Талдықорған: +18°C
$ 463.41
€ 546.27
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Менингитпен күрес күшейеді

07.06.2018
ДЕНСАУЛЫҚ
Менингитпен күрес күшейеді
WhatsAppTelegramFacebook

Жасыратын не бар, қазір әлеуметтік желіде менингит инфекциясы туралы ақпараттар өріп жүр. Жыл басынан бері осы оқиғаға байланысты елімізде 58 сырқат тіркелген. Менингитпен ауырғандар саны, әсіресе, Алматыда көп кездесуде. Осындай деректер облыста да орын алып отыр. Тіпті бұл дерттен көз жұмғандар да жоқ емес.

Талғар ауданы. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жетісу өңіріне арнайы келді. Министр ең алдымен Талғар ауданында, ондағы орталық ауруханада болды. Емдеу орындарын аралады. Құрал-жабдықтарды қарады. Дәрігерлік талаптардың орындалуына зер салды. Нәтижесінде көптеген жайға қанықты. Стандартқа сай келмейтін кейбір кемшіліктерді де кездестірді. Бәріне өзінің бағасын беріп, олқылықтарды сын тезіне алды. Әсіресе, менингитпен ауырған адамды ажалдан құтқару үшін толық дәрежеде күресе алмаудың не үшін орын алғанын анықтау қажеттігін айтты.
– Сіздерде бұқаралық ақпаратқа жіті көңіл бөлінбей келген. Аудандағы бас дәрігердің сайтын, интернет қызметін тиімді етіп пайдалануға неге болмайды? Егер халық жағдайды күні бұрын дұрыс түсінсе, күмәнді сұрақтар да тумайтын еді. Профилактикалық шараларға жіті мән берсек, тұрғындардың аурулардан қорғанатын қабілеттері де артады. Сонымен қатар, менеджменттік қызметті дұрыс жолға қойғандарыңыз жөн.
Екінші айтарым, штаттық бірліктегі бас дәрігердің төрт орынбасарының екеуі артық. Менің ойымша, олардың орнына білікті, білімді мамандар алсаңыздар көп нәрседен ұтасыздар, – деді Елжан Біртанов.
Аудандық ауруханада ағымдағы жағдайға байланысты шұғыл шаралардың да қолға алынып жатқаны белгілі болды. Жұқпалы ауруға дер кезінде ем көрсететін бөлімшенің ашылғанын естідік. Аудандық орталық аурухана Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, ортақ меморандумға қол қойды. Осыған орай, науқастар енді Қаскелеңге сабылмай, бірден Алматыдағы жұқпалы ауруларға арналған емханаға орналасады.
Ауданда кез келген аурумен күрес жүрізуге мүмкіндік мол. Олай дейтініміз, өңірде 35 емдеу-профилактикалық мекеме жұмыс істейді. 3 аурухана, 12 амбулатория, 11 фельдшерлік, 9 дәрігерлік қосын бар. Егер мұның бәрін дұрыс үйлестірсе, ол – үлкен күш.
Министр әріптестеріне нақты тапсырмалар берді. Ең басты міндет – халықтың денсаулығын қорғау екеніне айрықша тоқталды. Жауапкершілік арқауын босатып алмау қажеттігін айтты. Ал ауруға қарсы күрес бір іссапардың аясымен шектелмейді. Ол – жыл он екі ай тоқтаусыз жүретін профилактикалық шара.
Қарасай ауданы.  Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  келесі  күні  Қарасай ауданына келді. Министрдің ауданға сапары кезінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар және аудан әкімі Жандарбек Далабаев бірге жүрді.
Министр Қаскелең қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында және аудандық орталық ауруханада істің жайымен танысты. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасындағы жағдайдың сын көтермейтіні белгілі болды. Аурухана 1975 жылы құрылған, ал ғимараты 1934 жылы салынған. 1990 жылы жаңадан балалар корпусы пайдалануға беріліпті. Мемлекеттік емдеу мекемесін 1993 жылдан бері Жәнібек Ботбаев басқарып келеді. Аурухана 2000 жылдан облыстық мәртебесін сақтай отырып, «Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» болып аталады. 120 орынға арналған, оның жартысы үлкендерге, жартысы балаларға бөлінген, алты төсек интенсивті терапия үшін. Мұнда іш аурулары, бруцеллез, гепатит, ауа тамшыларымен жұғатын аурулар бөлімшелері бар. Аурухана ішін аралап, емделушілерді тыңдаған Елжан Амантайұлы сырқаттардың дұрыс ем алуына тиісті жағдай жоқ екеніне көз жеткізді. 
