Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

МЕРЕЙДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

25 мамыр 2018
АЛТЫН ТҰҒЫР
МЕРЕЙДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ
WhatsAppTelegramFacebook

   Сүйінші! Ресейдің Благовещенск қаласында «Амурдағы чемпиондардың шайқасы» атты каратэнің киокушинкай түрінен өткен жарыста еліміздің намысын жыртқан жетісулық спортшы каратэден Азия және Әлем чемпионы Мерей Сүйінов жеңіспен оралды. Осыған орай ел абыройын асқақтатқан спортшыны күтіп алдық.

 

   Жиын грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың алғысөзімен бастау алды.
– Бүгін біз үлкен қуанышты сәтте бас қосып отырмыз. Амурдағы чемпиондар айқасынан жеңіспен оралу толағай табыс. Мерей ел мақтанышы! Әрине, мұның барлығы үлкен еңбектің арқасында келетін дүние. Осы тұрғыдан алғанда бауырымыз жат жерде жүріп, еліміздің соның ішінде Алматы облысының саңлақтары мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Спортта Мерей секілді азаматтарымыз көп болсын. Алаштың абыройы арта берсін. Мерейдің жеңісі қазақ елінің жеңісі, – деп ізгі тілегін білдірді.
   Талдықорғанға кіреберісте жеңімпазды құттықтауға келген жұрттың қарасы көп болды. Жиналған халық спортшыға көкейіндегі сауалдарын қойып, ақ тілектерін ақтарды. Мерей де мұқым жұрттың ізгі тілегінен кейін тебіреніске толы сезіммен сұрақтарына жауап берді.
– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Сайысқа Ресейдің Қиыр Шығысынан Амур, Благовещенск, Биробиджана, Хабаровск, Владивосток, Завитинск және Қазақстаннан жалпы саны 15 спортшы барып өзара шеберлік байқасты. Бәсекелестер тай боксы, ММА, каратэ, уушу-санда және кикбоксинг түрінен титулдық белбеулерді сарапқа салды. Бір сөзбен айтқанда Амурдың жергілікті саңлақтары жан-жақтан келген спортшылармен шеберлік байқасты десе болады. МенБлаговещенск қаласының жас талантты спортшысы Ярослав Молозев деген жігітпен жарыс алаңына шықтым. Ол Роман Нестеренко деген Әлем чемпионы дайындаған спортшының шәкірті. Жалпы, кездесуіміз тартысты өтті. Бағым жанып, сайыста жеңіске жеттім. Жарыстан өте жақсы әсер алдым, барлығы керемет болды. Дәл осындай жарыстар Ресейдің әр өңірінде болып тұрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, титулды жекпе-жектерді көбірек өткізіп, келешекте үлкен деңгейге шықсақ па деген мақсаттары бар, – деді.
   Алаш туы көк аспанда қалықтауы үшін татами төрінде атой салып жүрген спортшымызға жарқын жеңістер тілейміз.

Айдар ҚАЛИЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.