Талдықорған: +3°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТУРИСТІК НЫСАНДАР ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

24.02.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Көлсай мен Қайыңды көлін бауырына басып жатқан Райымбек ауданында туристерді қызықтыратын көрікті жерлер көп. Кейінгі жылдары алтын мен көмір өндірісі елдің әл-ауқатын арттыруға зор септігін тигізе бастады. Деректерге қарағанда, Райымбек ауданында 9 миллион тонна көмір қоры бар. Бұл дегеніміз, сол өңір тұрғындарын жұмыспен қамтып, аудан бюджетін толықтыруға сеп. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Жолан ОМАРОВ осыған дейін атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттердің орындалу жоспарын журналистерге айтып берді.

 

    Биылғы он айда шекара шебіндегі өңір тұрғындары 20 млрд. 481 млн. теңгенің өнімін өндіріп, кіріс көлемін еселей түсті. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 363 ірі қара,  «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 1350 қой-ешкі, «Құлан» бағдарламасы бойынша 100 бас жылқы сатып алынып, жоспар артығымен орындалған. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруда Райымбек ауданы алда келеді. Бұл жұмыс істеймін деген адамға жол ашатыны белгілі. Ауданда төрт түлікті түлетуге жағдай мол. Әсіресе, картоп өндірісін қолға алу керек. 
– Биылдан бастап ауданда картоп өндіруді қолдауға барынша назар аудармақпыз. Бүгінде «Жетісу» ӘК» ҰК арқылы 850 млн. теңге қаржы бөлініп, Голландиядан сортты картоп тұқымын алуға келісім жасалды. Оны 200 гектарға егіп, 600 тонна өнім аламыз деп отырмыз. Осы арқылы тұқым шаруашылығын жандандырып, келесі жылы егіс көлемін 2 мың гектарға ұлғайтпақпыз. Картоп шаруашылығын жандандыру мақсатында сервистік қызмет көрсету орталығы да көптеп ашылады. Сонымен қатар, картоп өнімін саудаға шығарып, қаржы табуға да болады. Айталық, бүгінгі күнде қажеттілік Астана қаласында 68 мың, Алматыда 123 мың, Алматы облысында 438 мың тоннаға жетіп отыр. Демек, осы арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтудың қосалқы жолы қалыптасады,  – дейді аудан әкімі.
    Райымбек ауданында мал шаруашылығы ғана емес, шағын және орта бизнесте өркендей түскен. Әкімнің айтуынша, ауданда бес жарым мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Сонымен бірге,4 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылып, салық түсімдері артқан. 
– Бір қуанарлығы, аудан кәсіпкерлері қазір өз қаржысымен аяқкиім фабрикасын ашып жатыр. Алдағы уақытта кәсіпкерлермен бірлесе отырып тері илейтін цех салуды қолға алмақпыз. Өйткені ауданымызда жарты миллионнан астам қой-ешкі, 100 мың басқа жуық ірі қара бар. Айта берсек, тек біздің ауданда өсірілетін биязы жүнді қойдың жүні басқа өңірге қарағанда сапасы жағынан алдыңғы орында тұрады. Осы байлықты қайта өңдеу тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек, – дейді Жолан Ыбырайақынұлы.
    Ауданда білім, денсаулық, мәдениет, туризм, әлеуметтік саладағы жетістіктер де көңіл қуантарлық. Құрылыс саласындағы қарқынды істердің нәтижесінде аудан орталығы, ауылдар түрленіп келеді. Әсіресе, туризм саласына құйылған қаржы көбейген.
– Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Көлсай көліне дейінгі 8 шақырым жолды жөндеу жұмысы биыл аяқталады. Бұдан бөлек Қайыңды көліне дейінгі 12 шақырым жолдың жобалық-сметалық құжаттарын дайындау үстіндеміз. Сонымен қатар, Көлсай көлінің бас жоспары жасалып, 12 гектар жерге туристік нысандар салынбақ. Ол жерде 3, 4 жұлдызды қонақүйлер бой көтереді. Өткен жылы осы аталған жерлерге 40 мыңға жуық турист келіп, демалып қайтыпты. Енді осы жерлердің инфрақұрылымы жақсартылса, келіп-кетушілердің қатары арта түсетіні анық. Айта кетерлігі, ауданымыз экотуризмді дамытуға табылмайтын өңір, – дейді аудан басшысы.
   Алдағы жұмыс жоспары ауқымды. Мәселен, болашақта өңірдің экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру үшін Саты ауылынан өңірлік музей, жергілікті өнімді саудалайтын сауда орталығы, ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын этноауыл ашылмақ. Сондай-ақ, картоп өндірісін өркендетіп, туризмді дамыту жолдары басты назарда болмақ.

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

Су тасқынына дайындық: Олжас Бектенов Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді

05.03.2026
Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

Жерорта теңізіндегі маңызды серіктес: Қазақстан мен Грекия арасындағы диалог нығая түспек

05.03.2026
Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

05.03.2026
WBO Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесіне қатысты соңғы шешімін шығарды

WBO Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесіне қатысты соңғы шешімін шығарды

05.03.2026
ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.