Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Дәстүрге айналған турнир

7 қазан 2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
Дәстүрге айналған турнир
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы әкімдігіНІҢ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен рухани жаңғыру аясында Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған ерлер және әйелдер арасында еркін күрестен республикалық турнирдің жалауы желбіреді. 

Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сөз сөйлеп, рухани жаңғыру аясына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, рухани жаңғыру осындай тұлғаларды ұлықтаудан басталатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар, Жетісу өлкесінің талантты балуандарының жарқын жетістіктерін айтып, бәсекеге келген балуандарға чемпиондарымыздың жолын тіледі.
Мұнан кейін сап түзеген спортшылар алдында Зылиха апамыздың ұлы Қанат және Зылиха Жанболатқызымен бірге қызмет істеген замандастары  өздерінің естеліктерін айтып, бүгінгі жарысқа ақ батасын берді. Дода осымен жетінші мәрте жалауын желбіретіп отыр. Бәсекеге республиканың барлық аймағынан және қырғыз елінен де команда келді. Осыдан алты жыл бұрын кішкене ғана турнир болып өткен бәсеке бүгінгі күні ауқымын кеңейтіп, оған қатысушылардың да қатары көбейіп келеді. Байрақты бәсекенің дәрежесі де жоғары. Жеңіске жеткен балуандар спорт шеберлігін орындайды. Айта кетейік, айтулы додада еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәурен Жұмағазиев, әйелдер арасында аты алысқа кеткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Гүлмарал Еркебаева күрескен болатын. Сондай атағынан ат үркетін білікті балуандар белдескен турнирдің дәрежесі жоғары деп айтуға негіз бар. Осы жерде айта кететін тағы бір жайт, турнирдің осындай деңгейге жетуіне қол созған азаматтың бірі, білікті бапкер Аман Бұғыбаевті ерекше атап өтуге болады. Жастайынан талай мықтының тізесін дірілдеткен шебер балуан, жас балуандар даярлауда және олардың шыңдалып шығуы жолында тер төгіп жүр. Расында да Аман ағамыздың ағасы аты аңызға айналған Аманжол Бұғыбаев та талай бәсекенің өтуіне қолғабыс болған азамат. Оның тәрбиелеген шәкірттері талай рет байрақты бәсекеде орын алып, ел намысын қорғаған. Соның бірі Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Маулен Мамыров. Бүгінгі бәсекеде жетісулық талантты спортшы Маулен Мамыров құрметті қонақтардың ортасында отырып, жас балуандарға бағасын берді. Сонымен жарыс басталып кетті. Бозкілемге шыққан балуандардың осалы жоқ. Жарыстың толық мәліметін газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

 

Ришад ТҰРҒАНБАЕВ.

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

13 қараша 2026
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.