Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Білімде қордаланған мәселе көп

21.09.2017
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Білімде қордаланған мәселе көп
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыстық филиалда партиялық куратор комиссиясының «Білім» бағыты бойынша отырысы өтті. Оған аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары қатысты. Жиынды білім бағытының кураторы Жамал Құлахметова жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар – орта мектеп түлектерін аттестациядан өткізу және жаңа форматтағы ҰБТ нәтижелері, мұғалімдерді қайта даярлау биылғы оқу жылындағы басты мәселелер. Бұл бойынша облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова есеп берді. 
– Өткен оқу жылында білім беру саласында бірқатар жаңалықтар орын алғанын жақсы білесіздер. Ол – орта білімнің жаңартылған мазмұнына көшу, бес күндік оқу аптасы, бірінші сыныптар үшін бірыңғай оқулықтар енгізу, Ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгерістер, – деді баяндамашы. – ҰБТ екі кезеңде өтті. Оның біріншісі – қорытынды аттестаттау, демек, мектеп бітіру емтиханы, екіншісі – Ұлттық бірыңғай тестілеу, яғни жоғары оқу орнына түсу сынағы. Биыл 14268 түлек мектеп бітірсе, оның 9774-і ҰБТ-ға қатысты, 4464-і қатыспады. Биылғы жылдың талабы бойынша мектеп бітірушілердің бәріне бірдей жоғары оқу орнына түсу міндеттелмейді, арнаулы орта білім алуға, кәсіптік-техникалық оқу орындарына баруына мүмкіндіктері бар. Кейбір түлектеріміз Ұлттық бірыңғай тестілеуге бармай-ақ шетелдік оқу орындарына түсіп жатады. Әсіресе, көрші Қытай және Ресей мемлекетіне оқуға түскен балалардың саны көп, – деді. 
Елбасының тапсырмасымен өткен жылдан бері «Нұр Отан» партиясы «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асырып жатқаны белгілі. Ол бойынша ҰБТ-ға қатыспаған және одан шектік балды жинай алмаған жастарды оқумен қамту, жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылуда. Бұл жөнінде мәлімет беріп өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев «Сәтті қадам» жобасын жүзеге асырудағы мақсат – балалардың ертеңгі күні істерге іс таппай бос қалып, құқықбұзушылыққа, ұрлық-қарлыққа араласып кетпеуіне жағдай жасау екендігін атап өтті. Осы орайда қолға алынған істің нәтижесінде ҰБТ-да шектік 50 балды жинай алмаған 1600 түлектің 725-і жоғары оқу орындарына, 548-і кәсіптік-техникалық білім беру мекемелеріне түскен, 53-і шетелде білім алуда. Ал, 193 түлек «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында еңбекпен қамтылса, 28 жас әскер қатарына шақырылған, 40 түлек мамандарды қайта даярлау орталықтарында білім алуда. Өзге себептермен 13 түлек қана оқумен және жұмыспен қамтылмай отыр. 
Сонымен қатар биылдан бастап нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның бірінші бағыты оқыту бойынша 1535 түлек облыс колледждеріне қабылданып отыр. Және бұл балалар бір ғана кәсіп меңгеріп шықпайды, екі деңгейлі мамандық бойынша білім алады. Демек, ол арқылы бір мамандық бойынша жұмыс табылмай жатса, екіншісі бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік туып отыр. 
Жастардың білім алуы мен жұмыспен қамтылуына барынша жағдай жасалып жатқанымен білім саласында қордаланған мәселе көп. Бұл ретте бес күндік оқу жүйесіне өтуге байланысты балалардың сабақтан кеш шығатыны, жазу дәптерлерінің қымбаттығы, жаңартылған білім бағадарламасын мұғалімдердің өз дәрежесінде меңгере алуы, ағылшын тілінде сабақ өткізе білуі, мектептердің аттестациядан өтуі сынды жайттар бар. Осының бәрі жиын барысында сөз болды. Осы орайда облыстық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Алуа Жанатайқызы жаңартылған білім мазмұнын енгізу барысында ұстаздардың біліктілігін арттыруы мен аудандардағы магниттік мектептер мен ресурстық орталықтардың жұмысы туралы сөз қозғаса, Ескелді аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Дүйсебаев биылғы оқу жылында білім саласы алдында тұрған  бірқатар мәселелерді алға тартты. 
Жиын соңында Ұлттық бірыңғай тестілеуге, ресурстық орталықтардың санын арттыруға, кадрлар даярлауға, қамқоршылық кеңесінің рөлін арттыруға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізілді. Бұл ұсыныстар депутаттық фракция талқылауына ұсынылатын болады.

А. ТОПАНТАЙҚЫЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.