Талдықорған: -3°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

БАБАЛАР РУХЫНА БАҒЫШТАЛДЫ

22.09.2018
ТҮПСАНА
БАБАЛАР РУХЫНА БАҒЫШТАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook
   Ежелден-ақ қазақ деген халыққа ғана тиеселі сайын даламыздың сыртқы және ішкі жауларымыздың көзқұртына айналғаны баршамызға мәлім. Сол жалпақ жонды сары даланы қаһарман ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен аман сақтап, қасықтай қаны қалғанша қорғап келді.

 

   Өзіміз бала күннен ата-апаларымыздың ауызекі әңгіме, жырларынан естіп өскен Алпамыс, Қарақыпшақ Қобыланды, Ер Тарғын, Қарақасқа атты Қамбар батырлар осы туған жерді қорғаудағы ерен ерлік істерімен ел аузында қалды. Сонау 300 жылдық тарихы бар Қазақ-Жоңғар шапқыншылығы кезінде де ерен ерлік көрсеткен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Албан Хангелді мен Райымбек, Сатай мен Бөлектермен бірге Көкшетау өңіріндегі Құлшынбай жотасында құшақтары айқасып, қатар жатқан қаһарман Қарасай батыр Алтынайұлы мен Ағынтай батыр Көрпеұлының ерлігі – ұлтымызға ұран, халқымызға қанатты қағида болып қалғаны да ақиқат шындық.
   Биыл есімі елге танымал, ерлікке толы жолдары жыр сүлейлері, ақиық ақындар Сүйінбай мен Жамбылдың өлмес, өшпес жырларына арқау болған даңқты Қарасай батырдың туғанына 420 жыл толып отыр. Қос батырдың елі мен жерін жаудан қорғау барысындағы өнегеге толы ерлік істері мен құшақтары ажырамаған адал достықтары күні бүгінге дейін үлкен құрметпен айтылады.
   Осыған орай батыр бабамыздың ұрпақтарының бір тобы ортақ мәмілеге келіп, жалпақ жұрттың ұранына айналған Қарасай батырдың басына арнайы сапарлап барып қайтты. Зиарат етушілердің құрамында Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы Саят Жұрын, ел ақсақалы, Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылының тумасы Нұртай қажы Айдынбайұлы, Қазақстандағы «Гюдзу-ру карате Майбукан» ассоциациясының вице-президенті Ермек Зейноллаев, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Манарбек Ізбасаров, «Атырауэкопласт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жабдықтаушысы Алмас Қырғызбаев сияқты баба ұрпақтары болды.
   Екі күнге созылған сапар барысында олар батырлардың басына барып мінәжат етіп, арнайы құрбандық шалып, қос батыр мен олардың төңірегінде жатқан ұрпақтарына және серіктеріне Құран бағыштады. Оларды құрметпен күтіп алған Қарасай және Ағынтай батырлар мемориалдық кешенінің шырақшысы Исамедин Ниязұлы Омар қажы батырлар жатқан атақты Құлшынбай төбесіндегі ғажап ескерткіштің салынуы жайынан біраз сыр шертті. Кесене батыр бабалардың жатқан жайы толықтай анықталғаннан кейін осы жерге 1999 жылы баба ұрпақтарының бірі Қайрат Сатыпалды мырзаның басшылығымен салынған екен. Батырлардың қос кесенесі ғана емес, олардың төңірегінде жатқан үлкенді-кішілі қорымдардың бәрі түгелдей қоршалыпты. Соған қоса Қарасай батырдың осы қорымда жерленген, 1648 жылы дүниеге келіп, 1678 жылы 23 жастарында қайтыс болған қос ұлы Еркін мен Төркіннің басына гранит тастан белгі қойылған. Оған Қарасай бабамыздың: «Өліп көрген жоқпын, одан басқаның бәрін көрдім десем, әлі көрмегенім көп екен ғой…» – деп қос боздағының қазасына қайғырғанда айтқан сөзі ойып жазылыпты.
   Осы қасиетті мекенде 2000 жылдан бері шырақшы болып, қос батырдың басын күзетіп келе жақтан Исамедин қажы бабалар басына келіп тәу етушілерлердің күні бүгінге дейін бір сәтке толастамайтынын айта келе, қанша дегенмен желдің өтінде, арқырай соғатын Арқаның қарлы бораны мен ақ жауынының өтінде тұрған кесененің кірпіштерінің ептеп қожырай бастауына орай мұнда күрделі жөндеу жұмыстарының басталып кеткендігін айтып өтті. Оны Батыс Қазақстан облыстық «Қазрестоврация» акционерлік қоғамының (бастығы Сәдуақас Ағатаев) бастаған құрылысшылары жүргізіп жатқанынан да хабардар етті. Аруақтарға көрсетіліп жатқан мұндай үлкен құрметке зиарат етушілер бүкіл баба ұрпақтары атынан үлкен алғыстарын айтты. 

Өз тілшіміз

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.