Талдықорған: +2°C
$ 493.36
€ 572.84
₽ 6.29
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТЫНЫШТЫҚ — БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

25.02.2018
КҮЛТӨБЕ
ТЫНЫШТЫҚ - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

    Қазіргі әлемнің назары Сирия еліндегі қарулы қақтығыстарға ауып отыр. Халқымыз ертеден «Шам» деп атаған өңірдің қазіргі ахуалы мүшкіл. Бейбіт тұрғындары соңғы үлгідегі әскери техниканың соққысынан көз ашпай, сәбиліктің тәтті сәттерін бастан өткерер бүлдіршіндері қанқұйлы соғыстан күрт есейіп барады. Қара тулы халифат құрмақ болған ДАИШ ұйымының бүлігінен туындаған ұрыс басталғалы 500 мыңнан астам адам қаза тапқан. Ресми мәліметке сенсек, миллиондаған адам босқындықтың қамытын киіп, шекара асқан.

 


    Қалай болғанда да Ресей, Түркия, Иран елдерінің бірлесуімен әскер кіргізіп, Сирия президенті Башар Асадтың режиміне жасалған қолдаудың қырсығы таусылмай тұр. Өйткені, ту-талақайы шығып жеңілді деген лаңкестер сол аймақтағы қалаларға қоныстанып, елді ішінен ірітпекке кіріскен. Оған Астанада өткен бітімгерлік келісіміне қатысқан сириялық оппозиция өкілдерінің қырысқан қабағы мен тырысқан ұстанымы дәлел. Сол жолы келісудің орнына Башар Асадтың билігін мойындағысы келмейтінін білдіргендер талай бүлікке түрткі болардай көрінген. Анығын Алла біледі дейік, тыныш жатқан Шам өлкесі тыныштығының быт-шытын шығарған лаңкестік ұйымға солардың көмегі тимесіне кім кепіл?!
    Жақында Сириядағы соғысқа жалдамалы әскер жұмсаған «Вагнер жекеменшік әскери компаниясы» қырғынға ұшырап, ұзын саны 215 жауынгердің оққа ұшқаны белгілі болды. Колоннаға тізіліп, әлдебір зауытты басып алуға бет алған әскери техника ауыр артиллерияның соққысынан тарыдай шашылады. Отқа оранған көліктен шыға қашқан жаяу жауынгерлерді тікұшақ мінген АҚШ әскері жайратып тастағанының бейнетүсірілімі интернет желісіне таралып кетті. Шыны керек, Дейр-әз-Зор провинциясында орын алған шетін оқиғаның рас-өтірігін көпшілік ажырата алмай дал болуда. Өйткені алғашында Украина сарапшылары таратқан мәліметті ресейлік идеология жоққа шығарғысы келген. Тіпті, ә дегенде Ресейдің қорғаныс саласы бар-жоғы 25 жауынгердің қаза тапқанын айтып сендірген. Осы оқиға жөнінде мәлімет таратқан «The New York Times» басылымына хабар берген Сирияның офицер шенді қызметкері соққыны АҚШ бастаған халықаралық әскери коалицияның жасағанын айтқан. Жалдамалы әскердің қырылғаны туралы хабарды Мәскеу әзірше растап немесе жоққа шығарған жоқ. Ең қызығы, авиасоққыдан жан тапсырған жалдамалы әскердің, яғни «Вагнер жекеменшік әскери компаниясы» деп аталған жасақтың Украинаның бүтіндігіне нұқсан келтірген Донбасс Халықтық республикасын құруға қатысқаны да айтылып қалды.
    Енді әлеуметтік WhatsApp желісі арқылы Ресей әскерилері таратқан аудиожазбаларға тоқталсақ, бүтіндей ротаның көзін жойған шабуылдың кенеттен басталғанын ұғуға болады. Орысша боқтық сөз араластыра оқиғаның қалай өрбігенін сипаттағандар Ресейдің Қорғаныс министрлігін жерден алып, жерге салады. Ешқандай көмек бермегенімен қоймай «әскери қақтығыстан 25 жауынгер оққа ұшты» дегенді телеарналардан хабарлауды сатқындық деп есептейді. Шындығында өзгенің жеріне қарумен барған жанның сол қарудан қаза табатыны белгілі. Адам баласына түскен қасиетті төрт кітаптың бірі – Інжілде айтылатын ғибратты насихат өмірлік тәжірибеге айналған. Сондықтан жалдамалы әскер сол соқпаққа түсерде басын бәйгеге тіккен-ді. Соған орай мұнай өңдейтін зауытты басып алмақ болғандар қақтығысқа кезігетінін жақсы білген. Алайда күтпеген соққы күйретіп кетті. Жүздеген жауынгердің өмірін қиған қырғынның артында табыс көзіне таластың жатқандығын білу аса қиын емес. Сондықтан бәледен машайық қашыптының керін келтірген Ресей саясаткерлері үндемей құтылуды мақсат етіп отырған тәрізді. Әйтпесе, жалдамалы болса да 215 жауынгердің Мәскеудің мүддесі үшін аттанғаны анық.
