Жұма күні түскі сағат 15.35-те төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау түсті. «Қызыл тас» саяжайын су алып жатқандығы жөнінде хабарланды. Қағылған дабылды естіген төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына жетті. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы тұратын төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтаумен қатар тұрғындарға көмектесуге шұғыл кірісті.
Сенбі күні оқиғаны өз көзімен көруге облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ келді. Ауа райының күрт жылынуына байланысты таудағы қар еріп, су көбейген. Ақпанның басында қатты суық болғаны белгілі. Сол суықтан тоң 70 сантиметрге дейін қатып, еріген қар суы жерге сіңбей жатыр. Сол себепті тұрғын үйлердің ауласын су басқан.
Аулаларды су басудың басты салдары тұрғындар арықтарды тазаламай су жүру жолдары бітеліп қалған. Жергілікті билік 2015 жылы бұл арықтарды толықтай қоқыстан тазартып берген. Арада үш жыл өтпей саяжай тұрғындары арықты қоқыспен қайта толтырып тастаған. Осындай келеңсіздіктің кесірінен арықтың ернеуінен асқан қар суы он үйдің ауласына кірген. Кей жерлерде арықты мүлдем көміп тастаған. Тіпті су ағатын арықтың үстіне монша салып қойған тұрғындарды да көзіміз шалды.
Төтенше жағдайдың зардабын азайту мақсатында жергілікті атқарушы органнан 50 адам, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 20 адам және 20-дан аса техника жұмылдырылды. Олар су басқан аулалардың суын сыртқа тасып, орнына тас төкті. Сонымен қатар арықтардың қоқысы тазаланып, жағалары биіктетілді. Түстен кейін су деңгейі төмендеп, қар суы Қаратал өзеніне қарай бағытталды. Осындай ауқымды шараның атқару барысын Амандық Ғаббасұлына төтенше жағдайдың алдын алу комиссиясының төрағасы, облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов егжей-тегжелі баяндады. Бұл жайтты өз көзімен көрген облыс әкімі жағдайды бұдан ары қарай да жіті бақылауды тапсырды. Мұнымен қоса облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысына облыстың барлық аймағындағы су тасқыны болатын қауіпті аймақтарды аралап, тексеруді тапсырды. Саяжайға түнгі кезекшілік қойып, тұрғындардың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды міндеттеді. Жалпы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша Талғар, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында да еріген қар суы аулаларды басқан. Жалпы алғанда 24 ақпан күні 17 оқиға тіркелген. Қар суының астында 66 аула қалып, оған 150-ден аса жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, 60 ТЖД қызметкері, 60 техника тартылып, 407,5 текше метр су сорылған. Ал 25 ақпан күні 9 хабарлама тіркелген.

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