Талдықорған: +17°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

«Тарлан» таланттарды шыңдайды

29 тамыз 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
«Тарлан» таланттарды шыңдайды
WhatsAppTelegramFacebook

Үшарал қаласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлеріне арналған «Тарлан» атты әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа спорт кешенінде спорттың бокс, күрес, дзюдо, таэквондо, ауыр атлетика және футбол түрлерімен айналысуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Жергілікті тұрғындардың қуанышын бөлісуге облыс әкімі Амандық Баталов арнайы келді.
– Жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына орай барша Алакөл ауданының тұрғындарын құттықтаймын. «Туған жер»  бағдарламасы аясында сіздердің жерлестеріңіз Сауат Мыңбаев есімді азамат өз қаражатына дәл осындай зәулім кешен тұрғызып берді. Бұл игі іс аудан тұрғындары үшін спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға жаңа мүмкіндіктер ашады. Алакөл ауданының соңғы жылдары қарыштап дамып келе жатқандығы көңіл қуантады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін біз барлық күш-жігерімізді салып, еңбектенудеміз. Мәселен, 2014 жылы Алакөлде демалушылар саны 140 мың адам болса, биыл көлге келіп, демалып қайтқан азаматтардың саны миллионнан асты. Бұл – атқарылып жатқан жұмыстардың жарқын нәтижесі. Осы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінен Алакөл ауданын әлемге танытатын жаңа чемпиондардың жаттығып шығарына сенемін, – деді  А. Баталов.
Осыдан кейін жиналған көпшілікті бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев та құттықтады. Ғимараттың лентасы қиылып, қонақтар мен қала тұрғындары кешеннің ішкі құрылымымен танысты.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 500 млн. теңге жұмсалған. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың сәуірінде басталған болатын. Құрылысты жүргізген – «BB Company» ЖШС. Тапсырыс беруші «Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі. Ғимараттың ауданы – 1100 шаршы метр, ал кешеннің жалпы аумағы – 6000 шаршы метр. Түрлі спортқа бейімделген залдардан бөлек, жаттықтырушылар мен дәрігерлер бөлмесі, киім ауыстыру және жуыну бөлмелері қарастырылған. Футбол алаңы мен «Street workout» қалашығы кешенге жапсарласа орналасқан.
Айта кету керек, бүгінгі күні өңірде 3 мыңнан астам спортпен шұғылданушыға арналған зал мен 37 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда Алматы облысының Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Кербұлақ және Алакөл аудандарында жалпы саны 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған. Сондай-ақ, Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласы мен Шамалған ауылында, Талғар ауданының Талғар қаласында, Райымбек ауданының Кеген ауылында, Ақсу ауданының Жансүгіров кентінде спорттық кешендер құрылысы жүріп жатыр.
2019–2021 жылдар аралығында Алакөл ауданы Достық ауылында, Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде, Райымбек ауданының Нарынқол ауылында, Балқаш ауданының Бақанас ауылында, Іле ауданының Байсерке ауылында, Көксу ауданының Балпық би кентінде де дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынатын болады.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Жаратылысы бөлек Жарасқан

Бүгін, 09:00
Өркендеудің өзегі

Көңіл тоғайтатын құжат

7 қараша 2026
Қызылағашта трассалық медициналық-құтқару пункті бой көтеруде

Сапалы медицина – салауатты қоғам негізі

7 қараша 2026
Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

Қазақстан Тәжікстанның ірі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді

7 қараша 2026
Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

Тоқаев Тәжікстанмен стратегиялық серіктестікті нығайту мәселесін талқылады

7 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.