Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

«АЛТЫН АДАМ» МЕКЕНІНДЕ

15 мамыр 2018
РУХАНИЯТ
WhatsAppTelegramFacebook

    Облыстық «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінің ғасырлық мерейтойы қарсаңында көптеген мәдени шаралардың өтіп жатқаны белгілі. Соның бірі – Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылды. Талдықорғаннан келген қонақтарды аудан басшылығы және жергілікті оқырмандар жылы шыраймен қарсы алды. Кездесу Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектепте өтті.

 

   Жиналысты ашып, жүргізіп отырған аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев облыстық газеттердің мәні аудан халқы үшін ерекше екенін нақты мысалдарға сүйене отырып атап көрсетті. Өңірдегі жағымды жаңалықтар, жақсы істер мен баянды бастамалар қос газет арқылы шартарапқа таралып жатады. Сонымен қатар, көпшілік облыстық басылымдар арқылы алға басудың сырларына қанығады. Озық тәжірибелердің өнеге-тәлімдеріне ортақтасады. Сондықтан қос газеттің тойы ортақ қуаныш, айтулы оқиға екеніне тоқталды.
   Бұдан кейін «Өлке тынысы» ЖШС-нің директоры Мейрам Жанәділов мерейтойлық шаралардың мазмұнымен қысқаша таныстырды.
– Басылымның байлығы – оқырман. Сіздермен тығыз байланыс орнату басты мақсатымыз. Сондықтан мерейтой қарсаңында облыстың барлық өңірлерінде осындай мазмұндағы кездесулерді ұйымдастырып отырмыз.
Міне, бүгін өздеріңізбен дидарластық. Әдемі әңгімелер адам жанын байытады. Ұсыныс-пікірлердің, ойлар мен көзқарастардың көп болғаны газетті ширата түседі. Бүгінгі таңда қос басылымның таралымы жаман емес. Алдағы уақытта бұдан да көп болатынына кәміл сенеміз, – деді Мейрам Базарұлы.
   «Жетісу» газеті редакциясының меңгерушісі Қуаныш Тұнғатар басылымның 100 жылдық тарихына қатысты деректерді жан-жақты баяндады. Қазақ қайраткерлерінің қолтаңбасы қалған сарғайған газет беттеріндегі материалдар туралы қызықты әңгімелер өрбітті. Редакторлардың ерен еңбектеріне бүгінгі күннің көзімен баға берді. Сонымен қатар, қос газеттің ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестерін де сөз етті. «Огни Алатау» газетінің аудандағы меншікті тілшісі Ерғанат Оралбаев та өз ойларымен бөлісті.
  Аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов әріптестерін жақындап қалған мерейтойларымен құттықтады. Елдің облыстық газетке деген ықыластары қашанда ыстық. Қалыптасқан осынау дәстүрдің халықтық сипатқа тән жалғаса беретінін айтты.
  «Өлке тынысы» ЖШС-нің директоры Мейрам Жанәділов кездесуге келген оқырмандарға ризашылығын білдіре отырып, газет таралымына атсалысқан жанашыр топ өкілдеріне редакция атынан бағалы сыйлықтар ұсынды.

Болат МӘЖИТ.
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.