Талдықорған: +8°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Көрші хақысы – тәңір ақысы

12 қазан 2017
КҮЛТӨБЕ
Көрші хақысы – тәңір ақысы
WhatsAppTelegramFacebook

 

Қазақта «Көрші хақысы – Тәңір ақысы» деген аталы сөз бар. Бақсаңыз, көршінің ақысын – мерейін, беделін, деңгей-дәргейін Тәңірмен байланыстырады. Демек, бұл мақалдың да тарихы тым ұзақ. Мұны неге айтамыз? Себебі, күні кешегі, 7-қазандағы Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзі бірлігі ұйысқан екі ұлысқа жараспайды. Хәкім Абай айтқан бір туған бауырды бөле-жарып қарауға итермелеген ұшқары пікіріне наразы болғасын айтамыз. Әрине, атасынан баласына: «Көршің үшін намазыңды бұз» немесе «Көршің шақырса, бір жеңіңді киіп, бір жеңіңді кимей бар» деп өсиет қалдырған данагөй қазақтың бұл ретте де ашуын ақылы жеңіп отыр. Оған куә – күні кеше еліміздің ҚР Сыртқы істер министрлігі осы даулы мәселеге байланысты өз наразылықтарын жолдай келе, екі ел достығының бәрінен де маңызды екенін алға тарта отырып, қандай жағдай болмасын Қазақстан тарапы бауырлас елге өз ықыласын суытпайтынын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, аталған мәселеге байланысты Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев та осы түсініспестікке қатысты арнайы мәлімдеме жасады. Онда Үкімет басшысы елдің экономикалық дамуындағы, тың серпілісіндегі нақты дәлелдерді келтіре отырып, көрші ел басшысының көпе-көрнеу сыңаржақ пікір ұстанып отырғанын растап берген.

Осы барыста қырғыз тарапынан әлеуметтік желілерде кешірім сұрап, қазақ-қарғыз бауырлас елдерінің ынтымақ, берекесіне сызат түспеуін сұрай хат жазған ағайынның да қарасы аз болмады. Айталық, Еділ Байсалов атты Қырғызстан азаматы «Қазақ досыма хат» деген өз жазбасында Атамбаевтың айтқанын бүкіл қырғыз халқы атынан айтылған сөз деп қабылдамауға, ал оның президенттік мерзімінің аяқталуына 54 күн қалғанын ескертіп, қазақ халқынан кешірім сұрағанын білдік. «Нұрсұлтан Назарбаевты қырғыз халқы қатты сыйлайды, ол кісі біздің ата-бабамыздың көз алдымызда жүрген көзі секілді» деп жазған ол.

Міне, мұның бәрі кімнің ісінің ақ екенін дәлелдеп тұрмай ма?! «Түркінің бір-бір бұтағымыз, түбіміз – түркі» деп, қазақты аға тұтқан Алатауы ортақ ағайынның берекеден, баянды достықтан іргесін аулақ салмасы анық. Демек, мәселенің бәрі оспадар, жаңсақ пікір айтқан Алмазбек Атамбаевта деген сөз. Сөйтіп, бұл даудың түбі жекелеген бір адамның амбициясына тіреліп тұрса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы бір сұхбатында: «Оған мән бере берудің қажеті жоқ» деп айтқанындай, біздер де тағы сол береке-бірлікті, айнымас татулықты өсиеттеген қазақтың «Ауласы бірдің ауасы бір» деген ұстанымын алға тартамыз. Мыңдаған жылдар бойына іргеміз ажырамай, егіз қозыдай жарасып келе жатқан бауыр халықты бір «шикіөкпесіне» бола ренішке қияр жайымыз жоқ!

                                                                  Әміре ӘРІН,

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін, 08:41
Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар аймағында үсік пен көктайғақ болады

Бүгін, 07:55
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.