Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Білікті бапкер, білекті спортшылар додасы

14.10.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Білікті бапкер, білекті спортшылар додасы
WhatsAppTelegramFacebook

Спорт – әлем елшісі. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін сиқырлы өнер. Соның арқасында байрақты бәсекелерде Көк туымыз желбіреп, Гимніміз шырқалады. Бүгінде өңірімізде ел намысын асқақтатып жүрген апайтөс балуандар, тау көтерген толағайлар, желмен жарысқан желаяқ, құралайды көзге атқан мерген спортшылар жетерлік. Осыған орай біз Талдықорғандағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тыныс-тіршілігімен танысып, спортшылардың жетістігін тарқатып беруді жөн көрдік.

Осы мақсатпен спорт мектебіне бас сұқтық. Бізді мектеп тәрбиешісі Қарлығаш Балабекова жылышырай танытып қарсы алды. Спортшылар жаттығу залында екен. Бірі татами төрінде күресіп жатса, енді бірі зілтемір көтеріп жүр. Қарбалас, қызу дайындық. Күн тәртібі де өте тығыз, спортшылардың бос уақыты жоқ. Күніне екі уақыт жаттығу мен оқуға дайындығы түгелдей жоспарланған. Спортшылардың жеткен жетістігін білу үшін мектеп директоры Рамиль Хамитовқа жолығып, әңгіменің ауанын мектеп тарихынан бастауды жөн көрдік. 
– 1980-1990 жылдары өңіріміз үшін спорт мектебі өзекті мәселенің бірі болды. Өйткені бұрындары спортшыларды оқытатын мектеп болмағандықтан еліміздің намысын қорғап жүрген талай тарланбоздар өзге облыстарға кетіп жатты. Елбасының «облыс, өңірлерде спорт-интернатын ашыңдар» деген тапсырмасы мен қолдауының арқасында 2003 жылы осы мектеп-интернаты ашылды. Бұл облыстағы спортшылар үшін үлкен қуаныш болды. Біз де бапкерлікті қолға алып, әр ауылдан дарынды балаларды іздеп, іріктеп ала бастадық. Бүгінгі таңда мектеп спорттың 10 түрінен жас балаларды оқытып-жаттықтырып тәрбиелеуде. Мектеп ашылғалы 3 олимпиада өтті. Байрақты бәсекеде мектебіміздің оқушылары ұлттық құрама сапына кіріп, ел намысын көтерді. Көрсеткіштеріміз де жаман емес. Облыс спортшылары 2009 жылдан бастап республикалық рейтинг бойынша бірінші орынды бермей келеді. 
Спортпен шұғылданатын балаларды қалай анықтадыңыз? 
– Мектептегі ең бұзық, төбелескіш, үнемі қатарының алды болғысы келетін балалар көбіне спортқа бейім келеді. Оларды «бұл бала бұзық» деп қабылдамасаң, кейін жамандыққа баруы мүмкін. Ал, оларды спортқа баулып, жақсы тәрбие берсе, кейін ол баладан елінің Көк туын желбірететін мықты спортшы шығары анық. «Сен тұр, мен атайын» деп жұлқынып тұрған балаларды тәрбиелеу де үлкен жұмыс. Жаттықтырушы жақсы психолог та бола білу қажет. Балаларға педагогикалық-психологиялық әдістерді ұтымды қолданса ғана олар еліміздің мақтанышы болары анық. Осы кезекте тәрбиешілердің тынбай істеп жатқан ерен еңбегін атап өткеніміз жөн.
Жеткен жетістіктеріңізге тоқталсақ. 
– Осы күнге дейін спорт-интернатынан 784 спорт шеберіне үміткер, 97 спорт шебері, 19 халықаралық дәрежедегі спорт шебері бар. Еліміздің жасөспірімдер құрама сапында 57 жастар құрамасында 29  ұлттық құрамада 7 оқушы ел намысын қорғайды. Бейжің Олимпиадасында екі түлегіміз бақ сынады – ауыр атлетикадан В. Седов, бокстан М. Сәрсембаев.  Лондон Олимпиадасына да жеңіл атлетикадан, Айман және Шолпан Қожақметовалар қатысты. Рио Олимпиадасында төрт түлегіміз өнер көрсетті. Атап айтсақ, Карина Горичева, Сұлтан Дүзелбаев. Жастар арасында Әлем біріншілігінде ауыр атлетикадан Альберт  Линдер, бокстан Гаухар Ермекбай алтыннан алқа тақты. Жетістіктердің барлығы бірінші кезекте жаттықтырушылардың арқасы. Біздегі мамандардың барлығы жоғары дәрежедегі тренерлер. Әрқайсысы білікті бапкер, білекті спортшы. Біздің мақсатымыз – Отанымыздың намысын қорғайтын патриот жастарды, спортшыларды тәрбиелеу. 
Көбіне халқымыз қыз баланы ауыр атлетика сынды спорттарға қатыстыра бермейді. Сіздің ойыңыз қандай? 
– Бұл – үлкен мәселе. Көптеген дарынды қазақтың қаракөз қыздары ауыр атлетика, ережесіз жекпе-жек сынды спорт түрлеріне келе бермейді. Көбіне өзге ұлттың қыздары қатысады. Бірақ, шетелдің спортшылары намысыңды жыртып жатқан кезде қазақтың Әлия мен Мәншүктей қыздары қайда дейсің? Бірақ, әр адамның өз қалауы болады. Қазір қазақ қыздары да спорттың әр түрінен мектебімізге көптеп келуде. 

Иә, «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған керегі, Көк тудың желбірегені», – деп елі үшін жанын беретін спортшылар облыста жетерлік. Аймағымызда спортшылардың қатары көбейіп,  еліміздің  байрағы көкте желбіресін демекпіз.

Айдар ҚАЛИЕВ.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

02.02.2026
Бүгін – Ұлттық басылым күні

Бүгін – Ұлттық басылым күні

02.02.2026
Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды

02.02.2026
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді?

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап не өзгереді?

02.02.2026
Қазақстан полициясы ЖИ технологияларына көшеді

Қазақстан полициясы ЖИ технологияларына көшеді

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.