    Енді бір айта кететін нәрсе – Сириядағы соғыстың соңында Башар Асад қарсыластардың бәрін құртуға бет алғандай көрінеді. Өйткені, лаңкестер құрған «Ислам мемлекеті» – ДАИШ-тың содырлары түгелдей құртылған соң Ресей әскері «Сирия демократиялық күштері» атанған оппозиция бірлестігін тентіретуді көздеп, бейбіт елді ұшақтармен шабуылдады. Соның өтеуіндей етіп, шабуылдаушы «Су-25» ұшағын атып түсіргендер ұшқыштың өлімі бейнеленген түсірілімді бүкіләлемдік интернет желісіне салды. Сол арқылы қоқан-лоққы жасағандардың әрекеті Ресей Қарулы Күштерінің майоры Роман Филиповтың есімін күллі әлемге паш етті. Батыр атағы берілген ұшқыштың артында шиеттей балалары қалды. Сарапшылар жасаған болжамдарға қарағанда, Ресей Президенті Владимир Путин Сириядағы лаңкестік топтардың жойылғанын айтып, әскерін шығаруға кіріскеннен бастап жауынгерлерге жасалған шабуылдар көбейген. Соның нәтижесі осындай болып жатыр. Бұл ресейлік саясаттанушылар мен сарапшылардың пікірі. Әр елдің мемлекеттік мүддесіне орай пікір айтып, болжам жасайтын сарапшылардың ойының әр кезде дұрыс шыға бермейтінін ескерсек, қырғын көрген жергілікті халықтың айтары мүлде басқа екенін байқаймыз.
    Осыған байланысты ел ішінде Ресей Федерациясының ұстанымы, әскери бағыты дұрыс екендігін әйгілейтін әрекеттер шыға бастады. Қашанда қандай төтенше жағдайға да сақадай сай болуды көздейтін мемлекеттің пиғылы өзге елдерде дайындық өткізуді қалайтындай. Сол арқылы әскери жаттығуды жетілдіру қажеттігі алдыңғы орынға шығады. Осындай көпе-көрінеу басымдықты білдіру әлемдік саясаттың ойынына ұқсайды. Баяғыда ауылдың бір шалы: «Саясат дегенің менің ауылдағы сасық қулығым екен ғой» – депті. Сол айтқандай, әлемге гегемония жасағысы келетін АҚШ-тың ашық қарсыласы Ресей үш кесілсе де кесірткелік қауқары бар екендігін танытқысы келетіндей. Қалай болғанда да әлемдік қауымдастықтың алдында адамдық қасиетпен ғана асқақтауға болады. Ол үшін аразды татуластыруды көздеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымы басқа елдерге үлгі болуы тиіс.
    Қазіргідей ғылыми-технологиялық революция дәуірлеген тұста адамзатты білім құтқарады. Алынған білім ұлттың асыл құндылығымен астасқанда ешкімді жау көрмеу, алысты дұшпан тұтпау, өзгенің дүниесіне көз алартпау секілді адамзаттық ұстаным алға шығады. Алайда адасу мен ақиқаттың арасы бір-ақ аттам екен. Жақында Сирияның Дейр-әз-Зор провинциясында лаңкестер қатарында жүрген әйгілі неміс әншісі Деннис Куперттің қаза тапқаны айтылды. Қара тулы ДАИШ ұйымына 2013 жылы кіріп, Абу Тальха әл-Альмани деген есімді иеленіп, әндерінде терроршыларды мадақтаған рэп әншісі Гаранидж қаласы үшін болған ұрыста көз жұмған.
    Жаратқан Алла Тағала елімізді соғыс өртінен, бүліншіліктен сақтасын деп тілейік.

Мәди АЛЖАНБАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

Бейбіт Исабаев «Жетісу» волейбол ерлер командасының ұжымымен кездесті

05.03.2026
Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

Экотуризм: Ұлттық парктер мен қонақ үйлер жаңа деңгейге көтерілді

05.03.2026
Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

Жетісуда 8 Наурыз қалай тойланады

05.03.2026
Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.