Талдықорған: 0°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЙЕЛ ӘЛЕМДІ ӘЛДИЛЕЙДІ

08.03.2018
КҮЛТӨБЕ
ӘЙЕЛ ӘЛЕМДІ ӘЛДИЛЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

    Кез келген адам ананың аялы алақанынан нәр алып, махаббатына марқайып өседі. Ана дегенде тебіренбейтін, ет жүрегі елжіремейтін адам кемде-кем. Өйткені, адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтінен нәр алады. Ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Осы орайда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында кез келген адамның өзінің тарихы терең ұлттық болмысынан нәр алуы керектігі айтылған. Өз тарихынан нәр алмаған адам адасады.


    Қазақ адам өміріндегі ананың орнын дүниеге келмей тұрып белгілеп қойған. Оның бір дәлелі – құрсақшашу дәстүрі. Бұл – баланың қандай адам болып туылуы ана құрсағында қалыптасады деген сөз. Сондықтан, қазақтың данагөй аналары келіндері құрсақ көтергенде абысын-ажындарын, келіндерін шақырып құрсақшашу берген. Яғни, менің келінімнің бойына менің ұрпағым бітті, оның денсаулығы менің келінімнің көңіл-күйіне байланысты, сондықтан, келінімнің бұдан былай көңілінің көтеріңкі болуына, қалаған асын тойып ішуіне, жалпы жағдайына қамқор болыңдар, ренжітпеңдер деген ескертуді ақ дастарқан басында айтқан. Той үстінде өтінген. Соның нәтижесінде алтын құрсақ аналардан денесі шымыр, шекесі торсықтай қайратты да қайсар ұрпақ дүниеге келген.
    Ана уызына жарыған баланың иммунитеті мықты, дені сау болады. Ана сүтінің бала үшін орны ерекше. Балаға деген мейірім, махаббат, өмірлік ақпарат осы ана сүтімен беріледі. Баланың анаға деген қарызы да осы ана сүтін ақтаудан келетін үлкен жауапкершілік. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. Сондықтан, Мұхтар Әуезов аналардың сауатты, тәрбиелі болғаны ұлт болашағы үшін маңызды екенін баса айтқан. Ұлы жазушының өзінің ең алғашқы мақаласын «Адамдық негізі – әйел» деп аналарға арнауы да тегін емес.
    Мемлекет жетістігін ауыз толтырып айтқан кезде аналардың зор үлесін елеп-ескерген абзал. Егер азаматтарымыз тәрбиелі, толыққанды адам болып қалыптассын десек, ең бірінші жағдай аналарға жасалуы керек. Кезінде Сарыағаш ауданының әкімі қызметін атқарғанда өңірдегі келіншектердің басым бөлігі қаназдық ауруына шалдыққанын білдік. Дереу нашар қамтамасыз етілген отбасыларға қосымша азық-түлік бөлуді шешкенбіз. Бұл бастама әрбір мекеме ұжымында ескерілсе деймін.
    Баланың қалыптасуы отбасына тікелей байланысты. Жас келінді қалжалап балаларын өсіруге көмектесетін ата-енемен бірге тұру біздің ұлтымыздың сан ғасырлық өнегелі салты, жоралғысы, дәстүрі. Енелер келіндеріне қамқор бола отырып, өз әулетінің болашақ ұрпағына айтқан тағылымды әңгімесімен, ертегілерімен, өзінің мейірімді болмысымен бар жақсылықты қалыптастырады. Отбасында барлық тыныс-тіршілік өз ұлтымыздың салт-дәстүріне сай жүріп, ана тілінде қалыптасса, бала сол ұлттың нағыз азаматы болады. «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына», – депті ұлы жазушы, ойшыл Мұхтар Әуезов.
    Ата-ананы таңдамайды дегендей, ұлтты да адамның өзі таңдамайтыны анық. Қазақ болып жаратылғаннан кейін шын мәніндегі нағыз қазақты тәрбиелеп, қоғамның белсенді мүшесі болуына жол ашу ата-ананың, әсіресе, әйелдердің басты борышы. Өйткені ана отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Баланың санасында анасының бейнесі ең қайырымды, ең қамқор, ең аяулы адам ретінде жатталады. Сондықтан ананың сөзі, тәрбиесі бала үшін ең бастапқы өнеге мектебі.
    Жасыратыны жоқ, тарихымыздан тағылым алмай, ұлттық салт-дәстүрімізден алшақтап, ана тілімізді өгейсіткеннің кесірінен шаңырақтың шайқалуы, некесіз перзент секілді келеңсіз жағдайлар орын алып отыр. Бұл орайда қазақ қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Өз үйінде қонақ екенін, бұл үй оның уақытша мекені екенін ескертіп, төрден орын беріп, еркелете отырып болашақ өмірге дайындаған. «Жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету» дегенді ескерте отырып, барған жерге тастай батып, судай сіңу жолын түсіндірген. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді қалыптастырып, ас әзірлеп, іс тігуге машықтандырған. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», – деп ұл тәрбиесіне әке, қыз тәрбиесіне ана жауапты болған.
