздік технологиямен жабдықталған тұңғыш құс фабрикасының негізі 2003 жылы қаланып, 2007 жылы іске қосылыпты. «Көш жүре түзеледі» дегендей, біртіндеп цехтары іске қосылып, одан кейін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 75 мың тоннаға дейін майлы дақыл өңдеуге кіріскен. Құсты толығымен торда ұстау технологиясын енгізген кәсіпорынның өнімі өз елімізбен бірге Қытай, Үндістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттерінде де үлкен сұранысқа ие. Өзі әкім болып тұрған кезде іске қосылған фабриканың бүгінгі тірлігіне көңілі толған халық қалаулысы өндіріс ошағының жиынжайына жиналған жұмысшылармен де жүздесті.

— Маған Алматы облысының ауылшаруашылығы да, өнеркәсібі жақсы таныс. Арада біраз жылдар өткенде бір кездері өзің облыс басшысы ретінде іске қосылуына атсалысқан өндіріс ошағының өркендеп тұрғанын көру де бір ғанибет екен. Осы құс фабрикасының елге қызмет етуге кірісуінің басы-қасында жүргендер қатарында болған едік. Содан бергі кезеңде кәсіпорын айтарлықтай өркендепті. Соған қуанып отырмын. Жеңіс Жексенбіұлы көпбалалы отбасынан шыққан, өз ісін өте жақсы білетін іскер ұйымдастырушы, білікті басшы. Жұртының сенімінен шығып отыр. Алдағы кезде де осы биігінен төмендемейтіндігіне сенемін, – деген Серік Әбікенұлы Елбасының биылғы Жолдауының бұрынғылардан ерекшелігіне егжей-тегжейлі тоқталып, кейбір міндеттемелерді тарқата айтып өтті.

— Мемлекет басшысы былтыр көктемде «Егемен Қазақстанға» жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық кодымызды айқындап, өткенімізді ескере отырып, рухани құндылықтарды түгендеуге, елден шыққан азаматтардың туып-өскен елі мен жерінің қамын күйттеуіне жол көрсетіп берген еді. Биылғы көктемдегі бес әлеуметтік бастамасында халықтың әлеуметтік жағдайын одан ары жақсартудың тиімді тетіктерін нұсқады. Баспаналы болудың аса қолайлы бағдарламасы дүниеге келді. Студенттердің жатақханасы шешімін табатын болды. Тағы басқа да бірқатар түйткілді тұстардың түйіні тарқатылды. Ал осы қазандағы Жолдауында сол міндеттемелердің маңызын одан ары арттыра отырып, орындауды жеделдетуді тапсырды. Мәселен, ең төменгі жалақыны көтеру. Мұны көпшілік дұрыс қабылдады. Дегенмен, мемлекеттің қолдауымен бірге жекеменшік өндіріс орындарының да бұған үлес қосқаны жөн. Жаңа жұмысшылардан сұрадым, құс фабрикасындағы орташа жалақы – 80 мың теңге екен. Ауылды жер үшін жаман емес. Еліміздегі ең төменгі жалақыдан бірнеше есеге артық. Дегенмен, Жеңіс Жексенбіұлы сынды іскер жандар Елбасының тапсырмасын дұрыс қабылдап, жалақыны он пайызға болса да көтере түседі деп ойлаймын. Келер жылы келгенде соған куә боламын деген үміттемін, – деді «Сарыбұлақ» құс фабрикасының басшысына қарата.

Фабрика қожайыны да дайын отыр екен. Сол жерде-ақ келер жылды күтпестен алдағы айдан бастап жұмысшылар жалақысын 90 мыңға жеткізуге уәде берді.

Фабрика ұжымы атынан сөз алған құс сою цехының жұмысшысы Рита Мухамединова өзінің осы кәсіпорында он жылдан астам уақыт еңбек ететінін жеткізіп, жағдайларының алға жылжыған жылдармен бірге жақсарып келе жатқанын ортаға салды. «Айлық мерзімінде беріліп тұрады. Жұмысшыларды тасымалдау, тамақтандыру, арнайы киіммен қамтамасыз ету жолға қойылған. Тұрақты табыстың арқасында үй салып, баспаналы болып жатқандар да баршылық. Ең бастысы, фабрика орналасқан жерге таяу орналасқан ауылдардың тұрғындары бір кездегідей жұмыс іздеп қалаға сабылмайды», – деді ол.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов құс фабрикасынан кейін аудандағы тағы бірқатар кәсіпорынды аралап, еңбек ұжымдарымен жүздесіп, Елбасы Жолдауында айтылған өзекті тұстар жайлы пікір алмасып, оларды орындаудың жолдары жайында ақылдасты.

Болат ҚАБДЕШҰЛЫ

Іле ауданы

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

«Мекенжай» сөзінің эвроюциясы

29.03.2026
Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

Сәннің соңында саулық қалып қоймасын

29.03.2026
Likke тәуелді  сана

Likke тәуелді сана

29.03.2026
Адалдық – адамдық белгісі

Адалдық – адамдық белгісі

29.03.2026
Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

Ұлт рухын көтерген ұлы тұлға

29.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.