Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Жетісудан Арқаға

14.03.2018
САЯСАТ
Жетісудан Арқаға
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан тура 20 жыл бұрын сол кездегі Ақмола қаласы ресми түрде еліміздің елордасы атанды.  Астананы Алматыдан Сарыарқа төріне көшіру туралы сындарлы шешімді 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған болатын. Сол күні Парламент сессиясында депутаттар алдында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бас қаланы Алматыдан республиканың орталық өңірі Ақмолаға көшірудің қисындылығын атап өткен. Бұл таңдау халықаралық 32 өлшем бойынша жүргізілгенін тәптіштеп дәлелдеген еді. Содан кейін Жоғарғы Кеңестің «Президент Н. Назарбаевтың мемлекет астанасын Ақмола қаласына ауыстыру туралы ұсынысына келісім берілсін» деген шешімі қабылданған.

Араға екі жыл салып, 1996 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы» тарихи қаулы қабылдады. Ал 1997 жылдың 20 қазанында Президенттің «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» аса маңызды Жарлығы шықты. Осы құжатқа сәйкес Ақмола астана құқығын осы жылдың 10 желтоқсанынан бастап иеленді және жаңа астананың ресми тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымына белгіленді.
1997 жылғы 8 қарашада Ақмола орталығында басты мемлекеттік символдардың жеткізілуі салтанатты жағдайда өтті. Осы күндері жаңа астанаға Президент Әкімшілігі, Үкімет, жетекші министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің алғашқы тобы келді. Бұл жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразия жүрегінде» кітабында: «Мен Ақмолаға кетіп бара жатқан Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне ақ жол тіледім. Өз сөзімде астананы көшірудің бір маңызды қырына тоқталдым. Астананың қоныс аударуына байланысты іс жүзінде  биліктің өзін реформалаудың жаңа кезеңі басталды. Жаңа елордада мемлекеттік қызметшілердің тың толқынын қалыптастыратын боламыз. Бұл жұмысты орталық мемлекеттік органдар қызметкерлерінен бастаймыз. Бастапқы кезде қиыншылық болмайтынына кепілдік бере алмайтынымды айттым», – деп жазды.
1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент, Үкімет пен Парламенттің басшылары Қазақстан астанасы туралы ел халқына үндеуге қол қойып, ол баспасөзде жарияланды. Онда байтақ елдің орталығында осы күннен бастап және ғасырлар бойы халық тағдыры үшін түбегейлі маңызды шешімдер қабылданатыны айтылған.
Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Астанада ЕҚЫҰ-ның, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері болды. 2011 жылдың басында елорда VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Ал биыл ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Астанада атаулы күн де назардан тыс қалған жоқ. Елорданың Астана қаласына көшуінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиындарға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қатысып, бас шаһардың іргесін қалауға алғаш атсалысқан азаматтармен кездесті. Сонымен қатар ЭКСПО конгресс-орталығында мерекеге арналған «Президент және Астана» атты фотокөрмемен танысты.
Ал елорда әкімі Әсет Исекешев астаналықтар мен қала қонақтарына құттықтау жолдады. Өз кезегінде: «Осыдан жиырма жыл бұрын егемен еліміздің тарихында Елбасының тағы бір стратегиялық маңызы зор идеясы жүзеге асты. Халқымыз ел болғалы өз астанасын өзі таңдап, саяси-әкімшілік, мәдени-рухани орталығын белгіледі. Мемлекет тарихындағы ұлы көш елдің де, Елбасының да үмітін ақтады деп есептеймін. Бүгінде Астана өзге өңірлер бой түзейтін қала ғана емес, ел дамуының тірегіне айналды. Ел өркендеуінің жаңа парағын ашқан осы күн жылы естеліктерге толы тарихи күнге айналды», – деді қала басшысы.
Бас қала міне, осылай жарқырап, жайнап, Мәңгілік Елдің мызғымас көшін көлікті етіп, болашаққа қадам басап барады.

Асхат Райқұл
Астана

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.