Министр аудандық орталық аурухананы аралауды қабылдау бөлімінен бастады. Кейінгі күндері мұнда менингитпен ешкім түспепті. Ауданның бас дәрігері Ербол Сәрсенбаевтың айтуынша, орталық аурухана қарамағында 345 төсектік орын бар, оның 290-ы осында, қалғандары Шамалған ауылы және Шамалған бекетіндегі селолық ауруханаларда. Қабылдау қалай жүргізілеріне ден қойып, интенсивті терапия палатасында болған ол мұндағы жағдайдың дұрыс екенін білді. “Жұқпалы аурулар мұнда да емделеді. Онда неге осында жүгінген ауруларды қызмет сапасы бұдан төмен ауруханаға жібереді?” деген сұрақ қойды. Қабылдауды тәулік бойы жүргізуді тапсырып, аудандық аурухананың өзінде жұқпалы аурулар бөлімін ашудың мүмкіндігіне назар аударды. Егер оған мүмкіндік болса, тозығы жеткен аурухананы жапқан жөн екенін жеткізді. 
Министр, сондай-ақ, тіркеу бөлімінің жұмысымен танысып, медицина қызметкерлерімен тілдесті. Тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында емдеу орындарына бекітудегі істің жайын, халық пен учаскелер санын сұрап білді.
Емхананың екінші қабатында сараптамаға қан алатын екі кабинет алдында кезекке тұрғандарға қызметтің бұл түрін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде «Олимп» зертханасының мамандары көрсетеді екен. Министр бұл жұмысты жөнге келтіріп реттеуді, цифрландыру аясында электронды кезек ұйымдастыру мәселесін ойластыруды тапсырды. Қан алуды сағат сегізден емес, адамдар жұмысына үлгеру үшін алтыдан бастауды ұсынды. 
Сапар соңында министр ескі ауруханадағы жүктемені азайтып, орталық аурухананың жұмысын күшейту мәселесін бір апта мерзімде шешуді, айтылған сын-ескертпелерді түзеуді тапсырды.
* * *
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі  Елжан Біртанов  Алматы және Алматы облысына іссапарының қорытындысында  журналистермен брифинг өткізді. Министр профилактикалық шаралар жүзеге асырылғанымен әлі де кемшіліктердің орын алып отырғанын жасырған жоқ.  
– Бүгін таңнан бері Алматы облысы мен Алматы қаласының біраз медицина мекемелерін араладым. Кемшіліктер бар. Ол жайында бірден жауапты мамандарға айтып, ескерту жасадым.  Медициналық көмек көрсетудің өткен жылы енгізілген стандарттары орындалмаған, – деді Елжан Біртанов. 
Журналистердің көпшілік тарапынан айтылып жатқан сын-ескертпелер жайлы сұрағына жауап берген Денсаулық сақтау министрі сын-ескертпені қабылдайтынын, жауапкершіліктен қашпайтынын жеткізді. Сөз соңын министр:  
– Соңғы кезде уақытпен санаспай, күн-түн демей жұмыс істеп жатқан дәрігерлер қауымына алғыс айтамын. Өзекті мәселелер бар, бірақ олар біздерге – шенеуніктерге қатысты. Шара барысында бізге ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген журналистер қауымына ризашылығымды білдіремін. Олар  ауру жайында түсіндірулер жариялап, қауіпсіздік шараларын  халыққа айтып, жеткізуде, – деп түйіндеді. 
 
Болат Мәжит,
Серік САТЫБАЛДИЕВ,
Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсімінде сөз сөйледі

06.05.2026
ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

ҚТЖ қарызы триллионнан асты: Тариф тағы қымбаттай ма?

06.05.2026
Қазақстанда ерлердің саны қанша?

Қазақстанда ерлердің саны қанша?

06.05.2026
Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

Мария Фролова. «Жетісуды» сағынатын боламын

06.05.2026
«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

«TURGYNDAR AMANATY»: Кешенді тәсіл – орнықты болашықтың кепілі

06.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.