Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Сөйлестік басқа бір тілде біз

16.09.2018
РУХАНИЯТ
Сөйлестік басқа бір тілде біз
WhatsAppTelegramFacebook
Қазақ поэзиясы көгінде мәңгілік маздау үшін жаралған бір топ шоқ жұлдызының ең сәулелісі саналған жыр қағаны Жұматай Жақыпбаев қоңыр салқын тартқан күздің алғашқы айында, нақтырақ айтсақ, сонау 1990 жылдың қыркүйек айының 16 жұлдызында бақиға бет түзеген. Содан бері сәулелі ақынның жыр ғұмыры басталды. Елі сүйікті шайырынан айырылса да, оның алмастай өткір, алтындай құнды мұраларын жадына ұстап, өмірінің айнымас темірқазығы тұтты. Әр сәт сайын өлең керуені шеру тартып, поэзия кеші дүркіреп өтсе, соның ішінде жерлесіміздің жақұт жырлары оқылып, тыңдарман мен оқырманды қасиетті жазбадай ұйыта білді. Бұл орайда тамырларға рух бітірген сол жырлардың бір парасын заңғар ақынның өмірден өткен күніне орай зерделі оқырманның назарына ұсынуды жөн санадық.

О, Ләйлә, мұңсызбын демеспін,
 Қайғырса, қанатсыз  емес кім?!
 Бірақ та жынданып кететін
Мен саған Мәжнүн емеспін!
  (Бала күнгі өлеңнен)
 
Қасы да керік, қара алмас көзді, 
              ай қабақ, 
Мойныңа жұқа ал қызыл шарф 
байлап ап.
Алаулап жүзің аса бір асқақ 
нұрменен,
Алыстан тұрдың көз қарасыңмен 
аймалап.
 
Қарадың солай, қарадың солай, 
обал не, 
Қарамадың ба, жоқ әлде?
 
Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай, 
содан көп, 
Керемет бір ой кешікпей маған 
соғар деп, 
Балалық шығар, бармадым сенің 
қасыңа, 
Батырлығым басыма пәле болар деп.
 
Ойладым солай, ойладым солай, 
обал не, 
Қате ойладым ба, жоқ әлде?
 
Қуаныштан күліп, ойым бар 
шалқып билемек, 
Кеттім мен сосын күнәсіз арман 
сүйрелеп. 
Қара шашты бала ақын болып 
тұр екем, 
Қабырғадағы айнаны көрсем 
үйге кеп.
 
Ақын боп кеттім, ақын боп 
кеттім, обал не, 
Болмайын ба, жоқ әлде?
 
***
Тынып ем, тұнайын деп, 
тыныппын ғой, 
Сен мені көрмеген соң 
ұмыттың ғой. 
Жанымда мұң бар еді мың бәлелі, 
Мен соған түсе-түсе құнықтым ғой.
Мен қазір көз салмаймын айналаға, 
Ләйлә дертін жазар деп Ләйлә ғана. 
Елден ерек бұл не бұл? Тәкаппар ұл, 
Көп ойлап, қиялиға айнала ма? 
Бұл мінез ұят болды. Ұят болса, 
Мен енді қашайын ба айдалаға?
Бозбала ақын қай жөнді ес білемін, 
Бір арман көкейімді тесті менің! 
Көрінгеннен сұрадым – көрінбедің, 
Эфирлерден жыладым – естімедің.
 
***
Ханшадай өзін ұстаған,
Қара алмас көзді, бал ерін.
Басынан құс та ұшпаған,
Бұла өскен асқақ жан едің.
 
Қара оқа құсап бұрымың,
Жалтылдап әрбір талы да.
Жарасып барлық қылығың,
Жараспай пенде жаныңа.
 
Көңілің балқып тәтті әнмен,
Кірпігің, қасың дірілдеп.
Өтуші ең жасыл бақтармен,
Өтуші ең шалқи күлімдеп.
 
Жадымда қалды жатталып,
Бек әсем қызыл көйлегің.
Күлуге сол сәт шақ қалып,
Қасыңды керіп сөйлеуің.
 
Жыр болсын басқан ізің де,
Аңыз боп атың әдемі.
Тәкаппар аппақ жүзіңде,
Тарыдай бір мең бар еді.
 
Жаныма бір мұң жетті де,
Жабығып өтті уақытым.
Тарыдай меңде кетті ме,
Таба алмай қойған бақытым?!
 
***
Қиялым едің қаршадай кезден 
жастанған,
Көретін болдым өмірден енді 
түрлі сын.
Сүюден сені жоқ еді менде басқа 
арман,
Қылыққа сол бір қызығып, күліп 
жүрмісің?
 
Күле ғой, жаным, күрсініп 
шыққан өр үнге,
Гәнжәуи жазған жырдағы қызбен 
аттас та ең.
О, Ләйлә, егер болмасаң өзің өмірде,
Басқа мұратты бас қатырсам да 
таппас ем.
 
Арманшыл жанның бәрі де қиял 
мол шақта,
Жандарын өртеп, түсетін шығар 
отты ізге.
Махаббат даңқын шығарар біздер 
болсақ та,
өмірде, мүмкін, сүюден опа жоқ бізге?!
 
Дегенмен, кейде телміртіп әрбір 
асылға,
Жаныңды жұлып, жадағай үміт 
тонайды-ақ.
Басымды сипап басқа бір қыздың 
қасында,
Далаға қарап отырам сосын сені 
ойлап.
 
***
Айыбым болса, кеше жүр,
Асқақтау жердің маралы.
Жырладым сені неше жыл,
Жындантып неше қаланы.
 
Траптан түссең алға аттап,
Тәкаппар, асқақ түрменен.
Қалың ел сені ардақтап,
Қарсы алса деп ем гүлменен.
 
