Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

Басты мақсатымыз

28 ақпан 2018
САЯСАТ
Басты мақсатымыз
WhatsAppTelegramFacebook

Сыбайлас жемқорлық мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып келе жатқан кеселдің бірі. Бұл індет дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан нұқсан келтіруі ықтимал. 

Бiз жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Ол қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолдағы жеткен жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелердің бірі – ол сыбайлас жемқорлық. Елімізде оның алдын алу үшін арнайы қабылданған заңнамалар да аз емес, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек», – деген болатын. Соңғы жылдарда қоғамды жайлаған кеселге қарсы күрес елімізде қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, тәуелсіздік алғаннан бері 7 мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылды. Осы бағдарламалар сыбайлас жемқорлық көлемін қысқартуға мүмкіндік берді.
Қазақстандағы кез келген салада, соның ішінде құрылыс саласында  жемқорлық індетіне нормативтік-құқықтық актілердегі дискрециялық құзыреттер мен коллизиялар ықпал етеді. Сондай-ақ, әкімшілік тосқауылдар бизнес құрылымдарын дамытуға әсерін тигізеді. Сондықтан, бизнес пен қоғамды дамыту үшін осы Заңнамаларды оңтайландыруды, жетілдіруді тоқтатпауымыз қажет. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында қоғам дертіне қарсы стандарттар қабылдап, басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, біршама бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Оны жою, тәуекелдерді болдырмау мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді. Жалпы, қазіргі кезеңде азаматтардың құқықтық сауаты мен әділ бәсекелестікке деген, мемлекетке деген, сенімі артқандығына бәріміз куәміз. Мемлекеттік қызметшілердің сана сезімі өзгеріп, қызметтік әдептілігі жоғарылап, жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеу тиімділігі артып, сыбайлас жемқорлық қатерлерінің төмендегені байқалады. Бұл да осы қабылданып жатқан бағдарламалар мен іс-шаралардың оңтайландырылып жатқандығының көрінісі.
Жаһандық індетпен күресудің жаңа тәсілдерін қалыптастыруды тоқтатпауымыз қажет. Осыған орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі қағидалары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында, «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясыда бекітілді. 
Сөз соңында айтарым, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік қызметшілердің этикасын сақтауға бір кісідей жұмылуға тиіспіз. Елге адал қызмет ету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлықпен күресуге тарту, азаматтардың сана-сезімін оятып, елімізде әділ бәсекелестікті орнату басты мақсатымыз екендігін ұмытпауымыз керек.

Д.Әбдібеков,
Алматы облысының мемлекеттік 
сәулет-құрылыс бақылау
 басқармасы басшысы

Қатысты жаңалықтар

Дамудың стратегиялық негізі

Дамудың стратегиялық негізі

1 қараша 2026
Кел ,балалар, оқылық

Кел ,балалар, оқылық

1 қараша 2026
Мүмкіндік мекенге қарай ма?

Мүмкіндік мекенге қарай ма?

1 қараша 2026
Ұмыт қалған сөз сыры

Ұмыт қалған сөз сыры

1 қараша 2026
Сабырханның сұлу сөздері

Сабырханның сұлу сөздері

1 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.