Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Туристерге киіз үй тігілді

12.07.2018
КҮНДЕРЕК
Туристерге киіз үй тігілді
WhatsAppTelegramFacebook

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында туристерді қабылдайтын этноауыл ашылды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының Қазақстандағы бөлімшесінің қолдауымен құрылған арнайы орын қазақтың алты қанатты киіз үйлерінен тұрады. Бұл – Астананың 20 жылдығына жасалған тамаша тарту.

Бір жыл бұрын БҰҰ бір топ өкілі осында арнайы келіп, қола дәуірінен қалған баға жетпес мұралармен танысқан болатын. Сонда аталған ұйымның ТМД және Еуропа  елдері бойынша аймақтық бюросының директоры, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Джихан Солтаноглу мұнда бірінші рет ат ізін салғанын, «Таңбалы» қорығының болашағы зор табиғи жәдігер ретіндегі маңызын бағалап, мұражай басшылығының этноауыл ұйымдастыру туралы ұсынысын қолдайтынын жеткізген еді. Бұл бастама көп ұзамай қолдау тауып, «Таңбалы» мұражайы БҰҰ Даму бағдарламасының 13 млн. 597,5 мың теңге грантын иеленді. Сол қаржыға әрқайсысы алты қанатты бес киіз үй алынып, этноауылды және осындағы күзетшілер үйін электр қуатымен жабдықтау үшін күн сәулесі мен желден қуаттанатын 5 киловаттық дербес электрстансысы орнатылды. 
Аңырақай жазығының шатқалды шетінде қаз-қатар тігілген біркелкі ақшаңқан үйлер алыстан көзге шалынады.  Есте жоқ ескі заман жәдігерлерін тамашалау үшін оңтүстік астанадан батысқа қарай 170 шақырымды еңсеріп, осынау ашық аспан астындағы қорық-мұражайды тамашалауға келетіндер енді алдымен осында аялдап, таңбалы тастарға саяхатын қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен танысудан бастайтын болды. Керегелі киіз үйлердің іші ұлттық бұйымдармен жабдықталған. Сонымен қатар, мұнда ұлттық тағамдардан дәм татып, демалатын мүмкіндік те қарастырылған.
БҰҰ Даму бағдарламасының биоалуантүрлілік пен экожүйелерді сақтау жобасы аясында жүзеге асырылған этноауылдың салтанатты ашылуына жан-жақтан жиналғандар туристерге жасалған осындай жайлылықты сөз етіп, ЮНЕСКО-ның  әлемдік мұралар тізіміне енгізілген «Таңбалы» қорық-мұражайының адамзат үшін маңызына,  халықаралық ұйыммен біздің елімізде бірлесе жүзеге асырылып жатқан басқа да жобаларға тоқталды. Бұл орайда аудан әкімі Бағдат Әлиев сөз бастап, БҰҰ үйлестірушісі және Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Шимомура Норимаса мырза, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттері бойынша өкілі, кластерлік бюро директоры Пиккат Криста ханым,  ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов, «Қазақ Туризм» Ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев, Венгрияның Қазақстандағы елшілігінің бас консулы Юдит Ланг ханым жылы лебізін білдіріп, этноауыл лентасын қиды. 
Аудан әкімі Бағдат Әлиев мұражай жұмысын қолдаған халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс білдірді. «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Абай Сәдуақасұлына, киіз үйлерді жабдықтаған аудандық «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық ұйымының төрайымы Галина Әлжановаға БҰҰ тарапынан Алғыс хат тапсырылды.

Серік САТЫБАЛДИЕВ
Қарабастау ауылы,
Жамбыл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.