Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ең үлкен марапат халықтың алғысы

18.01.2018
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Ең үлкен марапат халықтың алғысы
WhatsAppTelegramFacebook

Сот саласы – қашанда ауыр да күрделі, міндеті мен мақсаты үлкен бағыт. Осы жолда еңбек етіп, еліне адал қызмет көрсетіп жүргендерге халық өз бағасын берді. Осы орайда ел аузында жүрген Көксу аудандық сотының төрағасы Қайрат ИМАНХАНМЕН тілдесудің сәті түскен еді. Өзі басқаратын ғимараттың тазалығына, ұқыптылығына есіктен кірген бетте тәнті болсақ, тәртіп пен ұстанымның да жоғары екендігін әр қызметкерінен байқауға болады. 

– Қайрат Мәметайұлы, әңгімемізді Көксу аудандық сотының төрағасы болып келген кезіңізден бастасақ.
– Көксу аудандық сотының төрағасы болып қызмет істеп жатқаныма, бұйыртса, көктемде бес жыл толады. Осы жылдар ішінде біршама істер атқарылып, біраз жұмыстың шетін қайырып тастадық. Әлі де істейтініміз көп. Оны халық баспасөз беттерінен оқып, телеарна арқылы көріп те жатыр. Ақпараттың заманы болғандықтан әр ісіміздің нәтижесін біз де сайттарға жариялап, газет-журналдарға беріп отырамыз. Жұрт  білуі керек. 
Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша  Жақып Асанов Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметіне тағайындалды. Алдағы күндерге жоспарлар құрылып, мақсаттар мен міндеттер жүктелді. Қазір акциялар жүріп, түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр, оған да атсалысудамыз. 
– Сіздерде электрондық жүйедегі жұмыс жақсы жүріп жатыр. Оны көріп жүрміз. Осы турасында кеңінен айтып өтіңізші. 
– Бұл жүйе – халықтың сот саласына деген қолжетімділігін арттырудың бір жолы. Сот саласына қатысты қандай да бір ақпараттарды оңай алуға, белгіленген соттардың уақытын білуге, біздің қызметкерлермен тұрғындардың арасында тығыз байланыс орнатуына арналған. Сайтымызда «Сот кабинеті» деген бөлімнің жұмыс істеп жатқанына екі жыл  болды. Ол жерде тұрғындар үйлерінде отырып-ақ арыз-шағымдарын қалдыра алады. 
– Кез келген адам пікір қалдыра ала ма сонда, жоқ әлде сол жерге тіркелгендер ғана ма?
– Жоқ, арнайы тіркелгендер ғана қалдырады. Сайтта жеке мәліметтері болуы шарт. Оны Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жасайды. Келіп түскен арыз-шағымдардың барлығы қаралады, тіркеуге алынады. Халық бізге емес, біз халыққа қарай жүруіміз керек. Ауылды жер болғаннан кейін түрлі жағдайлар да орын алады. Аудан орталығынан 70-80 шақырым орналасқан елді мекендер бар. Сол алыс ауылдағы тұрғындар үшін жақсы іс болды. Бұл Үкімет тарапынан атқарылып жатқан игі істердің бірі. Президентіміздің тікелей тапсырмасымен қолға алынып, жүзеге асып жатқан жұмыстар, сот саласындағы өзгерістердің барлығы – халықтың қолжетімділігі үшін. 
– Қазір көптеген соттарда барлық істер бейне- жазу құралдары арқылы өтеді. Сіздерде қалай?
– Бізде де осы үрдіс қалыптасқан. Дыбыс және бейнежазу құралдарынсыз сот процестері өтпейді. Істі қарап жатқан судьядан бастап, залда отырған қатысушылардың іс-әрекеті толықтай бейнеге жазылады. Және айта кету керек, мәселен сот процесі бүгін сағат 10-да болады десе, сол уақыттан бір минутта кешікпейді. Ал жарыққа байланысты, токқа қатысты мәселелер болып жатса құжаттама жасалып жататын сәттер де болады. Ол енді кешіріммен қарауға тұратын жағдай. Бейнежазбалар сотқа қатысушыға да, айыпталушы және судьяларға да өз кезегінде пайдасын тигізіп жатады. Келген адамдардың барлығына бейнежазбаның жүріп жатқандығын айтамыз, ескертеміз. Бәрі заң жүзінде. 
Қазір бізде «Төрелік» деген бағдарлама бар. Сот қай уақытта басталды, бітеді, бейнеге жазылу барысы, төрағаның шешімдері барлығы сол жерде көрсетіледі. 
– «Төрелік» бағдарламасы дедіңіз ғой, осы бағыттың жұмыстарын атап өтіңізші.
– Жаңа, сөз басында, «Сот кабинеті» туралы айттым ғой. Сол жерге жазылған арыздар мен шағымдар, құжаттар, әр- түрлі үлгідегі хаттар келсе барлығы 100 пайыз тіркеледі. Ал ол тіркелгеннен кейін «Төрелік» деген бағдарламаға енеді. 
Бұрындары төраға келіп түскен азаматтық, не қылмыстық, материалдық істерді «ана судья қарасын, мына судья қолына алсын» деп бөліп отыратын, ал қазір бәрі басқаша. Қазір істер, шағымдар тіркелгеннен кейін автоматты түрде бағдарлама арқылы бөлінеді. Оған ешкім араласа алмайды, мен де, кеңсе меңгерушісі де. Бөлінгеннен кейін судьялар жауап беріп, қандай да бір іске шешім қабылдап, сол шешім бойынша қаттамалар жазып жатсақ, олардың бәрін бес күннің ішінде енгізуіміз керек. Ал бес күннен кейін енгізілмей қалса, онда ол біздің заңды бұзғанымыз болады. Қандайда бір өзгерістер сайтта көрініп тұрады. 
   Бұл сот саласында орын алып жатқан өзгерістердің үлкен бір жетістігі. Әсіресе, бұрын қатпар-қатпар қағаздарды тау ғып үйіп отыратын судьялардың ауыртпалығын жеңілдетіп, көп көмегін тигізіп жатыр. Ал ғимаратқа келіп өтініштерін айтып, пікірлерін білдіріп жататындар да бар. Қолымнан келгенше көмек беріп отырамын. Жалпы, ең үлкен марапат, ол – халықтың алғысы, батасы. Одан асқан құрмет жоқ шығар.
– Елбасымыздың он бағыттан тұратын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тоғызыншы бағыты «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталады. Осы тұрғыда қандай істерді қолға алып жатырсыздар? 
–  Өз арамызда талқылап, ойларымызды айтып, пікір білдіріп жатырмыз. Тек тоғызыншы бағыты сотқа қатысты екен деп басқасына көңіл бөлмей жатқан жоқпыз. Барлығын қамтимыз. Ал жемқорлыққа қатысты дәл қазір түрлі шаралар ұйымдастырылып, «дөңгелек үстелдер», брифингтер өтіп жатыр. Түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 
– Әңгімеңізге рахмет!
 

Әңгімелескен  
Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.