Талдықорған: +15°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

БОЛАШАҚТЫ БҮГІННЕН БАСТА

6 наурыз 2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің әдіскері  А. Бухарованың ұйымдастыруымен Рахат орта мектебінде   «Мектептегі психологиялық қызмет бойынша ата-аналармен жүргізілетін жұмыстағы тиімді әдістер» тақырыбында семинар өтті. Аталмыш семинарға аудан бойынша 45 психолог қатысты.

 

    Қоғамдағы көкейкесті мәселелерді жан-жақты қарастырып, тренинг, дәріс, бейнетаспалар арқылы ой бөліскен жиында болашаққа қадам жасаған баланың өз мүмкіндігін, өзінің өмірлік жоспарын жүзеге асыру үшін қайсар мінезі мен жетілген ерік-санасы болуы керектігі айтылды. 
   Негізінде баланы тәрбиелеуге ата-аналармен ынтымақтасу педагогикасын жүзеге асыру – оқушыға үй мен мектепте де бірдей талап қою деген сөз емес. Бұл ата-аналарды педагогикалық,  психологиялық дербес әдістермен таныстырып, өз баласын сүюді үйрету. Ересектер күнделікті өмірде бала психологиясымен санасып, олардың мөлдір сезіміне дақ түсірмей, бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарына сын көзбен қарап, үлгі болу керек. 
   Рахат орта мектебінің психолог қызметкерлері Айна Көмекбай мен Динара Кунусбаева бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана, әр перзент әке-шешеге қарап бой түзейтіндігін айта отырып, жасөспірімдер өздерін үлкендер тарапынан болатын зорлық-зомбылықтан, психологиялық қысымнан қорғай алмайтынын және қорғануды білмейтіндігін ескертті. Бірақ балалар ата-анасының мінез-құлқынан,  қарым-қатынас мәнерінен үлгі алатындығын ұмытпауымыз қажет. Сондықтан да жағымды қарым-қатынасты нығайту мақсатында ата-аналармен «Өтінемін» тақырыбында тренинг өтті. Сонымен қатар, ата-аналармен       «Стикердегі диалог» әдісін жүргізу арқылы өз ойларын жазып, пікірлерін қорғап, эмоцияларын білдіре алды.
    Педагогика ғылымының докторы В. Христофорова жаңартылған оқу мазмұнына тоқталды. Қазіргі заманда балалар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігін айтып, ата-аналарға жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. 
   Ұлы тұлғалардың: «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса», – деген ілімін негізге алсақ, ел болашағы жастардың өмірде табысты болуы ата-ана құзыретіне байланысты екендігі сөзсіз. 

Майгүл НАМАЗОВА,
Рахат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қатысты жаңалықтар

Сарыөзек ауылындағы 60 пәтерлік үй бойынша төлемқабілеттілікті растау басталды

Сарыөзек ауылындағы 60 пәтерлік үй бойынша төлемқабілеттілікті растау басталды

Бүгін, 11:00
Қызметкер жұмысқа кешікксе немесе қателік жіберсе айыппұл салына ма?

Қызметкер жұмысқа кешікксе немесе қателік жіберсе айыппұл салына ма?

Бүгін, 10:35
«Жетісу» футбол клубының легионерлері шешуші ойынға қатыспауы мүмкін

«Жетісу» футбол клубының легионерлері шешуші ойынға қатыспауы мүмкін

Бүгін, 10:00
Туған жеріне мың түп ағаш көшетін тарту етті

Туған жеріне мың түп ағаш көшетін тарту етті

Бүгін, 09:48
Орталық Азия экология министрлері Антальяда бас қосады

Орталық Азия экология министрлері Антальяда бас қосады

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.