Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

МӨЛДІР БАСТАУЫМ

20.04.2018
РУХАНИЯТ
МӨЛДІР БАСТАУЫМ
WhatsAppTelegramFacebook

    Әлі есімде. Өткен күннің қызығын кім ұмытсын?! Атам мен әжемнің бұзығы, қызығы болғаннан соң олар мені ерте жастан кітап, газет-журналмен дос қылды. Біздің үйге газет пен журналдың түр-түрі келетін. «Әжемнің «пенсиясы» көп болғаны соншалық, поштаға барған сайын тек газет-журнал әкеледі», – дейтінмін көрші үйдің балаларына мақтанып.

 
    Кішкентай кезімде сол көп басылымның бірінің «тілін» түсінсем, кейбіріне мүлде тісім батпайтын. Әжем: «Елдосжан, айналайын, менің көзім көруден қалып барады. Мына газетте не жазылған екен, оқып берші?» – деп өтінгенде айтқанына мақұл деп, тапсырмасын орындаймын. Бұл іс күнделікті әдетке айналды. Шыны керек, не оқып отырғанымды өзім түсінсемші? Сол кезде ішімнен: «Осы газеттер не жазады ей? Адам бір «тілін» түсінбейді» деп ішімнен өз-өзіме бұрқылдап алатын едім.
    Бір күні сабағым ерте бітіп, мұғалім үйге ерте жіберген соң, әжемді күтпей-ақ үйге тарттым. Әдетте мені сабақтан үнемі әжем алып қайтатын-ды. Үйге келсем, есік алдындағы арбаға көк көрпесін жайып алып, әжем газет оқып отыр. Қақпаны аша салып көргенім – осы. Ай келіп аңырайын, жерге мектеп киімімен жата қалып жер тепкілеп жылайын. Әжем жүр қалбалақтап не деп жұбатарын білмей.  Менікі шын жас еді. Көзімнен пора-пора ыстық жас тамып, топырақ, құммен араласып, бетімнің айғыз-ұйғызын шығарыпты. Осы кезде өмірімде бірінші рет үлкендердің өтірік айтқанын сезінсем керек-ті. Жә, әңгіме мұнда да емес, менің аңғал да пәк ниетімде болып тұр емес пе?! Әжем: «Ботам-ау, өзің білесің, менің көзім көрмейді ғой. Мен мына «Жетісу» газетінің ортасындағы суреттерді қарап отыр едім», – деп «қулығын» асырып, мені жұбатып, бауырына басып үлгерді.
    Қарасам, расымен айқара бетке көлдей суреттер басылған екен. Міне, осы «Жетісу» газетінің «кесірінен» бала кезімде бір жылап алғаным бар. Осыдан кейін әжеме бұрқылдамай-ақ қызмет көрсетіп, газет-журналын мұқият оқып жүрдім. Кейін екеуміз бірігіп, үлкен кітаптарға «ауыз» сала бастадық. Небір күшті кітаптарды әжем ұсынады. Мен ыждағатпен оқимын. Атам мазмұнын тәптіштеп сұрайды. Ұмытпасам, 6-сыныптан бастап мен де әжемнің сүйікті газетіне «ауыз салған» бөлтірік болдым. Ал, 9-сыныптан бері «Жетісудың» оқырманы ғана емес, «жас тілшісі» атанғанмын.
    «Жетісу» газетіне алғаш рет «Ауыл көктемі» деп аталатын шағын әңгімем жарияланыпты. Сол сәттегі қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес-ау. Қуаныштан бал-бұл жайнап, қиял әлемінде отырғанымда: «Елу мыңға жуық оқырманы бар облысымыздың бас басылымына әңгімеңнің жарияланғаны – жазушы ретінде танылуыңа жол ашылғаны, құлыным!», – деп әжем маңдайымнан аялы алақанымен сипаған болатын. Сосын, пошташы Сәлима апайды тағатсыздана күтумен өткен күндер қаншама?! «Жетісу» есік қаққанда, үйімізге қуаныштың лебі келеді. Көңіл жадыратқан қуаныш – көрші-қолаң, ағайын-жұрттың басы қосылған мәре-сәрелі дастарқанға ұласады. Үйге келгендер «Бота, қадамың құтты болсын!» деп көрімдігін ұстатып кетеді. Сосын қалай жазбайсың?! Бір дүниең газетке шыққаннан кейін жиі-жиі жазуға машықтанады екенсің тегі.
    11-сынып бітіргенімше «Жетісуыма» тырнақалды әңгімелерім мен балауса жырларым, мақалаларым әлденеше рет жарияланды. Ал, студент болып, Жетісудан Торғай атырабына барған сәтте, Арқалықтан студент жазбаларын жіберіп тұру – туған жерінен жырақта жүрген баланың сүйікті ісіне айналған-ды. Демалысқа шығып, ат арытып, туған жерге сағынып келгенде, қара шаңырағыма сәлем бере кетемін. Сол кезде «Жетісудың» есепшісі студент баланы қуантып, жиналып қалған қаламақымды ұстатып қоятын-ды.
    Зейнеп әжесінің саясында еркелеп өскен еркебұланның талабын байқап, «жетісулық» Жақыпжан Нұрғожаев, Әміре Әрін, Нүсіпбай Әбдірахым, Қуат Қайранбаев, Жұматай Әміреев, Ришад Тұрғанбайдай ағалары жарайсың деп бауырына басса, Жанкүміс Жәмеңке, Гауһар Дүйсенбаева, Нұржамал Әлішевадай апайлары бауырым деп қауырсын қаламынан үміт күтті.
   «Жетісулық» аға-апаларымның қамқорлығы мен шапағатына молынан бөленген-ақ екенмін. Естен кетпес бір қызық: грантқа қабылданғандардың тізімі шықты. Құжаттарымыз сәтімен қабылданды. Енді асай-мүсейімізді реттестіріп, оқу қамымен Жыланшық өзені бойындағы Торғай даласына жолға шығар алдында облыстық «Жетісу» газетінің редакциясына соғып, редактордың орынбасары, белгілі ақын Жұматай Әміреевке сәлем беріп, оқуға түскенімді айттым. Ағам болса: «Тоқтай тұр, бауырым!» – деп ұялы телефонын алып, бір кісіге қоңырау шалып, мені табыстап жатты. Сөйтсем, ол кісі – болашақ ұстазым Айбек Қалиев екен! Айбек ұстазым – менің Жұматай ағамның жақын досы, ал менің «старшагым» болған жас айтыскер ақын Тоба Өтепбаев Жұмағаммен бірге қасиетті Мекке сапарында сапарлас әрі бөлмелес болған екен. Асылы, Тәңірі өзі қиюын қиыстырған үміттің бағы жанған сәт екенін енді ғана аңғарып отырмын. Жұматай ағамның «қоңырауы» менің алдағы уақыттағы барлық мәселемді оңтайлы шешкен еді.
 
