Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Сиверс алмасы гүлдеген шақ: Жетісуға мыңдаған турист ағылды

2 мамыр 2026
КҮНДЕРЕК
Сиверс алмасы гүлдеген шақ: Жетісуға мыңдаған турист ағылды
WhatsAppTelegramFacebook

2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі кең көлемде әрі мазмұнды форматта көрініс тапты.

Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны насихаттауға және әлемдік маңызға ие Сиверс жабайы алмасының табиғи қорын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Фестивальге 7 мыңнан астам адам қатысып, іс-шара аясында 50-ден астам блогер мен инфлюенсер Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кең аудиторияға танытуға үлес қосты.

Айта кету керек, Жетісу облысы – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі саналатын Сиверс жабайы алмасының негізгі табиғи таралу аймақтарының бірі. Ғалымдардың бағалауынша, аталған бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48 пайызы осы өңірде шоғырланған.

Фестиваль аясында қонақтарға гүлдеген Сиверс алма алқаптарын тамашалау мүмкіндігі ұсынылып, pleinair форматындағы суретшілер байқауы, мәдени-көпшілік іс-шаралар, ұлттық спорт ойындары, қолөнершілер көрмесі, шеберлік сағаттары және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бағдарламаның маңызды бөлігінің бірі халықаралық шығармашылық жоба болды. Оның аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Қазақстаннан келген суретшілер өз туындыларын ұсынып, көрме қорытындысы бойынша мәдени байланыстарды дамытуға және өңірдің табиғи мұрасын өнер арқылы насихаттауға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Фестивальдің басты музыкалық қонақтары – қазақстандық орындаушылар Bayansulu мен Қуандық Рахым өнер көрсетіп, мерекелік кештің шырайын аша түсті.

Қазақстанның республикалық іс-шаралар күнтізбесіне енген фестиваль өңірдің туристік имиджін нығайтуға, ішкі және келу туризмін дамытуға, сондай-ақ Жетісудың бірегей табиғи әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге ықпал ететін маңызды мәдени-туристік алаң ретіндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады.

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

21 қараша 2026
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

21 қараша 2026
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

20 қараша 2026
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

20 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.