Талдықорған: +10°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Халық мұрасының шырақшысы

10 шілде 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыдағы «Ғылым ордасы» кітапханасының мәжіліс залында белгілі ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлібековтің шығармашылығына арналған  «Ұлттық қолжазба мұра және оның өзекті мәселелері» атты «дөңгелек үстел» өтті. Оған қаланың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен ақын-жазушылар, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Ғылыми кеңесті ашып, жүргізген М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижан өзінің кіріспе сөзінде мерейтой иесі Тоқтар Әлібековтің асқаралы алпысқа үлкен абыроймен жетіп отырғандығын тілге тиек етті. Ғалымның ұлт руханиятына қосып келе жатқан сүбелі үлесіне жан-жақты тоқталды.
Тоқтар Кесімұлы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қабырғасында қызмет еткен ширек ғасырдан астам уақытта аға лаборанттан бастап бөлім меңгерушісі лауазымына дейін көтерілді. Елімізге белгілі әдебиет зерттеушісі, фольклортанушы, текстолог ретінде мәлім.
– Ғалымның қазақ халқының рухани қазынасын толықтыруға сіңірген еңбегі ерен. Бүгінге дейін оның жеке және өзге де авторлармен бірлесе зерттеген 150-ге жуық еңбегі ел игілігіне айналуда. Сондай-ақ, ол «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған «Бабалар сөзі» жүз томдығын құрастыруға белсене атсалысты. Қазақ әдебиеті тарихындағы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы жазған ғылыми еңбектерінің өзі бір төбе, – деді Уәлихан Қалижанұлы.
Бұдан кейін көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрлан Оразалин ғылым жолының инемен құдық қазғандай қиын жол екенін сөз етті. Шаң басқан архивтерді ақтарып, бабалар мұрасын қайта жаңғырту асқан төзімділік пен қажыр-қайратты қажет ететінін тарқатты.
– Бүгін біз қазақ дейтін халықтың арғы-бергі тарихын бір ізге салып келе жатқан киелі шаңырақта бас қосып отырмыз. Тіл, әдебиетті зерттеу – күрделі сала. Міне, осы жолда талмай еңбек етіп келе жатқан Тоқтар бауырымның жеткен жетістігі аз емес. Бірде Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай ақын шығармашылығы жайында мақала жазу керек болды. Шыны керек, сөз зергері туралы Жамбылдың жырларынан, Сұлтанғали Садырбаев пен Рахманқұл Бердібаевтың естеліктерінен бір кісідей таныспын. Бұдан басқа да құнды деректер табылып қалар деген оймен Тоқтарға хабарласқанымда, ол менің поштама Сүйінбай туралы жазылған 500 беттен тұратын кітаптың электрондық нұсқасын салып жіберіпті. Осы еңбектерді оқи отырып мен Сүйінбай ақынға қатысты мол деректерге қанықтым. Тоқтардың терең білім иесі екеніне Құланаян Құлмамбет туралы монографиясын оқығанда тағы да көзім жетті. Сондай-ақ, Албан Асан, Бөлтірік шешен, Көдек ақын шығармаларына да ерекше ден қойғандығы оның халқымыздың асыл мұрасына адалдық танытқанының айқын көрінісі, – деді Нұрлан Мырқасымұлы.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмат Тілепов,  Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубеков, тағы басқа өнер және мәдениет қайраткерлері ғалым еңбектерін жан-жақты саралады. 
Сондай-ақ, жиында Тоқтар Әлібековтің «Ойтамызық», «Халық әдебиеті және тарихи жад» атты екі кітабының тұсауы кесілді. Мерейтой иесін құттықтауға жерлестері де арнайы келіпті. Ұйғыр ауданы, Кетпен ауылдық округінің әкімі Берік Шаймухаев аудан әкімінің ыстық сәлемін жеткізіп, ғалымға ауданның Құрметті азаматы атағын салтанатты түрде табыс етті.

Болат МӘЖИТ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30
Ел егемендігі – эссеге арқау

Ел егемендігі – эссеге арқау

Бүгін, 17:07
«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

Бүгін, 16:55
Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.