Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Америкаға жолдама алды

9 желтоқсан 2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Америкаға жолдама алды
WhatsAppTelegramFacebook

Аймақта алғаш рет «Patriot Qazaqstan» атты спорттық реалити-шоу ұйымдастырылды. Жобаның финалдық кездесуінде былғары қолғап шеберлері «Жастар» спорт сарайында жұдырықтасты. Облыстық ішкі саяат басқармасының қолға алған тың бастамасына деген өңір басшысы Амандық Баталовтың қолдауы мен ізгі тілегін орынбасары Жақсылық ОМАР жеткізді. Жер-жерден жиналған спортсүйер қауымның қолдауы жігіттерге дем беріп, ойынды одан әрі қыздыра түсті. 

Кешке режиссер, каскадер Бауыржан Абишев, публицист Бақытжан Бұқарбай, актер Асылхан Төлепов және Аян Өтепберген қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген жарыста аудан, қалалардан 18-22 жас аралығындағы 16 жас бәсекеге түсіп, мықтылар кезең-кезеңмен іріктелді. Финалдық додада Сарқан ауданының намысын қорғаған Саят Құдайберген үшінші орынды қанжығаласа,  екінші орынға Райымбек ауданының тумасы Жақсылық Қырғызәлі табан тіреді. Ал бірінші орынды Қаратал ауданының жас спортшысы Мирас Ертанов жеңіп алды. Сондай-ақ, ол АҚШ-қа жолдама ұтып, Лас- Вегас қаласындағы  Фредди Роучтың залында жаттығу мүмкіндігіне ие болды.
– Елімізде жастардың өркендеуіне, білім алуына, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Сондықтан да біз оларды осындай реалити-шоулармен де қамтамасыз етуіміз керек. Бұл жарыс бірнеше күн бойы өтті. Финалдық ойынды облыстық «Жетісу» телеарнасынан барлық өңір тұрғындары тіккелей эфирде тамашалады. Бұл дегеніміз, бұқаралық спорттың дамуына өзіндік үлесін қосады. Ұйымдастырушыларға облыс басшылығының атынан алғыс айтамыз, – деді Жақсылық Мұқашұлы.
10 жасынан бастап бокспен айналысқан Мирас Ертанов Талдықорған қаласындағы политехникалық колледждің 4-курс студенті. Келешекте дене тәрбиесінің мұғалімі болатын студент: «Жеңісімді Отанмыма, Қаратал ауданына арнаймын. Болшақта да ел намысын қорғап, Қазақстанның атын әлемге танытатын спортшы атануға еңбек етемін», – деп қуанышымен бөлісті. Реалти-шоуда көрермендер арасында лотерия ойнатылып, бірнешеуі  дәмханаға сертификат және ақшалай сыйлыққа ие болса,  Әсем Әуелбекова есімді қала  тұрғыны Түркия еліне екі адамдық жолдама ұтып алды.
– Екі аптаның ішінде ең мықтылар іріктелді. Олар осы уақыт аралығында Талдықорғанның көрікті жерлерімен танысып, ағылшын тілін меңгерді. Айта кету керек, бұл қатысушылардың барлығы кәсіби спорт шеберлері емес, әуесқой спортшылар, – деген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы  Рустам Алпысбаев аталмыш жоба жалғасын тауып, келешекте дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынын айтты.

Мәулен Әнербай.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.