17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 16 сәуірде хабарлады.
– Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған, – делінген хабарламада.





