Талдықорған: +8°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауған соғысы ардагерлеріне

16.02.2018
КҮНДЕРЕК
Ауған соғысы ардагерлеріне
WhatsAppTelegramFacebook

Алдағы уақытта «Нұр Отан» партиясының облыстағы филиалы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы бойынша Ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен бірлесіп жұмыс жасап, екі ортада тығыз байланыс орнатпақ. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев айтты.

Жиын «Нұр Отан» партиясының өңіріміздегі бөлімшесінде өтті. Тақырып: «Ұрпақтар сабақтастығы». Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, ұстаздар және «жасотандықтар» қатысты. «1989 жылдың 15 ақпаны – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күні. Көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдарды  бастан кешкен, сол кезде қаза болған бауырларымызды еске алатын күн, – деп сөз бастады Ғалиасқар Төлендіұлы, 
– Майдангер азаматтар жастарымызды отансүйгіштікке баулитын, өмір мектебінде шыңдалған жандар. Ауған соғысының ардагерлері Екінші дүниежүзілік соғысты көрген ақсақалдардың лайықты ізбасары деп білеміз. Жат ел топырағында ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің жарқын есімдері ел тарихында алтын әріптермен жазылды. Біз олардың көрсеткен ерлігін еш уақытта ұмытпаймыз. Облысымыздағы Ауған соғысының ардагерлерін түгендеп, түзіп тағы бір кітапты жарыққа шығаруды қолға алсақ». 1979-1989 жылдар арасында Ауған соғысына Қазақстаннан жалпы 22 мың адам қатысты. Олардың 761-і сол топырақта қаза тапса, 21 жауынгер хабарсыз кетті. Бүгінде елімізде он мыңға жуық Ауған соғысының ардагері бар. Олардың 3500-ден астамы мүгедектер қатарында. Облысымыз бойынша ардагерлер саны – 1957 адам. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасарынан кейін сөз алған «Алматы облыстық Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Жаңабаев: «Сол елден мүгедек болып келгендер көп. Олар мемлекет тарапынан айына 30 мың теңге алады. Шынтуайтқа келгенде бұл сома қайда жетеді? Дәрі-дәрмегіне жұмсай ма, жоқ, тұрмыстық жағдайына пайдалана ма? Осындай мәселелер «Нұр Отан» партиясының кеңсесінде қаралу керек, ардагер есебінде айту бізге парыз. Біздің сіздерге беретін жазбаша өтініштеріміз, тілектеріміз бар, – дегеннен кейін, жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысындағы ойын да ортаға сала кетті. 
Айтылған мәселе алдағы уақытта талқыланып, қаралатын болды. «Жауынгерлік бауырластық» Алматы облысы бойынша соғыс және әскери қызмет одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Ерғожанов та жиналған жастарға өз ақылын айтып, мақсатқа жету үшін жүйелі жоспар құрып талпыну қажеттігін айтып өтті. 
Кездесу бұдан кейін  марапаттау сәтіне ұласты. Ғалиасқар Төлендіұлы Ауған соғысы ардагерлерін «Нұр Отан» партиясының атынан Алғыс хат және сыйлықтармен марапаттады. Марапатталған тізімде Болат Кемелханов, Кенжехан Қалықов, Қажымхан Жайлаубеков, Өмірсерік Сүлейменов, Мұхтар Молдабаев, Қайрат Далабаев, Мұрат Есімбаев, Разбек Мырзағалиев, Серік Сәрсәмбиев, Әлібек Ауханов, Қайрат Жаңабаев пен Еркін Ерғожанов бар.        
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді», – деген болатын. Содан кейін де біз жанымызда жүрген жауынгер жандарды өзгеше құрметтеуге тиіспіз.  
Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Серік ҚАНТАЙ

 

ОТ КЕШКЕНДЕР

Алғабас ауылдық округінің кітапханасы мен Мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесіп «Ауған соғысының қасіреті ұмытылмайды» атты шара ұйымдастырды.Шара аясында ардагер Советхан Табылдиев пен Ғафу Қабытайұлы Алғабас орта мектебінің 10-сынып оқушыларымен кездесті. От кешкен бір кездегі сарбаздар жауынгерлік рух, намыс жөнінде сөз қозғап, Ауғанстандағы оқиғаға кеңінен тоқталды. Алғабас ауылынан Ауғанстан жеріне жеті жауынгер аттанған. Жиналғандар жат жерде қаза болған жерлестері Нұрлан Ләбілданов пен Еділ Мұхамедкерімовті еске алды. Алдағы уақытта да Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер өткізіліп тұрмақ. 

Венера Қонысбаева,
Алғабас ауылдық кітапханасының 
кітапханашысы
Көксу ауданы

 

ЖАТ ЖЕРДЕГІ ЕРЛІК

Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу өтті. Шараға Ауған соғысы ардагерлері, ЖОО мен колледж студенттері қатысты.

Қайғы мен қасірет әкелген сұрапыл Ауған соғысы тарихы жайлы, сондай-ақ, онда қайсарлық танытқан азаматтардың ерлігі баян етілген «Мен көрген соғыс» атты бейнефильм көрермен назарына ұсынылды. Алғашқы сөз тізгінін алған «Алматы облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Жанабаев:
– Тарих беттерінде өзіндік із қалдырған Ауған асуының ақиқаты жайлы өздеріңізбен бөлісу, сол күндерде қатерге бел буып, ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлер жайлы сыр шерту мен үшін үлкен құрмет. Біз ауған халқы алдында интернационалдық борышымызды өтедік. Сіздер, келешек ұрпақ, Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын ержүрек батыр атаның ұрпақтарысыздар. Қазір еліміз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тыныш, бейбітшілік заманда өмір сүріп отыр. Әрдайым солай болғай, – деді. 
Жастық шағының бір кезеңін оқ пен от астында өткізіп, ұрпаққа өмір жолын өнеге еткен Кенжехан Халықов жастарға ақыл-өсиетін жеткізсе, Өмірсерік Сүлейменов жүрек төрінде өрілген жыр шумақтарын паш етті. Сонымен қатар, кеш барысында өнерпаздардың орындауында патриоттық әндер шырқалды. 
Қазақстаннан Ауған соғысына        22 000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Ұрыста қаза тапқан жауынгерлердің ерліктерін есімізде мәңгі сақтау қасиетті борышымыз. Бүгінгі таңда қазақ елінде 10 000-ға жуық Ауған соғысының ардагері бар. Олардың 3000-ға жуығы мүгедектер қатарында. Өкінішке қарай, жылдан-жылға олардың қатары сиреп барады. Ауған жерінде қару асынып, мұң арқалаған, сын сағаттарда бірін-бірі бауыр десіп елге аман-есен оралғандар бүгінгі күні Отанымыздың түкпір-түкпірінде еңбек етуде. Оларға деген сый-құрмет ешқашан жоғалмайды, жоғалмақ емес. 

Әмина Құдайбергенов

 

Қатысты жаңалықтар

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

Алакөл жағалауындағы инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінеді

25.03.2026
Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

Бүгін – Қаршыға Ахмедияровтың туғанына 80 жыл

25.03.2026
Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

25.03.2026
Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

Дәстүрдің цифрлық кеңеюі: Жетісу облысы Наурыз қорытындысын шығарды

25.03.2026
Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

Бір дәптер – бір дәуірдің куәсі

25.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.