Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ОН САУСАҚ

БӨДЕНЕНІҢ ЖҰМЫРТҚАСЫ МЫҢ ДА БІР ЕМ

18.10.2018
ОН САУСАҚ
БӨДЕНЕНІҢ ЖҰМЫРТҚАСЫ МЫҢ ДА БІР ЕМ
WhatsAppTelegramFacebook

Владимир есімді ақсақалды бұрыннан танимын. Жуырда жұмыс орнымызға келіп, бөдененің жұмыртқасын сату туралы жарнама беретінін айтқанда қызығушылығымыз оянды. Сөйтіп, Владимир Спиваковтың кәсібімен жақын танысу үшін шаңырағына бас сұқтық.

– Ғаламтордан бөдене туралы берілген хабарландыруды көзім шалып, әуестігім оянды. Содан асырап көруді ойлап, біразын сатып алдым. Құсқа арналған торды да өзім жасадым. Күтіп-баптау ісінде де соншалықты қиындық болған жоқ. Шамамен елу шақты ұрғашы бөденеден күніне 20-25 жұмыртқа аламын. Қазір бұл құстың жұмыртқасын сатамын, өзіміз де тұтынамыз, – дейді Владимир Андреевич. Бұдан бөлек, ол қоян мен кептерлерді де ұстайды. «Қояндарды еті үшін бағамын. Ал кептерлердің іс-қимылы көңілге қуаныш сыйлайды, – деп әңгімесін жалғастырды ақсақал. – Саналы ғұмырым еңбекпен, тынымсыз тірлікпен өтті. Сондықтан қол қусырып, қарап отыра алмаймын. Шығыс жақтан саялы өңірге қоныс аударған сонау 1975 жылдан жеке шаруашылық құрып, жер ананың қамқорлығын көріп келемін. Енді, міне, зейнеткерлікке шыққалы өзіме ермек тауып алдым».

Тоқсанды алқымдаған ақсақалдың еңбекқорлығына ерекше сүйсіндік. Жалпы, бө­дененің жұмыртқасы дәруменге бай. Оның құрамындағы ка­лий мен фосфор­ тауық жұмыртқасынан бес есе, ал темір 4,5 есе, В және В12 дәрумендері 6 есе көп. Құрамындағы ка­льций, мыс, кобальт, түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасына қарағанда әл­деқайда жоғары.­ Адам денсаулығы үшін пайдасы да зор. Жапонияда мектеп оқушысының таңер­тең­­гі ас мәзіріне бө­де­­ненің екі жұмыртқасы мін­детті түрде кіреді екен. Бұл баланың ой­лау­ қа­бі­летін арттырып, демікпе, туберкулез, қан қысымы, сал­қын тию, тұ­мау, ақ қан, бас, ішек, асқазан, жүйке, жүрек ауруларына таптырмас ем.

Жапондықтар қазір мрамор, ағылшын, фараон атты бөденелерді өсіреді. Бөдененің жұмыртқасы, сондай-ақ, адам ағзасын қалдықтар мен шлактардан тазартады. Бөдене қазаққа да таңсық құс емес. Бөдене туралы алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың айтуынша, Чернобль апатынан кейін ғалымдар радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына ай бойы бөдененің жұмыртқасын шикілей ішкізген. Бір айдан соң балалар ағзасын тексергенде бөдене жұмыртқасының радиацияны ыдырататыны анықталған. Осыдан кейін көпшілік бөдене жұмыртқасын жаппай тұтына бастады. Отандық ғалымдар да бөдене өнімінің өзгеше қасиетін растап отыр. Ал мұны жапондар біліп қана қоймай, ұлт денсаулығын жақсартуға қолданып отыр. Бөдене жұмыртқасын шикілей, қайнатылған, қуырылған, пешке сусыз пісірілген күйінде де пайдалануға болады. Негізінен шикі күйінде пайдаланған дұрыс. Сонда ол өзінің дәрумендерін сақтап қалады.

П. ЖЕҢІСХАН

Сарқан ауданы

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.