Дүние діні, тілі көп,
Дүрліге жылда той қамдап.
Ләйләның туған күні деп,
Ләйлісе деп ем мейрамдап.
 
Жетпеспін сонау арманға,
Жеткенмен менде құдірет.
Ақынның тілін алған ба,
Ақымақ әлем бір рет?!
 
 ***
Көк орман, орман айнала,
Тек алтын, алтын аңсары.
Талай күн қаңғып тайгада,
Талапты ер әбден шаршады.
 
Шықты алдан тайга бұлағы,
Жүк түсті зілдей арқадан.
Іздеуші келе құлады,
Оқ тиген жандай шалқадан.
 
Қызыл тас бақ та, бақыт та,
Сол тасты іздеп келеді.
Дем алып, шаршап жатып та,
Бұлаққа қарай береді.
 
Мөп-мөлдір – үңіл, үңілме,
Бұлақ та жатыр жасырмай.
Төмпешік әні түбінде,
Тұп-тура қолдың басындай.
 
Тұнба мен батпақ бүркепті,
Алмады тастан жүзін бұл.
Бір сәтте судан жылт етті,
Жылт етті ғажап қызыл нұр.
 
Жанына сол бір нұры ұнап,
Лезде қозып сайтаны,
Батпақтан тасты жұлып ап,
Бар күшпен суға шайқады.
 
Жатыпты-ау мұның жолында,
Жарқ етті жүзін жасырмай.
Сары алтын тұрды қолында,
Тұп-тура бақтың басындай.
 
Сан ғасыр бұлақ аққанмен,
Көрінбей жұртқа алтын да.
Батпақта, суда жатқанмен,
Қалыпты қымбат қалпында.
 
Ешкімге сенен бұрылмай,
Мен сенің нәзік өңіңнен.
Алтынның құйттай нұрындай,
Ғажайып бір нәр көріп ем.
 
Жыр жазып саған шарқ ұрдым,
О, Ләйлә, сен де асыл ең,
Шайғандай жүзін алтынның,
Су емес көздің жасымен.
 
***
Ғажайып сәт неге қысқа сонша, 
әттең, 
Қарадық та қызығына тоймадық. 
Бір көргеннен – жалт қарастық, сол 
сәттен, 
Қара көзбен сиқырлы ойын ойнадық. 
 
Жаңа мінез – жастық өбіп түнімен, 
Жарық таңда жан боп туып үлгілі. 
Шақырымнан қара көздің нұрымен 
«Сенікімін» деп сөйледік бір күні. 
 
Көңіл босап, аяулы боп түріміз, 
Көрейінші деген оймен бір анық, 
Қарыс жерден бірімізге-біріміз 
Жете алмайтын жандардай боп 
жыладық. 
 
Жан толқытып тік керілген қас пенен, 
Ерініңнен үлбіретіп күлкіңді. 
Тұрғаныңда тіл жеткісіз асқақ ең,
Асқақ едің сұлулықпен бір түрлі. 
 
Сол бір сәтті қаншама рет ойладым 
Қаншама рет айттым оны отты 
үнмен?! 
Қара көзбен сиқырлы ойын ойнадым, 
Одан артық қызық көрген жоқпын 
мен. 
 
***
Екеуміз екі дай жолды өттік,
Өрлерге жетелеп от кеуде.
Көп жанға дарыған сергектік,
О, Ләйлә, емге де жоқ менде.
 
Сонда да сен үшін көнем де,
Бұл басқа қилы бір бақ қонса.
Мен жылап жазған бір өлеңге,
Күлді жұрт ішегі қатқанша.
 
Күлді жұрт. Қосыла күлдім мен,
Еріген секілді жеке мұң,
Сол жолы күлдім мен, білдім мен,
Қайғың да қуаныш екенін.
 
***
Кермиығым, мен сені кеш аңсадым,
Қаншама рет тоқтады десеңші әнім,
Ен дәулеттен айырылған сияқтанам,
Еске түссе ессіз күн, есер шағым.
 
Жұтқызбаған жұпарын жалғыз едің,
Жалбыз едің, жанымның жалғызы 
едің.
Кербез күшпен келдің де, билеп 
алдың
Келбетіңмен кеудемнің жанды жерін.
 
Бейнең сенің өңге бір, түсте бір кеп,
Диуаналық жолдарға түскемін көп.
Таусылған соң амалым, тұрам ылғи,
Тағы да бір қиғылық істегім кеп.
 
Іздегенім сен болсаң, таптым қайғы,
Ондай жанға байыздап бақ тұрмайды.
Қисық, қыңыр болса да мен жүрген 
жол,
Бақыт үшін күреске таптырмайды.
 
***
Көк аспан оқалы жіп төкті,
Құйылтып көгілдір бақтарға.
Алаңда билер де бітпепті,
Көп қызық сол күні жатты алда.
 
Тек сырлар кеудеге тұрды енбей,
Уақытша аулақтап іргеміз.
Ат барда жаяулап жүргендей,
Сөйлестік басқа бір тілде біз.
 
Қысылып тұрдым мен, оттар көп,
Жүзімді жандырды, лаулатты.
Жастықта бәйге деп, көкпар деп,
Еш бимен жұмысым болмапты.
 
…Көп өтті содан соң билеп күн,
Есейдім, жалынды күйге ендім.
Сен маған сүюді үйреттің,
Билеуді өзім-ақ үйрендім.

Қатысты жаңалықтар

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар   

Талғам таразысындағы зілмуыр туындылар  

03.02.2026
Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.