Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Генерал рухына тағзым

28 қазан 2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Генерал рухына тағзым
WhatsAppTelegramFacebook

Мұхаметжан Түймебай ауылында Халық Қаһарманы, тұңғыш ҚР Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған джиу-джитсу күресінен ашық турнир өтті. Аталмыш турнирге Алматы қаласы мен Алматы облысында джиу-джитсумен айналысатын 5-17 жас аралығындағы 150-ден астам жасөспірім қатысты.
Жүзден жүйрік шыққандар арнайы дипломдармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, турнирге келген қонақтарға естелік сый ретінде Сағадат Қожахметұлы туралы жазылған кітаптар табысталды. Жастар додасының салтанатты ашылу рәсімінде алғысөз Іле аудандық мәслихат депутаты, Іле ауданының жастар ресурстық орталығы жетекшісі Ғани Дауталиевке және Іле ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Жәнібек Қабдыкәрімовке берілді. Ғани Сауытбекұлы өз сөзінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру шеңберінде осындай спорттық шаралар алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылатынын, спорт жастарды рухани байытып, патриоттық сезім қалыптастыратын бірден-бір күш екенін айта кетті. Ал Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Ерлан Мейірманов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың құрметті мейманы болған Іле аудандық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің ерікті қоғамының төрағасы, Қызыл жұлдыз орденінің иегері Марат Қаражігітов турнирдің мақсатын жастарға түсіндіре кетті.
Сағадат Қожахметұлының еліне сіңірген еңбегі, халқы үшін атқарған қызметі ұшан-теңіз. Бұл турнир ертеңгі болашағымыз – жасөспірімдер үшін үлкен өнеге болары сөзсіз. Еске алуға әлем ареналарында Көк байрағымызды желбіретіп, ҚР Гимнін асқақтатып жүрген аралас жекпе-жек жұлдыздары Қайрат Ахметов пен Қуат Хамитов арнайы қонақ болып шақыртылды. Жасөспірімдерді жігерлендіру мақсатында турнир жеңімпаздарын мараппаттау қазақтын осы қос батырына бұйырды. Осындай чемпиондардың қолынан медаль алу жас спортшылар үшін үлкен қуаныш болғаны анық.
Халық Қаһарманы, тұңғыш ҚР Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған турнирді ұйымдастырған – елімзге танымал спортшы, грепплингтен Азия чемпионы, аралас жекпе-жектен халықаралық «Alash pride» турнирінің бірнеше дүркін чемпионы, джиу-джитсудан ҚР чемпионы Нұрсұлтан Орынбасаров. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Орынбасаров Алматы облысы, Іле ауданында джиу-джитсу және грепплинг күресі бойынша 80-нен астам шәкіріт тәрбиелеуде. «Ұстазы жақсынын – ұстамы жақсы» демекші, шәкірттері де жарыстардан жүлделі орындармен оралуда. Атап айтсақ, Мәди Құрманғожаев, Елжан Жұмаділ Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында чемпион атанды.
Турнир ұйымдастырушы Нұрсұлтан Орынбасаров: «Ауылдық жерлерде осындай шаралар жиі өткізіліп тұруы шарт. Себебі, ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырады. Ұлт мақтанышы Сағадат Қожахметұлы құрметіне арнап «Сағадат батыр» джиу-джитсу клубын ашқан болатынмын. Аталмыш клубта 80-ге жуық жасөспірімдер жаттығу жасауда. Алдағы уақытта жылына бір рет джиу-джитсу күресінен «Сағадат батыр» халықаралық турнирін ұйымдастырып отыру жоспарда бар. Әлем чемпионы атануы үшін алдымен өз елінің патриоты болуы керек. Рухы биік спортшы ғана әлемдік ареналарда бағындыра алады», – дейді. Ауған соғысының ардагері, Қызыл жұлдыз орденінің иегері Қаражігітов Марат Жұбайбекұлы елімізде спорттың дамуына үлкен үлес қосып жүрген, аталмыш турнир ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Орынбасаровтың кеудесіне «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» медалін тақты.

Самат МҰРАТҰЛЫ.
Іле ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.