   Ұлы ер жетсе текті жерден қыз алып, қызы бойжетсе тәрбиелі жерге ұзатуды армандаған халықпыз. Бауыр ет баламызды ақ сүт беріп аялап, бойына сенім ұялата өсіреміз. Ұлының ұлықты, қызының қылықты болғанын армандаған елміз. Дүниеде ана махаббатынан қасиетті, ана жанашырлығынан асқан шынайылық  жоқ. Табиғаттың ғажайып құбылысымен үйлесім тауып, халқымыздың ғасырдан-ғасырға жеткен асыл мұрасын сақтап, оны тұтас ұлттың бойына дарытып отырған әйел затын қалай әспеттесек те, қалай құрметтесек те артық етпейді.
    Өкінішке қарай, қоғамда орын алып отырған көргенсіздіктер жүрегімді сыздатады. Тастап кеткен шараналар, өз баласын өзі тоңазытқышқа салып, аштан өлтіріп жатқан ата-аналар, әлеуметтік желілерде тәнін жарнамалаған бойжеткендер… тағысын тағы. Тіпті, баяғыда жаға ұстататын, жүрегің жарылардай шошитын жағдайларға бүгінде құлағымыз да, етіміз де үйреніп алды. «Қызға қырық үйден тыйым» дейтін, бейәдеп күлкіні жекіп тоқтататын ақжаулықты аналарымыз мына бір сұмдықтарға селт етпейтін болды.  Әлде бізде ақсақалдар мен ақжаулықты аналар қалмаған ба?! Оларды жоғарыдан ешкім жөнге салмайды. Сен жүрген, сен өскен ортаның жақсылығы мен жамандығына сенің де тікелей қатысың бар. Ойлан, ағайын!
    Жұрт болып барымызды бағалап, тентегімізді тезге салмасақ, онда қазақтығымыз қайда?! Осындайда құлдық сана деп құтылу аздық етеді.  Мейлі, солай-ақ болсын. Бірақ біз осы күнге аман-есен жеттік қой, ендеше, бар қазақтың аналары әрқайсысымыз өз парызымызды абыроймен атқарайық, еңсесі биік, жанары өткір, «арым – жанымның садағасы» дейтін намысты ұрпақ тәрбиелейік. Қоғамды бірге түзейік. Қазақ: «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады», – дейді. Яғни, денеге енген кеселдің айығуы ұзаққа созылатынын айтып отыр. Ал рухани кеселдің зардабы бұдан зор, мыңдаған есе ауыр болса керек.
    Біздің қазіргі ұлттық мәселеміз – қазақтыққа қайта алмай жатқандығымыз. Қазақтыққа тұщынбағалы қашан?! Ер жігіттің үш намысы бар: иманы, отбасы, Отаны. Иманын – шайтаннан, отбасын – бөтеннен, Отанын – жаулардан қорғау – ер жігіттің міндеті. Ал сол үш намыстың қорғаны, сақшысы, тазалығы мен парасаты әрқашан мына біздерге байланысты екені анық.
    Өнегелі ұрпақ, өрелі жастың тәрбиесі қашанда аналарымыздың бар ғұмырының мәні, алысты жақындатып, ағайынды тату етер бар өмірінің сәні. Адамзаттың алтын арқауы болып отырған нәзік жандардың рухани қазынасы сарқылмасын. Бұлақ болса, көзін ашайық, тұнық болса, лайламайық, дария болса, кемеліне келтірейік дегім келеді. Тілек деген «ыстық жүрек» пен «нұрлы ақылдың» тоғысы ғой. Біздікі – ел болашағы жарқын, әр азаматы саналы да сапалы, атадан балаға жалғасқан түп-тамырымызды бекіте түсетін сағақты, сөлді болса деген ниет, талпыныс пен тілеуқорлық.
    Бүгінгі мерекелік шақты пайдалана отырып, асыл аналарды берері мол тәлімгер болуға шақырғым келеді. «Ауруын жасырған өледі» дегендей, несін жасырамыз, заманымыз жыл сайын емес, сағат сайын құбылып, жалын сипатпай тұр. Айуан емес, адам болып жаратылған соң алмағайып заманның аласапыранына төтеп берейік, тамырымызды кеңге жайып, қазақы рухымызды көлденең көк аттыға ұстатпайық. Мен сіздерге қазақы тәрбиені, қазақылықты жоғалтпайық демекпін. Тәуелсіз елміз, шүкір, тәуба. Бірақ шүкіршілікті қарекетке қосайық. Ақын Сабыр Адай айтқандай, «әр қазақ менің жалғызым», тіпті, «әр қазақ біздің жалғызымыз».

    Тоқсан ауыз сөздің түйіні, адам тәніне билетсе – айуан, жанына билетсе – адам. Тән – уақытша, жан – мәңгілік. Құдайға құл болу – өзіңнің жаныңа құл болу. Жас болу – өнер, толып, кемеліне келу – ол да өнер, ең ақыры, дұрыс қартая білу де – өнер. Осыларды іске асыру үшін санамызды жаңғыртайық. Ал іске асыра алмасақ, у ішкеніміз ішкен. Сондықтан да біз бейбіт өмірде жанкешті іске кірісіп, бәрін өз орнына келтіруіміз керек. Бұл сіз бен біздің басты мақсатымыз болуы тиіс. Тарихтың талай зобалаңынан аман өткен қазақ елі бүгінде заманына сай әрекет етіп, өшкенін жандырады деп кәміл сенемін. 

Оразкүл АСАНҒАЗЫ,
мемлекет және қоғам қайраткері

 

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

«Жетісу» басты қарсыласынан басым түсті

05.03.2026
Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.