Талдықорған: +15°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Тарихпен үндескен «таңбалы»

19 қазан 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Аудандық кітапханада «Тарихпен үндескен Таңбалы» атты ғылыми-танымдық конференция өтті. «Таңбалы» тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің құрылғанына 15 жыл және Таңбалы петроглифтерінің ғылыми зерттеле бастауының 60 жылдығына арналған жиынға елдегі ірі музей жетекшілері, археологтар келді.

Алдымен «Таңбалы» музейінің директоры Абай Сәдуақасұлы мекеме жұмысымен таныстырып, болашақтағы жоспары туралы  жан-жақты баяндады. Оның айтуынша, мемлекет қамқорлығымен қолға алынған ауқымды жобаның бірі – Сапаршы орталығының құрылысы. Қорық жанынан келесі жылы салынатын нысанның құны – 700 миллион теңге. Халықаралық беделді ұйым ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілген Таңбалы шатқалының адамзат үшін де, ұлт үшін де маңызының қаншалықты зор екені осыдан аңғарылады. Ал жүзеге асырылған игілікті істің бірегейі ретінде облыс әкімдігінің қолдауымен осы жылы Қопа-Қарабастау бағытындағы 30 шақырымдық жолға асфальт төселуін тілге тиек етті. Туризмді дамытудың қажетті алғышартының бірі – қолайлы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету десек, жолдың дәл осы бөлігі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым орналасқан тарихи орынға баратындарға кедергі келтіретін. Ұзақ жыл бойы бүлініп жатқан жолдың жөнделгеніне сол маңдағы жергілікті жұрт та бүгінде дән риза. 
Конференцияда мекеменің 15 жылдығына байланысты Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан келген құттықтау жеделхаты оқылып, облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева Жетісу өңірінде туризмді дамыту бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті. Таңбалы петроглифтерінің жалпақ жұртқа танылуына     елеулі үлес қосқан археолог-ғалымдар мен жер-жердегі музейден келгендер тарихи-мәдени мұралардың зерттелуі мен сақталуы, көне заманнан қалған киелі орындарға саяхатшыларды тарту мәселелері төңірегінде келелі әңгіме өрбітті.
Бұл орайда Шығыс Қазақстан облысындағы «Берен» қорық-музейінің директоры Жанкелді Ахмадиев, «ҚазҚайтаЖаңғырту» республикалық кәсіпорны директорының орынбасары Қанат Тұяқбаев, белгілі тарихшы-археолог, Есік қаласынан табылған әйгілі «Алтын адамды» қалпына келтірген атақты реставратор, «Остров Крым» ЖШС директоры Қырым Алтынбеков пен осы ұйымның консерваторы, Таңбалыдағы жартас суреттерін қалпына келтіруде көп еңбектенген маман Любовь Чарлина, Түркістан облысындағы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық директорының міндетін атқарушы Баһадүр Исматов, «Есік» қорық-музейінің ғылыми хатшысы Зікірия Досым, Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Асылхан Кәрім, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих, археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, белгілі археолог Ғани Омаров ой-пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімдігінің өкілі Жұмабек Шажабаев конференция қатысушыларына басшылық ықыласын жеткізіп, туған жердегі тарихи орындардың маңызын жете түсіну, ел мен жердің өткеніне құрметпен қарауды жастардың санасына сіңіру, тарихи мұраларды сақтау мен насихаттау ісін жергілікті жерде қолдау туралы айтты. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің бір топ қызметкері аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Жиын барысында оқырман залында қолөнерші Қоңыр Бекдайыр өз туындыларынан көрме ұйымдастырды. Ондағы ұлттық бұйымдарда Таңбалыдағы бағзы суреттер бәдізделгені көрерменді қызықтырды.
Конференция қатысушылары ауданның көрікті жерлерін аралап, ертеңінде Қарабастау ауылы маңындағы «Таңбалы» қорық-музейіне сапар шекті.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Елге екінші Airbus A400M Atlas ұшағы әкелінді

Бүгін, 13:15
«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

«Таза Қазақстан»: Сарқандағы күзгі сенбілік

Бүгін, 12:45
Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Әзербайжан мен Қазақстан Алят портында жаңа жүк терминалын салады

Бүгін, 12:15
Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Бүгін, 11:45
Алғыс арқалаған жандар

Алғыс арқалаған жандар

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.