Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ДӘСТҮРЛІ ӘН ЖАНҒА ДӘРУ

08.03.2018
КҮЛТӨБЕ
ДӘСТҮРЛІ ӘН ЖАНҒА ДӘРУ
WhatsAppTelegramFacebook

    Мың бұлақтың тамшысындай сылдырлаған сұлу сазды көкірегіңе қондырған өнерге деген іңкәрлікті тілмен айтып жеткізу қиын-ақ. Ал өнердің өресін кеңіткен бабалар үнін тыңдағанда сол кеудеңді бірде шаттық кернеп, бірде мұң ториды. Замана зары, өмір шындығы, ел ерлігі деген ізгі қасиеттердің бәрін кеудесі кенді кешегілер әнмен мұра еткен-ау. Сол үшін де Мұқағали ақын айтқандай: «Бабаларым, рахмет сендерге!» – деп тебірене түсесің. Бұлай тебіренуге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Сәуле ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ Талдықорғанның төрінде өткен «Бұлбұл дәурен» атты концерті себеп болды. Рухани шөліркеген жетісулықтарды әнмен сусындатқан өнер иесімен сұхбаттасудың сәті түсті. Жүрекжарды лебізі мен ән тағдырына деген алаңдаушылығын тыңдадық. Әншінің орамды ойларын, пайым-парасатынан өрілген өрелі сөздерін осы орайда зерделі оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.


