Талдықорған: +17°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨКТЕМ ӘНІ ШЫРҚАЛАР

8 наурыз 2018
КҮЛТӨБЕ
КӨКТЕМ ӘНІ ШЫРҚАЛАР
WhatsAppTelegramFacebook

    Қыс көрпенің түріп қойып түндігін, көктем жетті, бусанып тұр күн бүгін. Жұпарына еліктіріп, елітіп, Жер-анамыз ұсынады қыр гүлін. Қар мен мұздың бар болмысын жаншып ап, тамшы тамар жерді сүйіп, тарсылдап. Арықтардан су ағады сылдырлай, қыздың әсем шолпысының даусын сап. Бұл көрініс шақырады шабытты, дала кезбей тұра алмайды жан шыдап. Бусанады, буырқанып қыраттар, жыл құсы кеп, орман, тауды тұрақтар. Оюы мен салтанаты жарасқан, табиғатта ешкімде жоқ құрақ бар.


   Талай айды меншіктеген суықтық, осы кезде барлығынан жырақтар. Мұз астында жымыңдаған сиқырлы, көк шөпті еміп ағады енді бұлақтар. Көңіліңде күй күмбірлеп көктемнің, әсем әні құс біткеннің құлақта әр. Бүршігіндей жаңа ататын ағаштың, жылылыққа құшағымды жаңа аштым. Жаңбыр болып жауам сосын самалдай, сүю үшін жер-әлемді таластым. Жауқазын мен бәйшешекке асығып, қайта-қайта ақтарамын қар астын. Көптен күткен көктеміммен көрсеңіз, көбелекше гүлге қонып жарастым. Сүйем бәрін, туғанымдай сондықтан, елім үшін атқа қонып, тау астым. Туған жерді қастерлейтін қазақпен, туын бірге көтеремін Алаштың. 
    Жер бусанып, дүркірейді өзендер, артта қалып жатыр солай кезеңдер. Көктем сайын жаңарады ғаламшар, бұл тылсымды әу бастан-ақ сезген-ді ел. Қамданады, саулық сұрап жақыннан, той-думан бар, көкпар түспес тақымнан. Жақсылыққа жаршылық қып қашанда, тілек сұрар, дуалы ауыз ақыннан. Татуластық жарасымды жайт болып, тыныштығы кетпесе екен халқымнан. Көктем болса көкірегіңе қондырып, осындайда байқалады нар тұлғам. Қазағымның бағы басым қашанда, өйткені одан өлең-сөз жоқ артылған. Міне, осындай қалған бізге салт-сана, ұмытпаймыз жаһандану артса да. Ұрпақ жалғар, келешекке жеткізіп, тағдыр сынап, тауқыметін тартса да. Белің қанша бүгілгенмен ауырлап, берілуді ағайыным жат сана. Жаңа жылды көктем алып келеді, қара жерге дәнді дақыл себеді. Ақ батамен ел көгертер қария, алда талай арманымыз көп еді. Соны байқап, аспандағы алтын күн, шұғыласын еміреніп төгеді. Малы төлдеп, қазағымның осы кез, қой қозысын ықыласпен өбеді. Ақша бұлттар көрініске елжіреп, жаңбырлатып, ақ нөсерін төгеді. Бұл мезгілдің айтып бітпес сыры бар, бұлбұлдардың әсем үнді жыры бар. Ұлан-ғайыр даламызда сән берер, гүл аңқыған қыраты мен қыры бар. Атамыздың аманатын арқалар, қасиет деп ей, ұрпағым, ұғып ал. Талай дәуір армандарың орын ап, қуаныштан көздің жасын сығып ал. Жетелейді келешекке бақыт әр, бағаласақ алтын сынды уақытты әр. Көктем сайын сый ұсынад Жаратқан, жөні бөлек бұйыратын жақұт әр. Ән салады самал есіп, сыбырлай, қадірін де түсінбейсің ұғынбай. Бағымызға сай несібе мынау жер, ел түрікке атақоныс тұғырдай. Бір жағадан бас шығарып күні-түн, алға қарай адымдайық жығылмай. 
     Гүл көктем белгісіндей тазалықтың, дайындығы осында жаз алыптың. Өнімі де басталар күз келетін, барлығы да байлығы базарлықтың. Күн мен түнді теңейтін күн, бар жамандық атаулы жеритін күн. Тылсымы тамыр тартып тереңіне, Самарқанның көк тасы еритін күн. Шүкір, Алла! Бейбітшілік берекем, пейілі де қазағымның кең екен. Осы елде тұрақтайды ынтымақ, ықыласы жақсылықтың көп екен. Қуанышты бөлісетін көппенен, қазағымнан небір сынақ өтпеген. Көктем сайын арта түсер сыйластық, бүршігіндей алма ағаштың көктеген. Жер-жаһанды араласаң сан мәрте, туған жерге ешбір мекен жетпеген. Жаршы болып жақсылыққа тырыстық, адалдықты үлгі тұтып, ұлы іс қып. Көкек айы сәуле себер жаныма, көгершіннің әуеніндей жыр ыстық. Жайдарман жайт тамырланып тереңге, қабылдадық төрімізге ырыс қып. Сүйем оны көктемімнің құшағы,  ақ анамның пейіліндей тым ыстық. Ақ жүректен ақтарылар ақжолтай, тілейінші баршаңызға тыныштық!

Мәулен ӘНЕРБАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Елімізде 10 стратегиялық нысанның құрылысы қайта жанданды

Бүгін, 13:30
Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Талдықорғанда 2030 жылға дейін ауқымды жобалар іске асады

Бүгін, 13:00
Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Дәнді және майлы дақылдар бойынша жаңа сауда стратегиясы ұсынылды

Бүгін, 12:30
Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Аудандық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді

Бүгін, 12:05
Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Жаңа Ата Заңның стратегиялық басымдықтары

Бүгін, 11:31

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.