Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірігіп EXPO-2017 халықаралық көрмесіне арналған Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің IX-жазғы Универсиадасының жабылу салтанатын өткізді.
Жабылу салтанатына Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Бас директоры, «ҚР Құрметті спорт қайраткері» С.Мұстафаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымының докторы, профессор Қ.Баймырзаев, Қазақ спорт және туризм академиясының тәрбие және бұқаралық спорт жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты профессор М.Есқалиев және Қазақстан Республикасы студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Ж.Акедилов, Әлем чемпионы, велошабандоз М.Сатыбалдиев, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Р.Хамитов, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Алматы облысының дзюдо күресінен бас жаттықтырушысы С.Чарапиев, Атланта Олимпиаданың қола жүлдегелі М.Мамыров, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегелі Н.Теңізбаев, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Алматы облысының ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы О.Эм, Алматы облысы ішкістер департаменті «Динамо» спорт кешенінің директоры А.Қасенов қатысты.
Спорт және дене шынықтыру – мемлекетіміздегі мәні зор әлеуметтік сала. Сондықтан да, Елбасы Н.Назарбаев дені сау, ойы сергек ұлт қана әлемдік бәсекеге қабілетті болатының жан-тәнімен сезінгендіктен бұл салаға жете мән беріп келеді.
Жабылу салтанатында алғашқы сөзді Жетісу өңірінде жастарды оқып, білім алуға ғылым мен спортты ұштастырып, студенттер арасында бұқаралық спорттың кең кұлаш жаюнына ерен еңбегін паш етіп жүрген, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры, география ғылымының докторы, профессор Қ.Баймырзаевқа берілді. Ректор өз сөзінде жиналған қауымды ҚР IX-жазғы Универсиадасының жабылу салтанатына қатысқандары мен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, алдағы уақытта бұданда жоғары деңгейде болуларына зор тілегін жеткізді.
Бұдан кейін құттықтау сөз кезегі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы Бас директоры, «ҚР Құрметті спорт қайраткері» С.Мұстафаевқа берілді. Ол өз сөзінде IX-жазғы Универсиадасына қатысқан жоғары оқу орындарының ректорларына ризашылығынды білдіріп, рахметін айтты. Келесі сөз кезегінде Орталықтың Бас директоры Универсиада жарыстарында ұйымдастыру алқасының жүргізілуімен өткізілген жарыстарда күш-қуатын аянбай еңбек еткен ұйымдастырушылармен жеңімпаздар мен жүлдегерлерді дайындаған оқытушылар мен жаттықтырушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиевтың грамотасымен марапаттады және IX-жазғы Универсиада жарысында жалпы командалық есепте 1-6 орын алған командаларды марапаттау рәсімін өткізді.
Жалпы командалық есеп:
VI-орын алған Гумилев атындағы Еуразиялық ұлтттық университетінің командасы;
V-орын алған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің командасы;
IV-орын алған Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің командасы;
III-орын алған М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің командасы;
II-орын алған І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің командасы;
I-орын алған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің командасы.
Қазақ мемлекеттік қыздар университеті «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы марапатқа ие болды.Аталған жеңімпаз командаларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі грамотасы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының Кубогі мен естелік медалі және гүл шоғымен марапатталды.
Жеңімпаз командаларға және қатысушыларға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің көркемөнерпаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама жүргізілді.
М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медициналық университетінің өкілі кезекті Универсиаданы өткізу жоспарын паш етті. Республикасының студенттік спорт федерациясының туын тапсыруға І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің өнер және дене шынықтыру факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Утегенов М.Оспанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік медициналық университетінің өкіліне Универсиада туын табыстады.
2018 жылғы VII-қысқы Универсиада жарысы спорттың 12 түрінен С.М.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің спорт кешендерінде өткізіледі. Осы университеттің өкілі VII-қысқы Универсиада болатын спорт кешендері мен таныстыру рәсімін өткізді.
Универсиада жабылу салтанаты үлкен концерттік бағдарламаға ұласты.
Әмір Сана.