– Сәуле Стаханшылқызы, қазақ халқы қонақ келсе құрақ ұшатын, көңілін бағып, мейманының мерейін тасытпай тынбайтын жайдарлы да жайсаң жұрт емес пе?! Әсерлі кештен кейінгі көңіл-күйіңізді білгіміз келеді.
–  Түйір тасын қадір тұтатын қасиетті елдің қай жеріне барсаң да, қазақ – сол қазақ. Дегенмен, әр нәрсенің екі ұшы болатынындай, кейбір өңірдегі жұртшылық дәстүрлі әнге аса қанық емес. Сондықтан да концерт барысында олар тосырқап қарап, пейілсіз тыңдап отырады. Ал дәстүрлі ән өнерін жете білетін тыңдарман болса, әншінің орындау мәнеріне сын көзбен қарап, оның талантын сезбейінше қолпаштамай қоюы да мүмкін. Бұдан басқа өз топырағының туындысын тыңдамай арқаланбай, қолпаштау білдірмей қоятын көрермендер де бар. Негізінен алғанда жетісулықтар байырғы жайсаң мінезімен, өнерге деген ерекше іңкәрлігімен сағындырып тұрады.  Бұл жолы да концерт басталмай жатып бірден өзіне тартып, баурап алды. Сахнаға көтерілген сәттегі қолпашы мені кеш соңына дейін арқаландырып, көңілімді көкте қалықтатқандай болды. Тыңдарман ұйып тыңдаса, орындаушы жетер жеріне жеткізе әуелетеді емес пе?! Сол үшін де жетісулықтарға алғысым ерекше.
– Халық барда өнер өлмейтіні рас. Қашанда өнердің шын асылын ажырата білер жұрттың танымында бабалардан жеткен арда үннің нарқы басым ғой. Дегенмен, дәстүрлі әннің дәріптелуі қай деңгейде?
– Ақиқатын сөйлер болсақ, талай мәселеде қынжылып қалатынымыз жасырын емес. Біреуге бір күндік өмір қымбат. Ал елді ойлаған, халық қайнарынан терең сусындап, оның руханиятына шын жанашырлық танытқандар үшін, әрине, арда елдің өрелі өнерінің өрісі тарылып бара жатқандығы алаңдатар мәселе болып тұр. Дәріптелудің қай деңгейде екенін сіз бен біз жақсы ұғынып отырмыз. Кешегілердей кесіп айтсақ, дәстүрлі әннің дәріптелуі ең төменгі деңгейде жүріп жатыр дер едім.
    Өткенді ұмытуға болмайды. Өшкенді жандыруға тырысатын парасатты елдің қазынасын өзіне көрсете алмасаң, онда сенің өнерпаз болғаныңнан не пайда?! Бұл тұрғыда дәстүрлі әнді насихаттаушыларға кінә тағып отырған жоқпын. Керісінше, өнерді насихаттаушы барлық салаға деген ішкі ренішімді жеткізгім келеді. Қазіргі таңда телеарналарда дәстүрлі әншілердің шығармашылық концерті берілмейді. Оның шығармашылығын насихаттау деген ысырылып тасталған дүние болып тұр. Радионың өзінде эстраданың құлаққа ерсі тиетін әндері қаптап кетті. Ол туындылар қай қазақтың жанына дәру еді? Тек батыстың қаңсығын таңсық көрген, шын өнердің аражігін ажырата білмес кейбір жастарға ғана ғажайып туынды шығар, ал парасатты жандар үшін музыка өнерінің төресі дәстүрлі ән емес пе?!
    Қазіргі таңда билік тарапынан өнерімізге деген қолдау жоқтың қасы. Егер бір басшы қол астындағыларға әнші келе жатыр, ол кешегі рухты бабалардың үнін ғасырдан-ғасырға жалғар насихаттаушы, оның кешінде өн бойына сөздің сарасы жинақталған кестелі әндер шырқалады деп түсіндірер болса, зал толып отыратын еді. Бүгінгі таңда БАҚ саласы былай тұрсын, билік тарапынан ондай қолдау болмаған соң ұлы өнер өлместің күйімен жүр. Ал әншінің жағдайын ашып айтудың өзі қажет     емес-ау!
– Жанайқайыңызға құлақ тұнардай. Бұл мақтау да, даттау да емес! Өнер адамының өз жолына деген тазалығы осындай болса керек-ті. Дегенмен, өзіңіз айтқан «өлместің күйіндегі» дәстүрлі әнді эстрадалық бағытқа икемдеп насихаттауға болмас па? Сонда ғана жас тыңдармандардың қарасы көбейіп, әсем әнге деген сұраныс арта түсетін шығар?!
– Дәстүрлі әнді эстарадалық жанрда орындауға басы бүтін қарсылық көрсете алмаймын. Ән өнері дегенде алтын көмбенің үстінде біз ғана отырмыз деп ешкім кесіп айтпас. Шын талантты халық екшейтіні секілді, өнердің қайсысы өміршең екенін елдің өзі-ақ пайымдап отыр емес пе?! Сондықтан да Рамазан Стамғазиев сынды бірқатар әншілер дәстүрлі әнді эстрадалық бағытта жемісті насихаттап келеді. Біз де сол қатардан табылуға барынша күш салудамыз. 
Дәстүрлі әнді эстрадалық бағытта насихаттау барысында біз мынаны естен шығармауымыз қажет. Ең алдымен әр өңірдің өзіндік мектебі, сарыны бар екенін ескере отырып, дәстүрлі әннің сол сарынын, мазмұны мен мәнін, қыры мен сырын, бояу-нәрін жоғалтып алмауымыз керек. Оркестрдің сүйемелдеуімен жанданып, жаңарып, елге өзгеше әсер етіп жатқан ғажайып әндеріміз қаншама?! Оларды дәстүрлі ән екен деп тек қана қос ішекті домбырамен орындау міндет емес қой. Мәселен, «Япур-ай» әні. Бұл ән қандай бағытта болмасын тотыдай түрленіп шығар, тыңдарманды селт еткізер туынды емес пе?! Сондықтан да жоғарыда атап өткенімдей, ең алдымен билік тарапынан қолдау, БАҚ тарапынан насихаттау болса, өнерпаздар өз таланты мен дәстүрлі әннің қасиеті үшін аянып қалмайды. Ел болып өнерге ден қойсақ, асыл мұраларымыз ғасырдан-ғасырға аманаттала береді. 
– Өнер демекші, қазақтың маңдайына біткен дара тұлға Жәнібек Кәрменов эстрада әншілерінің кейбір талғамы таяздарына қаратып: «Олар жолбике әншілер. Әні бір мезгілдік. Жаңа толқынмен шайылып кетер алдыңғы толқын секілді, олардың орындауындағы ән де ел арасында тез ұмыт болады», – деген. Жалпы, сіз Ғарифолла Құманғалиевтей ғажайып ұстаздан дәріс алдыңыз. Сондай ел тұлғаларынан бойыңызға қандай асыл қасиеттерді дарытып, не үйреніп қалдыңыз?
– Бағыма орай, өмірде Алаштың сан ардақтысына шәкірт болдым. Өзің айтқан Жәнібек Кәрменовтен де, Ғарифолла Құрманғалиевтен де сабақ алдым. Олардың өнерге деген өлшеусіз сезімі, жанашырлығы мен секілді сан шәкіртке ғұмырлық сабақ болды. Олардың ел жайы, қоғам көрінісі, ұрпақ қамы мен әннің шығу тарихы жайлы таңға толғар тағылымды сөздері біздің бойымызға қуат болып құйылатын. Ғарифолла ұстазым қандай терең білімді адам болса, сондай кішіпейіл еді. Жәнібек Кәрменовтің бөлмесінің есігін ашып: «Сәлеметсіз бе?» – дейтін. Сонда Жәнібек ұстазым қысылғаннан: «Ой, Ғалеке, мұныңыз не, мен емес пе сізге амандасатын?» – деп қызарақтап қалатын. Сонда сабырлы қалпын сақтаған Ғарифолла: «Мен саған емес, арт жақта ілініп тұрған Жүсіпбек Елебековке сәлем бердім», – деп әзілдейтін. Бұл әзілдерін талай мәрте естіп, таңданғанбыз. Сөйтсек, ұлы тұлғалар осылай үндесіп, бір-бірін осылайша биік бағалайды екен ғой. Міне, осындай парасатты ұстаздарымның қатарында Ақселеу Сейдімбек сынды бірқатар Алаш ардақтыларының барына қуанамын, марқаямын. Дегенмен, солардың бізге артқан сенімін ақтауды да естен шығарған емеспіз. Олардың аманатын шәкірттерге табыс ету – басты парызымыз.
– Әңгімеңізге рахмет!

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.