Талдықорған: 0°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖИЫРМАСЫНШЫ БЕЛЕС

13.01.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

     Биыл бағаналы орда, басты қаламыз, сәулетіне төрткүл дүние тамсанған, жарқын жобалар бастау алған, дәулеті тасыған Астанамызға 20 жыл толады. Әлемде Астана ауыстыру үрдісі ежелден қалыптасқанына қарамастан кезінде Елбасы осы бастаманы көтерген шақта байламға келмей, байбаламға басып, қарсылық білдіргендер де табылған. Әрине, оларға кінә артудан аулақпыз. Тоқсаныншы жылдардағы қиындықтарға  алаңдағандардың көкейінде мұндай  ойдың тұруы бір жағынан заңдылық та шығар.


    Ер тәуекелшіл келеді ғой. Қазақ «Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің» дегенді текке айтпаса керек. Нәтижесінде Арқада елеусіз жатқан шағын шаһар жыл өткен сайын құлпырып, жайнап, жасара түсті. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен іргесі қаланған Астана адам танымастай өзгеріп, түрленді. Әлемдік деңгейдегі түрлі оқиғалар Қазақстанның жаңа елордасы Астанада өтіп, тарихтың жаңа кезеңі басталды. Бұл – елдіктің, елін сүйген ер істеген берекелі тірліктің жемісі. 
    Тарих үшін жиырма жыл – қас қағым сәт саналғанымен, азаттық алғанына енді ғана 27 жыл толатын Қазақстан үшін үлкен бір кезең. Біз сол соқтықпалы-соқпақты жолы бар мезет-мезгілден еш қиналмай өттік. Астанамызды гүлдендірдік. Әлем таныған арман қаланың жиырма жылдығын ел болып тойлау – ендігі елдігімізге сын. Осы жылы сол мерейтойды жоғары деңгейде атап өтудің қазірдің өзінде алғышарттары жасалып та қойды. Сонымен…
    Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің айтуына қарағанда, мерейтой құрметіне арналып, республикалық және халықаралық деңгейде 80-ге жуық шара өткізу жоспарланып отыр екен. Олардың көшін «Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» атты халықаралық мәдени имидждік жоба бастайтын көрінеді. Ерекше форматтағы бұл бастама жұртшылықтың көңілінен шығады деп күтілуде. Жоба негізінде әлемнің аты дүркіреген 20 астанасының (Париж, Берлин, Лондон, Токио, Сингапур, Бейжің және т.б) құттықтау таныстырылымдары назарға ұсынылмақ. 
    Сондай-ақ, мерейтой аясында «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірлесіп, Джакомо Пуччинидің «Турандот» атты әйгілі операсын сахналамақ. Одан бөлек «Астана Мюзикл» театрының әлемге танымал «Notre Dame de Paris» мюзиклімен (Р. Коччанте, Л.Пламондон секілді авторлармен бірге) бірлескен қойылымы елорда тұрғындары мен алыстан ат арытып келген меймандарға үлкен тосын сый болмақ.
     Мерекеде «Астана – менің бақытым!» атты телевизиялық фильмнің таныстырылымы өтеді деп күтілуде. Мұнымен қоса, ел өнерпаздары Вена опера театры, Мариин театры, Нью-Йорк Сити Балет, Ұлы Жібек жолының халықаралық симфониялық оркестрімен бірлескен концерттері қала төсін думанға бөлей түсері сөзсіз. Мерейтойға ойластырылған тағы бір айтулы сый – бірегей халықаралық төрт көрме. Третьяков галереясының коллекциясы (Мәскеу қаласы), «Ұлы Моғолдар. Тарих артефакттары» (Дели қаласы), Францияның Ұлттық музейлерінің бірлескен жиыны – «Гранд-Пале» (Париж қаласы), «100 оқулықтағы әлем тарихы» көрмелері (Лондон қаласы) қазақстандықтардың таным көкжиегін кеңейте түседі. Көрмелерге көз салған отандастарымыз жиһанкез атанып, жаһанды кезбей-ақ әлем тарихының ең бай жауһарларын тамашалау мүмкіндігіне ие болады. 
    Ол аз десеңіз, Азия құрлығы жұлдыздарының қатысуымен «Voice of Astana» халықаралық фестивалін, АҚШ, Польша, Нидерланды және Қытай елінің ең үздік балеттік труппаларының қатысуымен ұйымдастырылатын «Eurasian Dance Festival» балет өнерінің ІІ халықаралық фестивалін, әлемдік дәрежедегі киножұлдыздардың және Испания, Ресей, Франция, Италия елдері театрларының қатысуымен ІІ Бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалін, заманауи этникалық музыка мен биді әйгілейтін «The Spirit of the Dance» фестивалін өткізу жоспарлануда.
     Мерейтой аясында Астанада ойын-сауық фестивалі басталады. Қала тұрғындары мен меймандарына бірегей жоба – «Astana Azil Stars Fest» халықаралық фестивалі мен ІІ халықаралық «Бауыржан Fest» ойын-сауық шарасы ұсынылады деп күтілуде. Оған ТМД елдерінің ең танымал өнерпаздары қатысады. Бұдан өзге шаралар да қала тойының мерейін өсіреді. Астананың 20 жылдығы ұранымен елордада әлемдік деңгейде Халықаралық сәулетшілер конгресі өтпек. Бұл шараның Қазақстанда өтуі Астананың жаһан таныған жұлдызды шаһар екенін айшықтап тұрғандай.
    Арқа төсіндегі бас қаланың мерейтойы кезінде ұлттық спорт түрлері де басты назарда болады. «Ұлы Дала рухы» атты фестиваль ел рухын жаныса, қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы», «Әлем барысы» додаларында жанкүйерлердің қиқуға басатыны анық. Мұнымен қатар спорттық марафон ұйымдастырылып, «Бозоқ қазынасы» атты театрлық-спорттық бақ ашу да күн тәртібінде тұр. «Денис және оның достары» атты мұздағы шоу да биыл жоғары дәрежеде ұйымдастырылмақ.
    Астана – Алаштың мақтанышы. Жоғарыда аталған жаһандық деңгейдегі шаралар халықтың танымын толықтырып, рухани кемелденуіне жол ашатыны анық.

Асхат Райқұл
Астана

Қатысты жаңалықтар

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

Сенімді жеңіс. «Жетісу» төртінші турды сәтті бастады

04.03.2026
Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

Жетісу жастары Ата Заңдағы жаңашылдықтарды талқылады

04.03.2026
Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

Жаңа Конституция демократиялық жаңғырудың бастауы

04.03.2026
Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

Ермұрат Бәпи: «Жаңа Конституция арқылы ескі Қазақстанмен толық қош айтысамыз»

04.03.2026
Технологиялар әлеміне жасалған қадам

Технологиялар әлеміне жасалған қадам

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.