Талдықорған: +9°C
$ 452.91
€ 509.43
₽ 5.53
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТӨРТ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

25 маусым 2018
КҮЛТӨБЕ
ТӨРТ ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

   Жер жаннаты Жетісу жерінде тағы бір үлкен шараның түңлігі түрілді. Өткен жылы Атырау қаласында бірінші рет ұйымдастырылған «Асар» республикалық форумы биыл Талдықорған қаласында жалғасын тауып отыр.

 

   Маңыздылығы жағынан берері көп, мағынасы терең үкіметтік емес ұйымдар – бизнес – мемлекет үшжақты ынтымақтастық «ASAR» ІІ республикалық форумына елімізден және шетелден он төрт сарапшы келді. Бірінші күні жастар ресурстық орталығында ашылған форум пленарлық түрде өрбіді. Жалпы форумға 300-ден аса адам тіркелген. Пленарлық кеңесте сарапшылар өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, келген қонақтарға мемлекеттің дамуындағы үкіметтік емес ұйымдардың рөлі және бизнес пен мемлекет арасындағы келісім мен ынтымақтастықты қалай орнату керектігі жайлы ақыл-кеңестер айтып, қызығушылардың сауалдарына жауап берді. Одан кейін көрме павильонында жалғасын тапқан форум кең көлемде өтті.
Оған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және бизнес қауымдастық пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. Жиынды ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев ашты. Ол өз сөзінде форумның қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу үшін ҮЕҰ, мемлекет және бизнестің ынтымақтастығына тиімді, сұранысқа ие және креативті диалог алаңына айналатынына сенім білдірді. 
   Форум «Әр жылы – жаңа өңір» қағидасы бойынша өтуде. 2017 жылы алғашқы форум Атырау қаласында өтсе, биыл Талдықорған қаласы таңдалған. Бұл туралы министр: «Алматы облысы үкіметтік емес ұйымдар Жергілікті қоғамдастық қорын құру бойынша арнайы жоба әзірлеген және оны тәжірибе жүзінде іске асырған еліміздегі алғашқы өңір», – деп атап өтті. Мұнан соң форум қатысушыларына сәтті қадам тілеген облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қысқаша тоқталып, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамды ілгерілетудегі рөліне баса назар аударды. Шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлініп отырғанын айта келе мемлекет пен бизнес-қауымдастықтың ынтымақтастық байланысын атап өтті.
   Сонымен қатар, «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтың қосқан үлесі» тақырыбында өткен форум шеңберінде еліміз бойынша ҮЕҰ-лардың 8 жобасы, соның ішінде облыстағы осындай ұйымдардың құны 4,6 млрд. теңге болатын 4 әлеуметтік жобасы мақұлданды. Нақтырақ айтқанда, Талдықорған қалалық «Қамқор» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ұсынған «Шексіз би», «Қарасай ауданынан «Балатай» ҚБ-ның «Мұраны дамытамыз – туризмді және өзімізді дамытамыз» жобасы, Кербұлақ аудандық «Қамқор» мүгедектер қоғамы» ҚБ-ның «Мүмкіндігі шектеулі және ДЦП-мен ауыратын балаларға арналған оңалту орталығы» жобасы және Көксу аудандық «Үш ұрпақ» ҚБ-ның «Үш ұрпақ» жобасы. Барлық жобалар жергілікті бизнес-қауымдастық тарапынан қолдау тапты.
   Пленарлық кезеңде «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қоғамдастықтары» қорының атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева өзінің он жылдан астам осы жұмыспен айналысып келе жатқандығын айтты. Онда ауданда құрылған үкіметтік емес ұйым осы уақыт ішінде 50-ден астам жобаны іске асырған. 2013 жылы қор Шелек кентінде инновациялық Агробизнес орталығын ашқан. Бақытгүл Елшібаеваның айтуынша, мемлекет пен үкіметтік емес ұйым және бизнестің арасын жақындастыру арқылы көптеген шаруаны іске асыруға болады. Әсіресе ауылды жердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруде біршама істің атқарылатындығын атап өтті. 
   Ал «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілі Эльдар Жұмағазиев «Биыл көптеген жоба іске асырылуда. Мәселен «5 мың ауылға 5 мың қамқоршы», «Әр ауылдың қамқоршысы» деген жобалар іске кірісіп кетті. Мұның барлығы мемлекет пен бизнес өкілдерінің арасына тығыз байланыс орнатып, халықпен бірлесе іске асып отыр», – деді.
Мысалға, форум басталардан бірнеше ай бұрын арнайы сайт құрылып, оған еліміздің түкпір-түкпірінен жүздеген әлеуметтік жобалар жолданған болатын. Солардың ішінде 141-і іріктеліп алынса, соның 30-ы Алматы облысынан. Форум аясында соның ішінде аса ірі саналатын 8-і бизнес қауымдастығы тарапынан қолдау тапты. Іріктелген жобалардың қалған 133-іне бизнесмендерді тарту ісі жыл бойы жалғаса беретін болады.
   Облыста қазіргі кезде 415 үкіметтік емес ұйым бар. Өткен жылы әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстарды орындауға облыста 414,5 млн. теңге бөлінді, оның 100,0 млн. теңгесі ҮЕҰ-ларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, өткен жылы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Консалтинг орталығы ашылды. Орталық жұмысын жүйелендіру мақсатында 2018-2020 жылдарға 60 млн. теңге қарастырылған.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Бүгін, 11:18
Ізі айқын, жүзі жарқын

Ізі айқын, жүзі жарқын

Бүгін, 11:00
Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Кербұлақта алты ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

Бүгін, 10:26
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет

Бүгін, 10:10
Ел дамуының бағдары

Ел дамуының бағдары

Бүгін, 09:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.