Талдықорған: +14°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ата жолын қуса игі

16 қыркүйек 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұрпақтың ұлылығы да, мәңгілігі де татулық пен берік бірлікке тікелей байланысты. Оны өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлы бірлік пен ынтымақтың бастауы әулеттердің мызғымас бірлігінен бастау алады.

Қазақстанда көпке үлгі тұтарлық әулеттер өте көп. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, сондай дарабоздардың бірі – Нияз баба әулеті. Тектілікті, даналықты, біліктілік пен білімділікті, батырлық пен батылдықты жансерік еткен, өсіп-өнген Нияз баба әулетінен шыққан көптеген азамат сан түрлі мамандық иесі бола жүріп, Қазақстанымыздың бірнеше ауданы мен облысында жемісті еңбек етіп, көпшілікке қолдан келгенше көмегін тигізіп келеді.
Кезінде Алтынемелге келіп ақсақалдармен амандасып, сырласып, ел жайында, келешек ұрпақ туралы, болашақтың қамы жайында жан-жақты әңгіме қозғаған Нияз бабаның білімін, зерделілігін, алдын болжай білетін көрегенділігін таныған Тезек төре оны өз қамқорлығына алады. Адал еңбекпен айналысқан Нияз баба сол жылдары-ақ ұрпақтарын мал өсіруге, жер өңдеуге баулып, тек қана таза еңбекпен жетістікке жетуге болатынын балаларының жадына құйып отырған. Осындай жан-жақты тәрбие ұрпағының текті болып өсуіне, қалыптасуына ықпал еткен.
Нияз бабадан – Нүсіп, Жүніс, Дәуіт, Құсайын, Сүлеймен атты бес бала тарайды. Бұлардың бәрі де сегіз қырлы, бір сырлы Нияз бабаның ақыл-кеңесін бойына сіңіріп өскендіктен өмірдің небір өткелінен, қатал сынынан сынбай, жасымай өтіп, тұрмысын жақсартқан үстіне жақсарта түсті. 1917 жылғы ақ пен қызылдың қырғынын көрген зарлы заманда Нияз ұрпақтары ешкімге таланды болмады. Ақылға қайраттарын жалғап, бүкіл елін, әулетін қиындықтан аман-есен алып шықты. «Тар жол тайғақ кешудің» небір қияметін бастан өткерді. 1937-1938 жылдары озық ойлы азаматтар жазықсыз жаламен «халық жауы» атанды. Бірақ әділдік пен шындық жеңіске жетіп, олардың бәрі де ақталды.
Өткен ғасырдың 60-70-80-ші жылдары Талғар, Іле, Ұйғыр аудандарының кеңшарлары мен ұжымдық шаруашылықтарын, білім-мәдениет салаларын басқарып, ел құрметіне ие болғандардың қатарында Ыдырыс, Уәли, Сабаншы, Әубәкір, Әділхан, Бақытжан, Науқан, Қалматай, Әлмара, Иген, Сәдуәқас, Саяхат, Қали, Ерлан, Болатбек, Тұржан, Смаил, Рүстем, Мұқа, Дастан, Ғани, Күрішбек сынды азаматтар жүрді. Олардың бәрі де Алматы маңындағы аудандарда ауылшаруашылығын өркендетуге лайықты үлес қосып, Алматы қаласының тұрғындарын етпен, маймен, сүтпен, қымызбен, көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге ұзақ жылын арнады. Нияз бабаның немере, шөберелері бұл күндері өздері тұратын ауыл-ауылды, аудандар мен Алматы қаласының тұрғындарын әртүрлі азық-түлікпен қамтамасыз етуде өнімді еңбек етіп келеді. Атадан балаға жалғасқан осынау асыл үрдісті Нияз әулеті бүгін де жалғастыруда.
Белгілі ұстаз, сексеннің сеңгіріне шыққан ардақты ана Бақытхан Сүлейменованың баспадан шыққан «Бабаларға белгі» атты кітабында Нияз баба әулетінің тарихы, кешкен тағдыры мен жеткен жетістігі жан-жақты зерттеліп, шұрайлы тілмен жазылған. Бүгінгі ұрпақ өткенді терең білсе екен деген игі ниетпен жазылған кітапты оқи отырып, ұрпақтар сабақтастығының жалғасып келе жатқанына дән риза боласың. Өмір дегеніміз, тақтайдай тегіс жол ғана емес, белестер мен қиядан да тұратыны оқырман ойына келеді. Ондай ауыр жолдан мүдірмей өту әркімнің біліміне, қасиетіне, жігеріне, қарым-қабілетіне байланысты. Кітапты оқыған әрбір оқырман өзіне қажетті рухани азықты молынан алатынына сенім зор.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының бір саласы тарихты жетік білу, өткеннен тәлім-тәрбие алу, жақсыдан үйреніп, жаманынан жирену екені анық. Олай болса, бұл кітап та сол Рухани жаңғыруға қосылған бір мысқал қазына десек болғандай.

Садық Жұмабай
Жаркент қаласы,
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Текелідегі қоймаларда қанша тонна көмір бар?

Текелідегі көмір қоймаларында қанша тонна көмір бар?

Бүгін, 11:45
Алғыс арқалаған жандар

Алғыс арқалаған жандар

Бүгін, 11:30
Елдегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары

Елдегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің даму бағыттары

Бүгін, 11:15
Қазақстанда күн суытады

Ауа райы: Қалың қар, үсік және төтенше өрт қаупі бар

Бүгін, 10:45
Имамдар сыннан өтті

Имамдар сыннан өтті

Бүгін, 10:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.