Талдықорған: +8°C
$ 453.64
€ 508.17
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕН ХАЛҚЫММЕН МӘҢГІМІН

6 сәуір 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Отты жырлары талай жүректі тулатқан, сан көңілді толқытқан ғажайып ақындар текті жұрттан көптеп шыққан. Солардың ішінде өзінің сыршылдығымен, нәзік те нәркес иірімімен, айрықша бөлек қолтаңбасымен ерекшеленген шайырлар ел құрметіне бөленіп, туындылары санада сақталып келеді. Міне, сол ақындардың санатындағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Нұрсапа Аманжоловтың туғанына биыл 85 жыл. Осыған орай Балқаш аудандық кітапханасында «Мен халқыммен мәңгімін» атты жыр кеші өтті.

 

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру, ақынның шығармашылығын дәріптеп, өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған игі шараға шайырдың зайыбы Париза, ұлдары Біржан, Арман мен немерелері, замандастары және №1 орта мектептің оқушылары, кітапханашылар, Мәдениет үйі қызметкерлері қатысты. 
   Аудандық кітапхананың кітапханашысы Ботакөз Ақсақалова мен Бақбақты ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жазира Түстікбаева бастан-аяқ жүргізіп отырған рухани шарада айтулы ақынның өнегеге толы өмірі, еңбек жолдары туралы тың деректер ашылды. Сонымен қатар, Нұрсапа Аманжоловтың өлеңін Миялы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Жазира Диханбаева мен №1 орта мектебінің оқушылары нақышына келтіре оқып, тыңдарманды тебірентсе, бақбақтылық ақын Шұға Смағұлқызы мен Бақанас мектеп-интернатының кітапханашысы Жанна Нахақызы арнау өлеңдерін тебірене толғады.
    Рухты тасытып, жүректі толқытқан ғажайып шара барысында Балқаш ауданының Құрметті азаматы Кеңесбек Әбдікаримов ақын туралы естеліктер айтып, өлеңінен үзінді оқып, жиылған қауымға ән тарту етті. Ал қасиетті жырмен сусындап өскен қонақтар жарқын тұлғаның өзгеше қасиеттері мен өнеге тұнған өмірі жайында естелік айтып, арда азаматын сағынышпен еске алды. Рухани кешке арнайы шақырылған ақынның жары Париза апай мен балалары ақынын ардақтаған елі мен игі шараны ұйымдастырған азаматтарға алғысын жеткізсе, Мәдениет үйінің қызметкері Гүлмира Қасабекова мен №1 орта мектептің 5-сынып оқушысы СабинаТөлеубек әннен шашу шашты. 
Халқын ерекше сүйіп, оны мәңгілік жырына арқау еткен арда ақынға арналған кешті аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Роза Суанбаева қорытындылады. Ол асқақ тұлғасымен, айдынды да мөлдір шығармашылығымен ел есінде қалған арда ақынды текті халық ешқашан санадан шығармайтындығын, керісінше, жыл өткен сайын мөлдір тұмбасынан рухани шөл басатындығын айрықша атап өтті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Бүгін, 18:29
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

Бүгін, 17:55
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

Бүгін, 17:30
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Бүгін, 17:25
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

Бүгін, 16:32

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.