Талдықорған: +10°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

Ғасыр жүгін көтерген

26 маусым 2018
РУХАНИЯТ
Ғасыр жүгін көтерген
WhatsAppTelegramFacebook

Асқар таудың ұшар басындағы қызыл тасқа таңбасын қашап басқан текті жұрттың толымды тарихын қазыналы туындыларымен кемелдендіріп жүрген қайраткер-қаламгерлерге алтын ұстахана ретінде танылып, ғасыр тынысын еркін алған облыстық «Жетісу» газеті – абыз басылым. Нығыз абыздың кенді кеудесіндегі шалқымалы хаттар, зор зобалаңды шынайы суреттеген әрі ширек ғасырлық жайдарман жаңалықтарды шырайлы сипаттаған шырайы мен мазмұны, мәні бөлек туындылар ата басылымның айтулы шағында кітап болып хатталып, зерделі оқырманға ұсынылғалы тұр. Біз сүйіншілеп отырған ол жинақ – «Ғасыр-ғұмыр» деп аталады.

Ғасыр-ғұмыр» энциклопедиялық жинағы – «халықтың құлағы, көзі һәм тілі» ретінде танылған «Жетісу» газетінің бай тарихынан сыр шертер туынды. Кіріспесі Елбасының рухты сөзімен әрі облыс әкімі Амандық Баталовтың лебізімен басталатын жинақтың көтерер жүгі батпан. Бұл қазақ руханияты айдынына қосылған арналы өзен десек әспеттеу мен әсірелеу сипаттарына бой алдырғанымыз емес.
Алаш үшін күрескен арыстардың рухынан дүр етіп оянған басылымның саф болмысты бекзаттары салып кеткен сара жолды соқпаққа айналдырған, ақпарат айдынында ағартушылық пен ақпарат таратушылық міндеттерді көркем түрде ұйымдастырып жүрген халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ата басылымның бас редакторы Әміре Әріннің «Темірқазық» атты мақаласымен беташары ашылған «Жылдар мен Жолдар» атты алғашқы бөлімде газеттің шырайлы шежіресі бедерленіп, бұрынғы бас редакторлардың өмірбаяны, олардың газетке қосқан үлесі мен ерен еңбектері қасиетті қаламға арқау болған.  
Билік пен бұқара арасына бір ғасыр алтын көпір бола білген басылымның тың туындысының екінші бөлімі – ««Жетісуым» ойымда, бес қаруым бойымда» және «Ұмытылмас есімдер» деген тақырыппен айшықталып, Қазақстанның Құрметті журналистері Мамадияр Жақып, Жақыпжан Нұрғожаев, белгілі жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай сынды марғасқалардың газет жайлы естеліктері және әңгімелері берілген. Сонымен қатар қос өрім: «Жетісу» мен «Жерұйық» сынды бөлімде арналы екі басылымның тоғысып бір айдынды құрауы әңгіме өзегі болса, «Қалам мен қарымда» ата басылым журналистерінің шырайлы шығармалары бедерленген. Бесінші бөлімде «Жетісу» газеті жайлы жыр толғаған шайырлардың өміршең өлеңдері басылып, «…Деген екен» айдарымен айшықталған тараушада ата басылым қызметкерлерінің басынан өткен қызықты оқиғалары оқырман назарына ұсынылды. Ғасырлық басылымның қызметкерлерінің тізімімен руханиятқа қосылған толымды еңбек қорытындыланған-ды.
Қарыс маңдайына қасиетті сөз өнерінің иесі болу жазылған саф болмысты тұлғалар мен арыстардың жаққан шырағын маздатып, арналы басылымды шалқар айдынға айналдырған қаламгер журналистердің «Жетісу» газетінің «Ғасыр-ғұмыр» атты энциклопедиялық  жинағы барша оқырманға арналған. Тың туынды арыстардың бет-бейнесі мен тұлғалық болмысын сомдаған, портреттерін ашқан, жүзжылдық тарихымызды безбендеп, ата басылымының ел үшін жасаған ұлы істерін танытуымен оқырманға құнды. 

«Жетісулықтар»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

Бүгін, 17:37
«Ақша аудармаңыз»: Мемкірістер комитеті қазақстандықтарға ескерту жасады

Мобильді аударымдарды тексеру шегі өзгерді

Бүгін, 17:30
Ел егемендігі – эссеге арқау

Ел егемендігі – эссеге арқау

Бүгін, 17:07
«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

«Ең соңғы оқырман қалғанша…»

Бүгін, 16:55
Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Инклюзивті білім беруді дамытудың жаңа кешенді жоспары қабылданды

Бүгін, 16:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.