Талдықорған: +1°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Кәсіпкерлер көкжиегі кеңейеді

11.04.2018
КҮЛТӨБЕ
Кәсіпкерлер көкжиегі кеңейеді
WhatsAppTelegramFacebook

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев өңірлерге іссапарын жалғастыруда. Жетісу жеріне ат басын бұрып, бірнеше нысанды аралап, сондай-ақ, облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің  кеңейтілген отырысын өткізіп, облыс бойынша бизнес саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жергілікті кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына да барып, жұмысына оң баға берді. Әрі аталған орталықты құруда облыс әкімдігінің қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, отырыста бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және оларды ұсыну мерзімін қысқарту шаралары жайында сөз қозғады.

Палата басшысының айтуынша, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына 5 жылда  22 мыңнан астам өтініш түсіп, оның 40%-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Осы арқылы бизнес өкілдерінің жалпы құны 92 млрд. теңгені құрайтын құқығы мен мүддесі қорғалған. Сондай-ақ, 20 мыңнан астам нормативтік-құқықтық актілердің жобасы сараптамадан өткізілген. Ал палата ұсынған ескерту мен ұсыныстың 73%-ы мемлекеттік орган қызметінде ескеріліпті. Ең бастысы, палатаның қатысуымен жаңа Салық кодексі әзірленіп, шағын және орта бизнес өкілдері үшін арнайы салық режимі мен қосылған құн салығының мөлшері сақталып, әкімшілендіру жеңілдетілді. Ұлттық палата тарапынан атқарылған осындай игілікті жұмыстар өңірдегі кәсіпкерлердің жұмысына жан бітірді. Әсіресе, бизнес пен жергілікті билік арасындағы ынтымақтастықты бекемдей түсті. Тимур Асқарұлы осы бағытта облыс әкімдігінің өңірлік кәсіпкерлер палатасын қолдап, өнімді жұмыс атқарып жатқанын  ерекше атап өтті.
Осыдан кейін облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі бизнесті қолдау бағытында атқарылған жұмыстар  жайлы жан-жақты айтып өтті. Өткен жылы облыс әкімдігінің қолдауымен жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 9,3 млрд.теңге бөлініп, 1052 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіліп, 2500 жұмыс орны құрылған.  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 3,6 млрд. теңге бөлініп, 210 кәсіпкерге қолдау көрсетілген. Бизнесті қолдау мақсатында шағын несие беру, қаржылай емес қолдау көрсету, тағы басқа бағдарламалардың орындалуына да көп көмек көрсетілді. Бұл өз кезегінде облыстық бюджеттің де қоржынын қампита түсті. 
Отырыста облыстық кәсіпкерлік палатасының да атқарған жұмысы сараланды. Бұл туралы өңірлік палата директоры Нариман Әбілшайықов баяндады. 
Оның есебінше, өткен жылы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша облыстық палатаға 233 өтініш тіркеліп, олардың 80 пайызы кәсіпкерлердің пайдасына шешіліпті. Сондай-ақ, республикалық және жергілікті 40 әкімшілік кедергі анықталып, 13-і алынып тасталған. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 42 тегін семинар өткізіліп, 1338 жетекші және жұмысшы біліктілігін арттырса, 145 ауылшаруашылығы кооперативі құрылып, 28-і қаржыландырылған. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бойынша құны 5 млрд. теңге болатын 432 бизнес-жоспар әзірленіп, оның ішінде 68 жоба 217,1 млн. теңге көлемінде қаржыландырылыпты. Сонымен қатар, 8 мың кәсіпкерге 6437 сервистік қызмет көрсетіліп, кеңес берілген. «Бастау бизнес» аясында 285 қатысушы 1 млрд. теңгеден астам несие алыпты. Отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында 1,4 млрд. теңгелік келісімшарт жасауға қолдау көрсетіліпті. Адами капиталды дамыту бағыты бойынша  атқарылған жұмыстар да көңіл қуантады. Былтыр кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен 23 инвестициялық жоба ұсынылып, нәтижесінде 450 млн. теңге болатын 2 жоба қаржыландырылған. 
Жиында Панфилов ауданындағы «Ернар» шаруа қожалығының басшысы Тасқын Жапарқұлов жүгері дақылын субсидиялау мәселесінің шешілмей келе жатқанын алға тартса, «Сарғалдақов» шаруа қожалығының төрағасы Жанатбек Сарғалдақов Ұлттық палата өкілдерінен алма бағын субсидиялауды кеңейтуді өтінді. Ал Текелі тау-кен комбинатының директоры Бақыт Шалбаев Текелі қаласынан комбинатқа дейін газ желісін тарту ісіне кәсіпкерлердің көмектесуін сұрады. Көпшіліктен түскен ұсыныстарға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының тө-рағасы Абылай Мырзахметов жауап берді. 
Отырыстан кейін журналистердің сұрағына жауап берген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасының ресми өкілі Жігер Әзбергеннен білгеніміздей, осы күнге дейін «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында арнайы мәселелердің тізімі құрылған. Оған енгізілген ұсыныстардың 68%-ы шешімін тауыпты. Демек, осы жолы айтылған ұсыныстар да оң шешімін табады деген ойдамыз.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

Ирандағы жағдай әлемдік мұнай нарығына қалай әсер етеді?

06.03.2026
«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.