Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Арқаның ажары

29.12.2017
ЕКІ ТІЗГІН
Арқаның ажары
WhatsAppTelegramFacebook

Біздер кешегі көк түріктің ұрпағымыз. Анықтап айтсам,  алысқанның жолын кесіп, жонын жұлдық, тайсақтап кері шегінуді, еңбектеп тізерлеуді білмедік. Татулықты ту еткен елмен етене араластық, қадірімізді білмеген жұртқа жуыған жоқпыз.  Сыйласқанға құл болдық, сынасқанға иілген жоқпыз. Біз – кедей халықты бай, аз халықты көп қылған Күлтегін мен Тоныкөктің ізбасарымыз, жарты әлемге патшалық еткен көне ғұнның ұрпағымыз. Алтын адам боп алысқа асқақ қараған сақ пен үйсіннің сынығымыз. Алаш ұранымен қиқулап атқа қонғанда рухтанып кететініміз ақиқат. Қайсы қасиетімізді айтайық, қысқасы, ен даланы еркін жайлаған жайсаң елдің перзентіміз.

Десе де, басымыздан ащы азап, азалы күн, қиындықтың қыспағы көп өтті. Дәуірдің басқа салған қайғысынан кең көсіліп отыра алмадық, тарғалаң тірлікке тұншыққан кезіміз де болды. 
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзге мөлтілдеп жас келеді, – деген сұрқай заман да өтті басымыздан. «Мың өліп, мың тірілген» халқымыз жанын сақтап, ұрпағын аман алып қалудың қамымен Алқакөлде сұлап, «Елім-айлап» зар шегіп,  қара жамылды. Рухы мықты халықтың жігерін бұл сынақ та сындыра алған жоқ. Араға аз жыл салып, өлгеннің орнын өміршең буын алмастырып,   ата рухына тәу етіп, тағы да ұрандап атқа қонды. Бес қаруын серт ұстап, тірлігін қолының қарымына тапсырып, болашақ байлығын тұлпарының тұяғынан дәметкен батыр бабалар қасиетті даламызды ата жаудың талауынан азат етті. Қаратауды паналаған қалың ел енді Алтай мен Жетісуға қайта ойысты. Көші байырлап, көлігі тынығып қалған бейбітсүйгіш халықтың тыныштығын тағы да отарлаушы елдер бұзды. Тұнып тұрған байлыққа тұлға болмақ болған  тоталитарлық жүйенің топалаңы қанағатшыл қазақты торғайдай тоздырды. Алайда жігерін жасыта алған жоқ. Атып-шауып, қырып-жойып, санын азайтқанымен, сағын сындыра алмады. Болашаққа жеткізер бағыттан саңлау тауып, желтоқсанда жер мен елдің қадірі үшін алаңға шығып, мызғымастай болған кеңестік биліктен тәуелсіздігімізді тартып алдық.   Сарыарқаның төсіне жаңа Астана салып, әсем Алматының баурайынан ерке Есілдің бойына қарай қазақ көші бағытын түзеді.
Бұл көш заманалар еншісінен қалған көштен басқаша, салиқалы да салтанатты еді. Бұл көш қазақтың бақытын қорғап қалу үшін жасалған шарасыздық емес, керісінше, болашағын бекемдеп, әлемдік өркениетке жақындап, басқаларға айбар көрсетудің ақылды жолы-тұғын. Елбасы ғасырлар бойы ұлы арманға айналған, күрмеуі қиын мәселелерге батыл кірісті. Ұлттық рәміздерді біржақты шешіп алған соң жаңа астана жайлы ойларға ойысты. Ұлы Даланың перзенті болғандықтан, туған жеріне ту тігетін тәуелсіз елінің көк байрағы еркін желбірейтін астанасын қай тұстан салатынын таразылап, ұзақ толғанды. Өйткені, астананы ауыстыру – мемлекеттік дамудың перспективаларын толықтай жүзеге асыруға саятынын бағамдады. Ақыры қуатты мемлекетінің төл астанасы қасиетті қазақ жерінің кіндігіне, Еуропа мен Азияның құшағы қауышқан Ақмола қаласында орын тебуі қажет деген шешімге тоқтады. Демек, қала тек астана ғана емес, стратегиялық орталық болғаны анық. Рас, болашақ астана тоғыз жолдың торабында орналасуы оның экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешуге икемділігін жоққа шығармайды. Даланың самал желіне кеудесін айқара ашқан қала ауасы таза, байтақ сахараның өмір шырынынан нәр алған тіршілік қызықтарына толы. Талай адам әлемнің біраз астанасының ауасынан Астана ауасының ғажайып өзгешелігі тазалығы мен тұнықтығында деп бұл жағдайға бірден назар аударатынын Елбасының өзі мақтаныш сезіммен еске алады. Астананы көрген кез келген эстетикалық талғам иесі қазақ деген халық астана да сала алатынын, «Орда» да тұрғыза алатынын жалпақ әлемге әйгіледі. Мүлдем жаңа астана салу оңай жүзеге асатын шаруа емес, маман, құрылысшы, шаш етектен қаржы қажеттігін әркім-ақ түсінеді.
Биыл қазақ Астанасы әлемдік көштің ордасына айналғандай болды. Барша қазақ елі дөңгеленген дүниені үш ай бойы жаңашылдық пен жаңғырудың жасампаз рухына бөлеп, «жасыл» дамудың жаңа белестеріне бастады. Былайша айтқанда, бүкіл дүниенің озық жетістігін жаңа Елордамыз бір көрмеде ғана көрсетті. Көрмені көруге келген қонақтар тұтас дүние Сарыарқаның сайын даласына көшіп келіп орнай қалғандай сезімде жүрді. Тілі, түрі бөлек жүздеген елден келген мыңдаған қатысушы көшпенді өркениеттің жүрегімен танысты. Қысқасы, бұған дейін де бейбітшілік пен келісімнің мекені болған қазақ даласы сол қасиетін тағы бір паш етті. 

Қ. ОМАРАҚЫН.

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.