             * * *
   Қазір Арасан ауылындағы атамның үйі – менің балалық шағымның бір сәулелі сәті сықылды ыстық, сосын музейге айналғандай көрінеді. Өйткені, үйдің қабырғасы толы кітап пен газет, журнал. Бұлардың бәрі – әжемнің «пенсиясынан» мәңгілікке маған қалар сарқыт! Қымбат қазынаның бір бөлігі – «Жетісу» газетінің тігіндісі екен. Ара-тұра елге барып, балалық дәуреніме енгенімде, «өткендер» өзі-ақ сөйлеп кетеді ғой, шіркін! 
 
             * * *
    Айрықшалап айтар бір жайт: оқушы кезімде-ақ «Талабың оңғарылсын, Елдос!» (ұстазым Қуат Қайранбаевтың мақаласы) деп менің талабымды ұштаған, шығармашылығымды шыңдауыма мұрсат берген мерзімді басылымның бірегейі – «Жетісу» газеті. «Жетісу» газеті – сарыауыз балапанның қанат қаққан ортасы еді; алғаш рет қаламақының дәмін татырған сүт анасы еді. 
Мен «Жетісу» газеті арқылы туған өлкесіне танылған, «Арқада оқып жатқан Жетісудың баласы» атанған, бүгінде үлкен әдебиеттің есігін айқара ашып кірген қалам иесімін. «Жетісу» – менің қаламгерлік жолымның мөлдір бастауы болғанын сезініп, ата басылымның шекпенінен шыққанымды қашанда болсын мақтан тұтамын. Қазағыңмен бірге ғасырдан-ғасырға қадам баса бер, сүйікті менің “Жетісуым!”.
 
Елдос ТОҚТАРБАЙ,
ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығының лауреаты

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.