Талдықорған: +11°C
$ 464.53
€ 543.73
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Туберкулез ауа арқылы таралады

28.03.2018
ДЕНСАУЛЫҚ
Туберкулез ауа арқылы таралады
WhatsAppTelegramFacebook

Сырқаттанудың алдын алу қазіргі заманғы денсаулық сақтау саясатының  маңызды міндеттерінің бірі.  Мұндай міндет бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен МӘМС жүйесінде белгіленіп отыр. МӘМС шеңберінде алдын алу шаралары кеңейтіліп, 2020 жылға қарай сатып алынған қызметтердің 40 пайызын  амбулаторлық-емханалық көмек құрайды.

Туберкулез – бактерия арқылы тарайтын жұқпалы сырқат. Қоздырғышы – микробактериялар немесе бәріміз білетін «Кох таяқшалары». Кох таяқшасы адам организміне жат микроорганизм болғандықтан микроб сау ағзаға түскен кезде иммун жасушалары оған шабуыл жасап, көбеюіне жол бермейді. Ауру – иммун жүйесі нашар болған жағдайда (антиденелер түзілуі бұзылса, иммун тапшылығы жағдайында, өзге аурулар салдарынан организмнің қорғаныс күші бұзылса, жасына немесе тұрмыстық-әлеуметтік факторлар салдарынан тиісінше жұмыс істемейтін болса) және туберкулездің ашық формасымен ауыратын және тиісінше ем қабылдамаған науқаспен немесе қоздырғышпен ұзақ уақыт бойы байланыста болған жағдайда ғана өршуі мүмкін.  
Кесел  көбіне ауа арқылы таралады. Кейде ауруға шалдыққан ірі қара немесе азық-түлік арқылы (өңделмеген сүт өнімдері) жұғуы мүмкін. Туберкулез белгілері бірден пайда болмайды. Әдетте, ол ұзақ уақыт бойы ағзада дамып, көбіне өкпе тіндерін зақымдайды. Оның белгілері жүре келе пайда болады. Бірақ көп ұзамай тоқтаусыз жөтеліп, кейде қан аралас қақырық түседі, кеуде қуысы ауырып, өз-өзін жайсыз сезінеді  және қалшылдау сынды белгілер пайда болады. Мұндай жағдайда міндетті түрде емханаға барып, тексеруден өту қажет. Иммунитеті әлсіз адамдардың ауру жұқтыру қаупі жоғары. Ал иммунитеттің әлсіреуіне шаршап-шалдығу, дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, қорғаныс жүйесі жұмысының бұзылуы әсер етеді. 
Ресми статистикаға сүйенсек, 2017 жылы Қазақстанда туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 17 мың 444 пациент диспансерлік есепте тұрған. Облыс бойынша тіркелген пациенттердің саны – 1591.
Жаңа туған нәрестелерге перзентхана қабырғасынан шықпай жатып БЦЖ деп аталатын екпе егіледі. Міне, туберкулезге қарсы вакцина осы. БЦЖ құрамында (сиырдың) әлсіреген туберкулез таяқшалары болады. Вакцина құрамындағы бактериялар ағзаға түскеннен кейін көбейіп, органдар мен тіндерге орналасады. Сол арқылы иммунитет қалыптасады. Перзентханада егілген БЦЖ вакцинасы адамды ұзақ уақыт бойы құрт ауруынан қорғайды. Бірақ 7 және 14 жаста вакцина тағы салынады. Мұны қайталап егу деп атайды. Жалпы, бұл балаларға қолданылатын әдіс. Ал ересектер жыл сайын кеуде қуысына флюорографиялық скрининг (флюорография) жасап тұруы тиіс. 
Қазақстанда туберкулезді анықтау мен оның алдын алу, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне кіреді. Былайша айтқанда, ауру тегін емделеді. Биыл осы дертке шалдыққандарды анықтау, емдеу және әлеуметтік қолдауға мемлекеттік бюджеттен 42 млрд. теңге бөлінді.
Ең бастысы – туберкулез жазылатын ауру және оның алдын алуға болады. Жұқтырған күннің өзінде дер кезінде, дұрыс емделсе пациенттің құлан-таза айығып кетуіне мүмкіндік бар. ДДСҰ мәліметіне сүйенсек, 2000-2016 жылдар аралығында диагностика мен ем-домның арқасында 53 млн. адамды қайғыдан арашалауға мүмкіндік туады. Туберкулездің кәдімгі түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді. Әлемдік ғылым мен ДДСҰ-ның басты мақсаттарының бірі – туберкулез эпидемиясын 2030 жылға дейін түп-тамырымен құрту болып табылады. Оған біз де үлес қоса аламыз. Ол үшін не істеу керек? Айтыла-айтыла жауыр болған мәселе. Бірақ жер шарындағы адамдардың жартысынан астамы денсаулығына жүрдім-бардым қарайды. Денсаулықты одан айырылып қалғаннан кейін емес, жастайынан күту қажет. Дені сау азамат болу үшін денеңді, ақылың мен жаныңды күту ережелерін білу жеткілікті. Себебі, адам ағзасы – өз заңы бойынша жұмыс істейтін механизм.  Азаматтарымыздың басым бөлігі уақытында дәрігерге қаралмайды. Туберкулездің алдын алу үшін адам тұрақты тексеріліп тұруы қажет. Қазақстандықтар бұл қызметтерді тегін пайдалана алады және олардың бәрі кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне кіреді. БЦЖ екпесі нәресте туғаннан кейін алғашқы бірнеше күн ішінде салынса, БЦЖ-ны қайта егу – 7 және 14 жаста жүргізіледі,  флюорографиялық скрининг (ересектер жылына бір рет), дәрігердің тағайындауы бойынша өкпені рентгенге түсіру, терапевтке қаралып, профилактикалық тексеруден өту міндетті.
Бүгінгі таңда кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тек мемлекеттік емханаларда ғана емес, жекеменшік клиникаларда да тегін емделуге болады. Қордың базасындағы клиникалар тізімімен сілтемесі бойынша танысыңыздар.

М. КЛЯН,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді 
қарастыру бөлімінің сарапшысы

Қатысты жаңалықтар

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

Теннис: Ахмади Маханов ITF турнирінің титулын жеңіп алды

04.05.2026
PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

PGL Astana 2026: әлемнің үздік командалары елордада бас қосады

04.05.2026
Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

Теміржол тарифі мен көмір қоры: Энергетика саласындағы оң өзгерістер

04.05.2026
Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

Қазақстанда инфляция 10,6%-ға баяулады: Бағасы өскен және арзандаған тауарлар тізімі

04.05.2026
Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?

Мамыр айындағы демалыс күнтізбесі

04.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.