Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Алаштың тойы

05.06.2018
САЯСАТ
Алаштың тойы
WhatsAppTelegramFacebook

«Көрінген таудың алыстығы жоқ»  дегендей, Астананың жиырма жылдық мерейтойы да жақындап қалды. Ақынның тілімен айтқанда «Көкті сүйген көркімен таңғалдырған, Көңілінде көргеннің ән қалдырған» ару шаһардың думаны ұлан-асыр дүбірге ұласпақ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айының басында бас қаланы одан әрі дамытуға арналған мәжілісте: «Бұрынғы Ақмола қаласының төңірегі қандай болғаны бәрімізге белгілі. Жаңа қаланың орны мидай дала еді. Қазір қаланың осылай дамығанына өзім де таңғаламын. Біз ата-бабамыздың арманын орындап, Сарыарқаның төрінде ел ордасы – Астананы салдық. Дүние жүзі тамсанып, таңғалатын шаһарға айналдырдық. Елордамыздың 20 жылдық мерекесін барлығымыз бірлесіп атап өтуіміз қажет. Бұл – елдің қуанышы», – деген болатын. 

Бас қаланың торқалы тойына еліміздің облыстары тарту жасап, Елорданың сәулетіне қолтаңбаларын қалдыруға ниет білдіріп жатқанын айта кеткен жөн. Осыған байланысты Президент облыстар қала тұрмысына қажетті нысандар салуға көбірек көңіл бөлуі қажеттігін айтты. Осы арқылы қаржыны ел игілігіне жаратуды меңзеді. «Мерекені бәріміз жақсы көреміз. Мен барлық облыстың шараға атсалысқысы келетінін білемін. Оның бәрі бір арнамен, барынша тиімді жолмен ұйымдастырылуы керек. Облыстарға тым салмақ салудың қажеті жоқ шығар, дегенмен Елордаға тарту алып келгендер болса, орнымен жасалуы керек. Жай ескерткіш емес, қалаға пайдалы көше, сквер, саябақ, қандай да бір нысандар салынғаны дұрыс. Жұмыстың ең маңызды тұсы – көрінбейтін жағы. Мәселен, сумен қамту, жылумен қамту, қоқысты тазалау сияқты жұмыстар. Ол бір қарағанда байқалмайды, көрсетіп мақтана алмайсың»,– деген болатын Елбасы.  
Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қалалық әкімдігі және басқа да мемлекеттік органдар мұрындық болатын 645 шара өткізілуі тиіс. Бұлардың қатарында ресейлік Мариинский театрының гастрольдік сапары, халықаралық «Канн кинофестивалі – 2018» аясындағы қазақ киносының апталығы, Нью-Йоркте өтетін Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік музей қорындағы картиналардың көрмесі сынды шаралар бар. А. Мұхамедиұлы айтып өткендей, 15-16 маусымда өтетін «Voice of Astana» эстрада әндерінің халықаралық фестивалі де көлемді жобалардың санатында. Бұл мәдени жиынға әлемдік супержұлдыздар шақырылмағанымен, жарық пен дыбыстың сапалы болуының өзі арзанға түспейді екен. Бір атап өтерлігі, музыкалық бағыттағы шаралардың барлығында отандық музыка өнерін, композиторларымыз бен жұлдыздарымыздың шығармашылығын насихаттауға баса көңіл бөлінеді. «Біз биыл фестивальдің алғашқы күнін «А-студио» тобының жетекшісі Байғали Серкебаевтің 60 жылдығына арнағымыз келіп отыр. Екінші күнін Батырхан Шүкеновті еске алуға арнаймыз. Валерий Меладзеден бастап, Леонид Агутин, Кристина Орбакайте сынды танымал өнер жұлдыздарының барлығы Батырханның достары ретінде осы концертке қатысуды парыз санайды», – дейді министр. 
Мерейтой бағдарламасына көз жүгіртсек, 1 шілдедегі «Қазақстан барысы» республикалық қазақша күрес турнирі, 1-5 шілде аралығында өтетін XIV халықаралық «Еуразия» фестивалі, 7-13 шілдедегі І халықаралық «Wide World» театрлар фестивалі, 25-29 маусым күндері өтетін «The Spirit of the Dance» этностық музыка мен халық биі фестивалі, халықаралық ақындар айтысы сынды ауқымды мәдени шаралар легі толастамайды. «Wide World» театрлар фестивалі аясында халықаралық симфониялық оркестр сүйемелдейтін Карл Дженкинстің «Chune Astana» одасының салтанатты премьерасы, «Опералия» фестивалінің бағдарламасында Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсы қойылатынын атап өткен лазым.  
Жыл сайын маусым айының орта шенінен бастап қала күнін тойлау қыза түсетіні белгілі. Биыл мерекелік шаралардың легі, шаһардағы мерекелік көңіл-күй бірер аптаның аясында саябырлап қалмай, жаз бойы толастамауы тиіс. Бұл елордалықтар үшін де, Астанаға жазда қыдырып келетін меймандар үшін де ыңғайлы болары сөзсіз.  

Асхат РАЙҚҰЛ
Астана

 

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.