Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

​Өскелең ұрпақтың үміті

27.03.2018
КҮНДЕРЕК
​Өскелең ұрпақтың үміті
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайын елімізде оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсыруы айтулы шара ретінде өтеді. Сол арқылы әрбір жасөспірімнің өмір жолы қалыптасып, қажетті мамандығын игерудің мүмкіндігі ашылады. Шынын айтқанда, талай жастың болашағына әсер ететін ҰБТ нәтижесі ұстаздар қауымының алаңдаушылығын да тудырары анық. Себебі, жақсы баға алған оқушы мектептің, ауыл-аймақтың абыройын асқақтатып тастаса, төмен баға баланың жігерін жасытып, талабын тасқа соқтырады. Осындай кемшіліктер болмас үшін елімізде «UStudy» аймақтық тестілеу орталығы құрылып, мектеп бітіретін түлектерге арнап, дайындық сабақтарын жүргізеді.

Мұғалімдер мен оқушыларға компьютерлік тестілеу өткізетін «UStudy» орталығы еліміздің бірнеше аймағында 21 филиал ашып, 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлаумен айналысады. Мамандарының бәрі де біліктілік санатын иеленген ұстаздар. Сонымен қатар, компания соңғы 3 жылдың ішінде 3 миллионға жуық онлайн және офлайн тестілеу өткізіп, қашықтықтан оқыту саласындағы «UTUTOR» халықаралық жобасын іске қосты.

Талдықорған қаласында орналасқан «UStudy» аймақтық тестілеу орталығының облыстық филиалының аға менеджері Руслан Бидайшынов:

– Күллі республика бойынша мектеп бітірушілердің дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылы құрылған «UStudy» аймақтық тестілеу орталығының іргетасы Жанат Рахмани есімді азаматтың бастамасымен қаланды, – деп орталықтың тарихын қысқаша таныстырып өтті. – Оған сол ағамыздың інісінің басынан өткен оқиға себеп болады. 2009 жылы Бірыңғай ұлттық тестілеу сынағын тапсырып, төмен балл алып қалған жасөспірімнің көзіндегі мұңды, ренішті көрген ағасы кәсіпкер достарын жинап: «Мектеп бітіретін балаларды тестілеуге даярлауды қолға алсақ», – деген ұсыныс тастайды. Бір сөзбен айтқанда мұқтаждық игілікті іске бастайды..

Орталықтың аға менеджерінің айтуынша, 2020 жылға дейін «UStudy» тестілеу орталығының аймақтық филиалдарының санын 50-ге жеткізу жоспарланып отыр. Соған орай білікті мамандар жүргізген бейнесабақтар YouTube желісіне, онда да USTUDY ONLINE арнасына жүктелуде. Қазірдің өзінде 500-ден астам бейнесабаққа қол жеткізуге болады. Келешекте ҰБТ-ның барлық пәндері бойынша 2000 бейнесабақ жүктеу жоспарланып отыр. Ең қызығы интернетке жүктелген бейнесабақтарға жазылушылардың саны бір айдың ішінде үш есеге өскен. Бірнеше жыл бұрын түсірілген бейнесабақтар 5-10 минут ішінде пәнді кеңінен талдап, ұғындыра түседі. Мысалы, әдетте қиын көрінетін химия пәнін мұғалім түрлі зертханалық жолмен қызықты әрі есте қаларлықтай түсіндіреді.

Алыс аймақтағы түлектерге аз уақыт ішінде сапалы білім ұсынуды мақсат еткен «UStudy» аймақтық тестілеу орталығының облыстық филиалына қарасты «125 EDU» білім орталығы Талдықорған қаласында мектеп бітірушілерге үлкен мүмкіндік ұсынуда. Атап айтқанда, білікті ұстаздар ҰБТ-дағы бес пән бойынша аптасына жеті күн сабақ өткізеді. Өйткені шалғай ауылдан келіп, білімін ұштамақ болған балалар сенбі-жексенбі күндері оқуын пысықтап, тест сұрақтарына дайындалады. Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдалануды көздеген 250-ге жуық оқушы күнделікті «UStudy» аймақтық тестілеу орталығының облыстық филиалына арнайы кесте бойынша келіп тұрады.

Халқымыз: «Ақылды адам бір жылын, ақымақ адам бір күнін ойлайды» – дейді. Рас сөз. Ұрпағының болашағын ойлаған жан білім беруді, тәлім алуды, кәсіп меңгеруді үйретеді. Ендеше келешектің кемелді болуын көздеген «UStudy» аймақтық тестілеу орталығы өскелең ұрпақтың үмітіне айналып отыр.

Мәди ӘСЕТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.