Талдықорған: -2°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚАҒАЗБАСТЫ ҚАЗАҚСТАН

13.01.2018
КҮЛТӨБЕ
ҚАҒАЗБАСТЫ ҚАЗАҚСТАН
WhatsAppTelegramFacebook

    Еңкіш тартқан егде кісі зәулім мекеменің есігінен еніп барады. Шаршағаны баспалдақтағы мардымсыз адымынан байқалады. Қолына үлкенді-кішілі мөр басылған қағаздарды қабаттап жинап алыпты. Қажыған келбетіне қарасақ, қағаздарды көтеріп жүргеніне кемінде апта асқан. Бір басшының қаламсаппен сүйкей салатын қолы мен көк сияға малшынған мөрі үшін ғимараттың есігін сан мәрте ашқанын біз әңгімеге тартқанда ғана тарқатып айтып берді. Бар айтарын ішіне бүгіп, бүгін де «ертең келдің» керімен кері қайтуы әбден мүмкін еді. Бірақ осы жолы айы оңынан туып, дөңгеленген мөрін де, шимай қолын да қойдырып алды. Әуре-сарсаңға түсірген әлгі мекемеден шыққан соң да апталап жинаған қағаздарын қайыра бір түгендеді. Қағаздың жұмысы бүгін біткеніне әлі де сенер емес. Төс қалтасында төрт бүктеліп тұрған апта бойғы «жемісі» дайын. Енді егде кісінің мұртын балта шаппайды. Өйткені, Қазақстанда ақ параққа басылған мөр мен қол болса жеткілікті, даукестерге дәлелдеудің, күмәншілдерді сендірудің ең тиімді жолы осы. Кеңестік кезеңнен ілескен қағазбастылық қанымызға сіңіп алғандай елестейді кейде. Қашанғы жалғасар екен деп ойлаудың өзі қорқынышты.

 

     Мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ-та, байтақ батысты алып жатқан Еуропа елдері мен шығыстағы Оңтүстік Кореяда электронды әдіспен іске асып, бір тетікпен тексерілетін құжаттардың дені бізде қағаз бетінде ғана құзыретті, қағаз жүзінде ғана қауқарлы. Дәтке қуат, кейбір жүйелер электронды басқаруға көшкенімен қағазбастылық қатардан қалмай келе жатқаны ойландырады. Қағазсыз қызметі алға баспайтын мекемелердің санатында білім және ғылым ордалары, Халыққа қызмет көрсету орталықтары, түрлі саладағы басқармалар мен емханалар, ауруханалар алдыңғы саптан көрінеді. Бір ғана автокөліктің өзінде жылдық салығын анықтайтын, сақтандыратын, техникалық байқаудан өткізетін, қысқасы, үш қағазы бар. Оған қосымша қызметтік көліктердің жол қағазын қосыңыз. Әрине, бұлардың бәрін жүйелеп, бір жеке куәліктің немесе жүргізу құқығын беретін құжаттың ішіне электронды нұсқада сыйдырып жіберуге болады. Алайда бұлай істеу елді мекенсіз аймақта жол тыныштығын күзететін сақшыларға екі есе жұмыс тудыруы мүмкін. Оларға дәлелді қағазды қолына ұстатқан, сол жерден анықтап оқыған тиімді. Бір құжатпен көзді-ашып жұмғанша жылдам іс бітіретін қоғам қашан орнар екен дейсіз осындайда опынып.
    Иә, қағаз бетінде қолға ұстап сезінетін, көзбен көріп, көңілге сенім ұялататын мөр мен қолдың тұруы қажет. Бұл кешегі кеңестік кезеңнен қалған ескі сананың сарқыншағы ма, әлде әлемдік стандарттың бір түрі ме деп ойлайтын болсақ, басымыздан өткерген бір оқиға ойға оралады. Оңтүстік Кореяға барған сапарымыз еді. Таң самалы елінде айлық тағылымдамадан өттік. Курс соңында Сеул қаласында бір айлық дәрісті тыңдағанымыз туралы сертификаттар табыстады. Қатты қағаздың бас жағында университет атауы, марапаттау мәтіні, сосын дәріс берген адамның аты-жөні ғана жазылған. Бірден ойымызға оралғаны – Қазақстанда бұл қағазды қабылдамайтындығы.
–Мына куәліктің мөрі мен қолы қайда? – менің ғана емес, Қазақстаннан барған бір топ студенттердің жанайқайы еді бұл. Кореялық университет өкілдері біздің сауалымызға аңырып, түсінбеген кейіп танытты. Біз бұл сертификатқа Қазақстанда ешкім сенбейтінін жеткіздік. Ұстаздар қауымы бастарын шайқасты. Таңырқап қарап: «Біздің елде мөр деген болмайды. Университеттің аты, курстың тақырыбы, фамилиясы тұр ғой. Одан артық не керек? Электронды жүйемізде тіркелген, ең бастысы», – деп сыпайы жауап қатты. Қазақстандық білімгерлер бұл жауапқа, әрине, қанағаттанбады. Ертеңгі күні ректор шақыртып, сенімсіздік танытса қайтпек керек деп даурықты да кетті. Сол кезде Қазақстандағы қағазбастылыққа налып, санамыздың да мөр мен қол қою қалыбымен шектеліп қалғанын түсіндік. Шетелдік куәліктен сескенді ме, елге оралған студенттердің сертификатын жоғары оқу орны сөзбұйдаға салмай мөрсіз-ақ қабылдады.
     Қағазбастылық білім мен ғылым мекемелерінен бұрын денсаулық сақтау саласына зардабын тигізіп отыр. Бұл сөзіміздің дәлелі – науқастардың қағаз арқалап, дәрігерлердің есігін тоздыруы. Медициналық кітапша – қағаз, анализ нәтижесі – қағаз, ауырғаны туралы анықтама – тағы да қағаз. Жай ғана медициналық тексеруден өтудің өзі машақатқа айналғандай. Хирург, дәрігер-терапевт, көз дәрігері, невропатолог секілді бірнеше сала мамандарына тексерілу үшін қолыңызда тағы да қағаз болуы қажет. Олар қолыңыздағы қағазыңызды өздерінің алдында жатқан қағазға тіркейді. Кейін ол қағаздан жылдық есептің қағазына көшіреді. Қағаз мектеп қабырғасында тіптен үлкен маңызға ие. ХХ ғасырдың соңында қолданысқа компьютер енгізілгенде көпшілік бірден қағаздан құтылатынын жарыса жазып, әлемді электронды жүйе басқаратынын айтып еді. Алайда Қазақстанда компьютердің саны нешеу болса, қағаздың да көлемі тонналап артып кеткендей сезіледі. Бейнебір қағазға шығарылмаған құжат негізсіз, дәлелсіз сияқты. Шын мәнінде солай ма?
    Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда Қазақстан құжаттандыруда көшілгері дамыды. Мемлекет деңгейінде қолға алынған «Бір терезе» жүйесі, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мекемеден-мекеменің табалдырығын тоздыруды тоқтатып, қағазбастылықты бірнеше есеге қысқартты. Тіпті, электронды қызмет көрсетумен көптеген құжаттар шешілетін жағдайға жетті. Десе де, кейбір салада қағазбен қызмет көрсету әлі қалыспай келеді. Дамыған елдерде құжаттардағы қағазбастылық былай тұрсын, күнделікті кітаптарды шығару ісінде де үнемділікке көшкен. Бұған Ресейден, Еуропа мемлекеттерінен, Жапония мен Кореядан шығатын том-том кітаптардың қағаз құрамы өзгергендігі дәлел. Яғни, салыстыра қарасақ, Қазақстаннан гөрі Ресейден шығатын кітаптардың салмағы бірнеше есеге жеңіл әрі көтеріп жүруге қолайлы. Қағаздың химиялық құрамын өзгертетін, мейлінше, ағаш үгінділерін азайтатын әдіс ойлап тапқаны айтпаса да түсінікті.
     Қалай айтсақ та, қағазбастылық қоғамның ілгерілеуіне кедергі. Тарқатып көрсек, ең үлкен қауіп жемқорлықпен жымдаса байланысып жатыр. Қағазда қол қоя салу, мөр басу оңай жүзеге асатыны белгілі. Өйткені, ешқандай ортақ жүйеге тіркелмейді. Базалық қорларға түспейді. Мұндай жерде тұрғындар мен қызмет көрсетушілер арасында бармақ басты, көз қысты әрекеттер өршуі әбден мүмкін. Ең сорақысы – халық арасында «қағаз» сөзінің жаргондық дәрежеге дейін төмендеп, мағынасының өзгере бастауы. Бұл жайында айтылар сөз де аз-кем емес. Мәселенки, «қағаз сұрап жатыр, үш көк қағаз» деген сөздер пара алушының көмекейін сездіріп қана қоймайды, ақшаның көлемін де анықтап шешіп алады. Сонымен бірге, қағаз шынайы жұмыс пен өтірік жұмыстың да арасын ажырату үшін де қолданылатын болған. Ел ішінде «қағазда тұрса жетеді ғой», «қағазда былай көрсетілсе, ал жұмыста былай дей саламыз» деген кертартпа ұғымдар кеңінен қолданылады. Мұның соңы тағы да немқұрайдылыққа, мемлекетшілдік пен отаншылдық сананы өшіруге, сөйтіп, ел іргесін сөгуге алып келеді.
– Қағазын реттеп берсек, жетіп жатыр. Бұл жерде ештеңе де істемейсің. Тек қол қойсаң болды. Мұнда тек фамилияң ғана тұрады, – дейтіндер шықты. Мұндай жең ұшынан жалғасқан іс-әрекеттер болашақта тамырымызға балта шабатыны анық. Міне, қағаздың қитұрқы әрекеттерге жол ашатыны ап-айқын сезіледі. Мұндай сөз түрлі мекемелердің қабырғасында, сыртта, қоғамдық орындарда жиі айтылып жатады. Бәлкім, сіз де жолықтыңыз. Қағазбастылықтың зардабы жемқорлықпен, әр адамның уақытын сағызша создыратын кедергісімен тоқтамайды. Бұдан бөлек, табиғатқа да орасан зиянын тигізуде.
    Сіз білесіз бе, орта есеппен әлемдегі орман алқабының көлемі 3 миллиард гектардан асады. Мәліметтерге сүйенсек, ғаламда 12 миллион гектар орман түп-тамырымен кесілетін көрінеді. Жұмыр жерді алып қарасақ та жасыл алқапты өңірлердің аясы күннен-күнге тарылып келе жатқанын байқаймыз. Ресей мен Еуропа елдерінде, Африканың орталық бөлігінде, Солтүстік және Оңтүстік Американың жартысында ғана ит тұмсығы өтпес ормандар сақталған. Мысалы, 400 дана А4 парағын дайындау үшін 3,5 куб метр ағаш кесіледі. Зерттеушілер әлемде әрбір мекеме бір жылда кемінде 2-3 алып ағашты сұлатып, одан дайындалған қағазды күнделікті принтерге, жазып-сызуға, құжаттандыруға жұмсап отыр. Қысқасы, әрбір қағазды қолданарда үнемділік қажет. Табиғатты өз қолымызбен отауды доғарған абзал. Оның төте жолы – «Электрондық үкімет» негізінде жұмыс істеп, халықты қағазбастылықтан арылту.

Қартаң кісінің қуанышы көпке созылмады. Қайта келді әлгі мекемеге. Тағы да кезекке тұрды. Тағы да анықтама қағаз алды. Тағы да қол қойдырды. Сөйтсе, сапырылыстырып жүріп бір қағазын кеңсе алдында жоғалтыпты. Жоғын қайта жасатып болғанша анықтама қағазын қол қойдыратын адамның жұмыс үстелінен тапты. Қалтыраған қолына хатшы қыз: «Анықтамаңыз міне, ата», – деп ұстата берген. Алғысын жаудырып, қағаздарын тағы бір реттеп алды да, мардымсыз жүріспен шығып бара жатты кезекті рет. Егде кісінің басындағы жайт барша қазақстандықтарға тән. Айтпақшы, сіздің ше, қол қойылып, мөр басылған қағазыңыз жоқ па? Онда…

 

Қуаныш ТҰҢҒАТАР

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.