Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН ТӨГІЛДІ

11.05.2018
КҮНДЕРЕК
КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН ТӨГІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

   Талғарлықтардың таланттардан кенде еместігін Қызылқайрат ауылында өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық байқау барысы аңғартты. Ауылдық Мәдениет үйлері мен клубтардың мән-жайын бақылаумен қатар өнердің өрісін қадағалауды мақсат еткен бұл байқау биыл екінші жыл жалғасын табуда. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде аталған ауылдың өнерпаздары үлкен концерт қойды.

 

   Тамыры тереңде жатқан Талғардың тарихымен үндес «Талхиз сарыны» ансамблінің орындауында Сүгірдің күйі «Бозінгенмен» шымылдығын ашқан өнер байқауында Ұлы даламыздың әуезді әуендері құлаққа кіріп, бойды алды. Қызылқайрат ауылдық Мәдениет үйінде аудандық, облыстық деңгейдегі іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Соның нәтижесінде өнердің өрісі кеңіп келеді. Халықтық өнердің ордасына айналған  Мәдениет үйінде осы күннің өзінде 10 үйірме жұмыс істейді екен. Соның ең сүбелісі «Әжелер – асыл қазына» атты шеберқолдар үйірмесі саналады. Атадан балаға мирас болып жалғасын тауып келе жатқан қолөнерді жас ұрпақтың бойына сіңіруді, атакәсіппен айналысуға баулуды мақсат еткен алтынқолды әжелердің үйретері көп. Одан өзге үш тілді меңгертуге арналған заманауи оқыту, би мен күй үйрету үйірмелері тұрақты түрде жұмыс істейді. 
   Өнердің көгіне қанат қаққан қарлығаштарының жетістіктері де жоқ еместігін арнайы ұйымдастырылған көрмеден көріп, білдік. Жас шеберлердің қолөнер туындылары да алуан түрлілігімен тамсандырды. Ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасында күй атасы Құрманғазының 200 жылдығына орай «Терісқақпайын» Азамат Ертісұлы асқан шеберлікпен орындаса, Сәдіғожаның 100 жылдығын еске салған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ерлан Стамғазиев «Сары бидай» әнін тамылжыта шырқады. Әуесқой композитор Мұқанбек Бөрібаевтың туғанына 70 жыл толатындығы да назардан тыс қалмады. Соған орай, жергілікті ақын Мұса Жанәділовтің сөзіне жазылған «Сен мені ұмыттың ба?» әні Қызылқайрат Мәдениет үйінің директоры Кеңес Баймұқановтың орындауында жүректерге жол тартты. Туған ел мен жерді өзек еткен өнерпаздардың орындауындағы әндер құлақ құрышын қандырды.
   Байқау барысында «Айгүл», «Малика» би ансамбльдерінің өнерлері көрермендерін тәнті етпей қоймады. Буыны былқылдаған бишілердің мың бұралған шеберліктерімен қатар көздің жауын алатын костюмдері де сахна төрін түрлендіріп жібергені хақ.
– Облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған бұл байқауға былтыр Нұра мен Тұздыбастау ауылдық Мәдениет үйлері қатыстырылған болатын. «Ел іші – өнер кеніші» деп бекер айтпаған ғой. Әсіресе, ұлттық өнерді дәріптеуде алдына жан салмайтын нұралық өнерпаздар топ жарып, заманауи дыбыстық техниканы ұтып алған еді. Бұл өнер додасы жас өнерпаздардың танылуына, шығармашылықтарын дамытуына зор ықпал етері анық. Осыған қандай дайындықпен келгенін көпшілік көріп отыр. Байқау шартына лайық барлық тақырыптарды қамтуға тырыстық. «Балапанды күзде санайды» демекші, байқау қорытындысын күзде білетін боламыз, – деген аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева келешекте өнер ұжымдарының керегесі кеңи түсетіндігін тілге тиек етті.  
   Алыстан арнайы ат арылтып келген бақылаушы топ мәдениет мекемесінің құжаттама жұмыстарының да мінсіз екендігін топшылады. Оның ішкі жұмысы мен техникалық жабдықталуына жіті көңіл бөлді.
– Өздеріңіз білесіздер, былтырдан бері аудандардың мәдениет күндерінің форматы өзгеріп, ауылдарды аралап осындай концерттер өткізудеміз. Мұндағы мақсат – ауылдың мәдениетін көтеру, рухани жандануына негіз болу. Байқап отырғанымыздай, ауылда би үйірмелері жақсы дамыған екен. Ауылды арқау еткен концерттің де мазұны ашылды. Тыңдарманға жақсы көңіл-күй сыйлады. Сондықтан да халықтық өнерді сүйген, қастерлей білген жас өнерпаздарға алғысымызды білдіреміз, – деді байқауды қорытындылаған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова. 
Алтын бесік – ауылда кіндікқаны тамып, кәусарынан нәр алып келе жатқан жас ұрпақтың жолын ашып, өнер көгінде еркін қалықтауына себі тиер байқауда қызылқайраттық өнерпаздардың да тасада қалмай, топ жаратындығына сеніміміз мол.

 

Ұлбосын ИСАБЕК,
Талғар ауданы 

Қатысты жаңалықтар

Тиімді тәсіл

Тиімді тәсіл

31.01.2026
Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

Бағыт жақсы, маман тапшы, қаржы аз

31.01.2026
Жаңа аудан көбейді

Жаңа аудан көбейді

31.01.2026
Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.