Талдықорған: +11°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Басты талап – сапа мен мерзім

Бүгін, 09:30
ЖАҢАЛЫҚТАР, КҮНДЕРЕК, САЯСАТ
Басты талап – сапа мен мерзім
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда салынып және қайта жаңғыртылып жатқан бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, құрылыс жұмысының жағдайымен танысты. Аймақ басшысы оңалту орталығы, облыстық балалар ауруханасы, инклюзивті спорт кешені және креативті орталықтағы жұмыс қарқынын көріп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдымен аймақ басшысы қаланың «Шығыс» шағынауданында салынып жатқан оңалту орталығына барды. «АК Construction» компаниясының жоба жетекшісі Алтынбек Үсенбаевтің айтуынша, ғимараттың негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта ішкі инженерлік желілерді орнату, желдету, жылыту жүйесін тарту және әрлеу жұмыстары атқарылуда. Бүгінде құрылыс алаңында 94 адам еңбек етуде.

Нысанды аралаған Бейбіт Өксікбай- ұлы орталыққа апаратын жол мәселесіне ерекше назар аударды. Ғимаратты келесі жылдың ақпан айында пайдалануға беру жоспарланғанымен, жол құрылысының мамырға дейін созылуы мүмкін екені белгілі болды. Облыс әкімі бұл жағдайды сынға алып, жолы дайын болмаса, орталықтың толыққанды жұмыс істей алмайтынын ескертті. Жауапты тұлғаларға құрылыс пен инфрақұрылым жұмыстарын үйлестіріп, мәселені дер кезінде шешуді тапсырды.

– Бұл – жұмыстың алдын ала дұрыс жоспарланбағанын көрсетеді. Нысанды қыста пайдалануға беру мерзімі белгіленеді. Алайда қыс мезгілінде сапалы жол жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Соның салдарынан жұмыстар мамыр айына дейін шегеріледі. Ал оған қалыпты қатынайтын жол болмаса, дайын нысанды қалай пайдалануға болады? Ғимараттың құрылысы, сыртқы инженерлік желілерді тарту және жол инфрақұрылымын салу жұмыстары қатаң түрде жүргізіліп, барлығы біртұтас кешен ретінде пайдалануға берілуі тиіс, – деді аймақ басшысы.

Бұдан кейін облыстық балалар ауруханасында жүргізіліп жатқан сейсмикалық нығайту және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. 104 орынға арналған үш қабатты медициналық нысанның жалпы ауданы 5,6 мың шаршы метрді құрайды.

Құрылыс жұмысын «MIR-A Construction» ЖШС жүргізетін нысанға 97 жұмысшы мен 9 техника жұмылдырылған. Ғимараттың А және Б блоктарында ішкі әрлеу, есіктерді орнату жұмыстары атқарылуда. Аумақты абаттандыру 90 пайызға, нысанның құрылысы 94 пайызға орындалған.

Жоба бойынша құрылысты биылғы 8 қарашада аяқтау жоспарланған. Алайда облыс әкімі қалған жұмыс көлемін ескере отырып, нысанның белгіленген мерзімде тапсырылуына қатысты алаңдаушылық білдірді. Мердігер мекемеге жұмыс қарқынын күшейтіп, құрылыс сапасын қамтамасыз етуді тапсырды.

Келесі кезекте облыс әкімі Талдықорған қаласының Алматы бағытындағы шығаберісінде салынып жатқан инклюзивті спорт кешеніне барды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған екі қабатты нысан 150 адамға есептелген. Ғимараттың жалпы аумағы 4,1 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ 2004» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта нысанға 43 жұмысшы мен 13 арнайы техника жұмылдырылған. Ғимараттың А блогында қабырғаларды қаптау, ішкі әрлеу, су құбыры мен кәріз жүйесін жүргізу және құрылымдық байланыстарды монтаждау жұмыстары атқарылуда.

Құрылыс барысымен танысқан облыс әкімі жұмыс қарқыны мен сапасына назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы, кедергісіз орта қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес жүргізуді тапсырды.

Жұмыс сапарының соңында Бейбіт Исабаев бұрынғы облыстық көркемсурет галереясының ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта бұл нысан заманауи креативті орталыққа айналдырылуда.

Жобаның тұжырымдамасы мен құрылыс жұмыстарының жоғары деңгейде аяқталғаны туралы Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Рүстем Бершінбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, тарихи ғимаратты түбегейлі жаңғырту қажеттілігі туындаған. Қазіргі уақытта мұнда ғимараттың қасбеті мен ішкі кеңістігі жаңаша сипатқа ие болып, толықтай қайта жаңғыртылуда. Негізгі мақсат – халық шеберлеріне, қолданбалы өнер өкілдеріне, стартап жобалар авторларына және кәсіпкерлікке енді қадам басқан жастарға арналған тегін алаң қалыптастыру.

Бүгінде нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы көлемінің 95 пайызына жуығы орындалған. Қалған жұмыстар қатарында сырлау жұмыстарының соңғы кезеңі мен есіктерді орнату бар. Жаңартылған ғимаратты алдағы бірнеше апта ішінде толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.
«Youthzar» қоғамдық қорының жетекшісі Мәриям Оганян орталықтың ерекшеліктеріне тоқталды. Оның айтуынша, бұл жерде шығармашылық, білім беру, кәсіпкерлік және заманауи ақпараттық технологиялар бір кеңістікке біріктіріледі.

– Орталыққа қуатты компьютерлер мен жасанды интеллект бағытындағы жобаларды дамытуға арналған сервер орнатылады. Келушілер өз жобаларын 3D форматында әзірлеп, оларды іс жүзінде жүзеге асыра алады, – деді Мәриям Оганян.

Орталықта заманауи жабдықтарды пайдалануды үйрететін 3 оқу курсы өткізіледі. Ғимаратта тігін және тоқымашылық шеберханаларына арналған арнайы аймақтар қарастырылған. Ал бұрынғы көркемсурет галереясы үшінші қабатта сақталып, өнер туындылары басқа қабаттарға да орналастырылмақ.

Облыс әкімі орталықтың ішкі жабдықталуы мен құрылыс сапасына назар аударып, қалған жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Имамдар сыннан өтті

Имамдар сыннан өтті

Бүгін, 10:30
Дүниежүзілік банк Каспий мен Арал мәселесін шешуге қолдау көрсетеді

Дүниежүзілік банк Каспий мен Арал мәселесін шешуге қолдау көрсетеді

Бүгін, 10:15
Алакөлде жол сапасына қатысты дау туды

Алакөлде жол сапасына қатысты дау туды

Бүгін, 09:45
Басты талап – сапа мен мерзім

Басты талап – сапа мен мерзім

Бүгін, 09:30
Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

Астанада Президент Жолдауының негізгі міндеттері талқыланды

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.