Талдықорған: +4°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ТҮПСАНА

​Қолайлы нұсқа

12.10.2017
ТҮПСАНА
​Қолайлы нұсқа
WhatsAppTelegramFacebook

Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу қызу талқыланып жатқан мәселе екені белгілі. Тіл білімінің мамандары осы орайда әртүрлі нұсқаларды ұсынуда.

Алдыңғысына қарағанда осы жолы Елбасының назарына, жалпыжұртшылықтың талқылауына ұсынылған нұсқа көңілге қонымдылау. Бір әріпті екі-үш таңбамен қосарлап беру, шындығында шатасу болар еді. Оны қабылдау да оңай емес, әрі қазақтың сөзінің шұрайлылығын, сөйлемінің ұзақтығын ескерсек, оны жазып, оқу да қиындық туғызады. Сондықтан әр әріп өзінше таңбаланғаны жөн деп ойлаймын. Осы тұрғыдан алғанда әріпті дәйектермен бейнелеу де дұрыс шешім. Дегенмен, бірыңғай дәйекпен беру сөйлемнің жазылу көркемдігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Өйткені қазақтың ә, қ, ң, ұ, ү сынды әріптері бір сөзде бірнеше рет қолданылып жатады.

Жалпы халқымыздың жаңа жазу үлгісіне көшуі аса маңызды мәселе. Латын әліпбиі бізге жат емес. Кезінде ата-әжелеріміз де осы тілде жазып, оқыған. Өткен ғасырдың сонау отызыншы жылдары сауатын ашқан менің апам кеңестік әскер қатарында жүргенімде латын қарпімен хат жазатын. Мектепте неміс тілін оқығандықтан мазмұнын көп қиналмай-ақ түсінетінмін. Бара-бара өзім де апама латын қарпімен сәлем хат жолдауға көштім.

Апам айтып отырушы еді, жаз маусымында ауылға Үштөбеден Қызыл отаудың екі мұғалімі келіп, бүкіл тұрғындарға киіз үйдің ішінде тіл сындыртып кетті деп. Анам осылайша ғұмыр бойы латын қарпімен жазып, сызып жүрді. Қазіргі кезең мен ол заманның арасы жер мен көктей емес пе? Интернет арқылы жер-жаһанмен жарасып отырған біздер өткен ғасырдағы ата-аналарымыздан қалыс қала қоймаспыз. Оны жас ұрпақтың, тез әрі жеңіл қабылдарына сенімім мол. Шығармаларымыз оқылмай қалады деген де бекер сөз. Ағылшын, я орыс тіліндегі мұрты бұзылмай жатқан кітаптар қаншама?! Құнды дүние қай тілде жазылмасын еленбей қалмайды.

Біз үшін және бір тиімділігі, мемлекеттік тілімізді үйрене алмай жүрген қайсыбір отандастарымыз көзтаныс латын тіліне негізделген қазақ тілін жеңіл меңгереді. Ең бастысы – латын қарпіне көшу арқылы тек түркітілдестерге ғана емес, әлемнің сексен пайызға жуық елдеріне интернет желісі арқылы жақындай түсеміз. Сондықтанда латын қарпіне көшуден қорықпауымыз керек. Керісінше, жаңашылдықты жатсынбай қабылдап, қазақ елінің төл әліпбиін жасауға белсене атсалысу парыз. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген емес пе, қайткенде де бір байламға келіп қалған секілдіміз.

Әміре ӘРІН,

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы.

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.