Экономикалық дамудың жаңа моделі біз бұрыннан арқа сүйеп, үйреніп қалған шикізатқа, мұнай-газ өндіруге тәуелді емес, керісінше, жоғары технологиялы салаларды меңгеруге байланысты. Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы ең басты ерекшелік осы деп айтар едім. Бірінші жаңғыру осыдан 25 жыл бұрын қызыл империяның қирандысынан шығып, өз іргетасымызды қалап, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрудан басталды. Екінші Жаңғыру ел болашағын белгілеген Стратегияның қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталып, бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірумен аяқталды.
Елбасының айтуынша, Үшінші жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары ғана емес, сонымен бірге, болашаққа бастайтын көпір болмақ. Президент бұл Жолдауда негізгі бес басымдықты айқындап берді. Соның бірі – макроэкономикалық тұрақтылық. Мен өзім қаржы саласында жұмыс істегендіктен, Жолдаудағы салық-бюджет саясатының жаңа экономикалық жағдайға бейімделу мәселесі уақытында қолға алынған шара деп есептеймін. Осыған дейін бюджет шығыстарының тиімділігіне аса көп мән берілмейтін. Енді осы бағыт та қадағаланатын болады. Елбасы тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу, жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету туралы қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу туралы тапсырма берді.
Жолдауда көрсетілген фискалдық орталықсыздандыру саясаты да «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарымен ұштасып жатыр. Өткен жылдарда орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функция мен өкілеттіктер берілді. Енді олардың жеткілікті қаржылық дербестігін қамтамасыз етумен бірге, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу, оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру өзегін тапқан маңызды мәселе екені анық.
Осыған орай, 2018 жылдан бастап аудандық деңгейдегі ауылдық округтер мен елді мекендерге жергілікті өзін-өзін басқарудың дербес бюджеті кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бірінші кезеңде тұрғын саны 2000 адамнан астам елді мекендер қамтылса, екінші кезеңде 2020 жылдан бастап қалған ауылдық округтер мен елді мекендер дербес бюджетке ие болады.
Мәселен, Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру жөнінде ҚР Қаржы министрлігінде іс-шаралар жоспары бекітілген. Сол іс-шаралар жоспары бойынша «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде ыңғайлы жұмыс істеу үшін қазынашылық комитетінің ресми сайтында «Пайдалы ақпарат» блогында тіркелген пайдаланушылар үшін пайдаланушылар нұсқаулықтары мен бейне сабақтары орналасқан. Сонымен бірге, аталған іс-шаралар жоспарының 15 тармағын орындау үшін «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінде, барлық бизнес-процестерде жұмыс істеу мақсатында семинарлар өткізу кестесі бекітілді (2017 жылдың тамыз айынан бастап қазан айы аралығында). Бекітілген жоспар кестеге сәйкес, ауылдық округтердің әкімдері мен олардың аппарат қызметкерлерін оқыту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жолдаудың тағы бір ерекшелігі, барлық басымдықтардың бір-бірімен тығыз байланыстылығында. Елбасы салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізатқа емес, сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау, экономика жаңғыруын жаңа салаларға көшіру, соған байланысты өсімнің жаңа факторын ашу аясында бизнес-ортаны түбегейлі жақсартты.
Елдің жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 50 пайызға дейін қамтамасыз ету бағдарламаларын іске асыру кезек күттірмейтін мәселе. Осындай бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратын бес басымдыққа негізделген Үшінші жаңғыру – ел дамуының көпжылдық экономикалық және әлеуметтік алгоритмі. Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы еліміздің біртұтас болашағын, халқымыздың өсіп-өркендеуін айқындап берді.

Е. ҚЫДЫРАЛИЕВ,
облыс бойынша қазынашылық
департаментінің басшысы.
облыс бойынша қазынашылық
департаментінің басшысы.