Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

…Көрмеген де арманда!

14.09.2017
АЛТЫН ТҰҒЫР
...Көрмеген де арманда!
WhatsAppTelegramFacebook
Армысыздар, ағайын! Міне, Жаратушының құдіретімен сонау мұхит асып, Лас-Вегасқа да келіп жеттік. Он бес мыңнан аса шақырымды артқа тастап табанымыз тиген қала бізге аса таныс емес деп айта алмаймын. Мен бұл жерге бұған дейін де сан мәрте келіп, небір ғажап оқиғаның куәсі болғанмын. Тіпті, Генаның бір шайқасын тамшалауға келгенде бір минутқа толар-толмас уақытта қарсыласын сұлатып салып, аптығымды су сепкендей басып, құмарым тоймай қайтқан кезім де болған. Бұл жайында мен сіздерге баяндаған болатынмын. Әуелі Геннадий жігітімізге өзімсініп өкпемді де білдіріп едім. Сонау жерден сағынып келгенде алдымда біраз ойқастап, қарсыласыН ары-бері төмпештеп жүре тұрмағанына да  кейігенмін. 

Иә, ол өткен іс. Ал, бүгінгі айқас одан да жоғары. Мен өткенде ұшаққа мінбей тұрып, «Көрген де арманда…», – деп көлемді мақаламды жариялап кеткен едім. Расымен де көргенде, көрмеген де арманда болары хақ. Қазақ атам қалай қиыстырып айтқан десеңізші?! Дәл осы сөздің бүгінгі біздің тақырыбымызға арқау болғанына таңғаламын. Бір-біріне қабысып, бір-бірін толықтырып тұрғандай. Өйткені Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің шайқасын бүкіл дүние жүзі тосып отыр. Осы күллі әлем тосқан ғасыр жекпе-жегін көрген де арманда, көрмеген де арманда емес пе? Олай болса алапат шайқасты көру маған бұйырған екен. Мен көріп арманда қалайын, ал көрмей қалған ағайын болса, ол да арманда жүрсін.
Сонымен Лас-Вегас сол баяғы қалпы, түрлі дүбірді басынан өткеріп, қарбаласып жатқан ел. Сонау 2015 жылдан бері созбақтап келе жатқан «Голден бой промоушен» компаниясы тағы қандай сыйлық дайындап отыр. Міне, бүгінгі әңгіме осы жайлы болмақ. Альварес пен Головкиннің арасындағы жекпе-жегін не себепті созып келгені туралы өткен мақаламда жазған болатынмын. Ендігі жерде алдымнан не күтіп тұр осы жайында болмақ. Темірді қызған кезінде соқ. Әйгілі компания екі мықтының арасындағы кездесуді толықтай мойнына алған. Олар кәсіпқой боксты өткізудің және сол арқылы мол табыс табудың түрлі жолдарын білетін компания. Бұған дейін де қыруар қаражаттың астында қалған компания айтулы істі тындырмақшы. Мынадай тың ақпараттармен бөліспекшімін. Мәселен, тікелей таратылатын телеарналардан басқа интернет желісі арқылы таратылатын «PІPIBI» деген көрсетілім шыққан. Ол не? Енді тарқатып айтайын. Ол арнайы құрылғы. Сол күнгі кездесуді үйіңде отырып тамшалайсың. Оның арнайы пакеті болады. Шамамен құны 100 долларға дейін тұрады. Аталған қаржыны төлесеңіз болғаны, үйіңізге әкеліп қондырғыны орнатып береді. Сонда сіз болып жатқан жекпе-жектің ортасында отырғандай үйіңізден-ақ тамашалай аласыз. Кезіндегі Сауль мен М. Коттаның шайқасында 900 мыңдай  «PІPIBI» сатылымы іске асқан. Ал Канело мен Мейвезердің арасындағы жекпе-жекте 2,5 млн. сатылым болған. Кешегі Мейвезер мен Пакьяоның арасында 5,5 млн. сатылымға шыққан. Енді осы 5,5 млн.-ды орта есеппен 100 доллардан есептеп көріңіз қанша дөңгелек болатынын. Осыдан-ақ, байқауға болады кәсіпқой бокста қыруар ақшаны суша сапырып, мықтылардың төбелесіне компаниялардың мүдделі екенін білуге болады. Ке-   зінде біздің Головкинге Оскар Де Ла Хойя көп қаржы бергісі келмеді. Оның айтуынша 10 пайызын Головкин алсын, қалған 90 пайызды Сауль алсын деген. Оған Гена келіспеді. Одан кейін 10 млн. доллар ұсынды оған да келіспеді. Сол кездегі Головкин қашып жүр деген әңгіменің шығу себебі осында. Сонымен бүгінгі таңда менің ойымша 70-те, 30 пайыз болуы керек. Бұл жаман емес. Әрине, аздап көңіліңе тиеді. Бірақ, атам қазақтың тағы бір қанатты сөзі бар «Қазаншының өзі еркі, қайдан құлақ шығарса», – деген. Жарысты ұйымдастырушы «Голден бой промоушен» өзі біліп жатыр қазір. Оның сыртында жаңағы мен айтқан сатылымнан да біздің Генаға қосымша қаржы түсетін болу керек. Бұл шайқас АҚШ-тың төрт жүздей кино театрында арнайы ұйымдастырылып, экраннан көрсетілетін болады. 
Енді 15 қыркүйек күні журналистердің қатысуымен екі боксшы соңғы рет салмақтарын өлшейді. Ол «Девид Копперфильд» театрында өтеді. Ол біткеннен кейін «MGM» гранд отелінің арнаулы залында екі боксшының бапкерлерімен бірлесіп баспасөз мәслихаты өтеді. Ол жайында алдағы уақытта баяндайтын боламын.
Одан кейін боксшыларға арналған төрттік киім дайындалған екен. Елден келгесін, Генаға жанкүйер болғасын мен де бір киімді алуға ниет білдірдім. Өкінішке орай ол ісім ойға аспады. Неге десеңіздер, ондай төрттік киім арнайы сатылымға шыққан билеттермен бірге беріледі екен. Ол билеттің құны 8 мың доллар. Біздің теңгемен шаққанда 2,5 млн. теңге болу керек шамасы. Егер сіз сол қымбаттық билетті сатып алсаңыз арнайы әуежайдан ұзындығы есік пен төрдей болатын әдемі көлікпен тосып алып, қымбат қонақүйге орналастырып, жаңағы мен айтқан киімді қоса беріп, арнаулы орынға отырғызады. Әрине, оған біздің шамамыз жетпейді. Журналист деген қарапайымдылығымыз тағы бар, ақпарат үшін бұл да керек деп, ары қарай тың деректерді іздестіріп жүре бердім. Ал жарнамалар оншалықты көп емес. Жарқ-жұрқ еткен телеэкрандардың барлығынан көрсетіп жатыр деп айтуға келмейді. Бірақ  «MGM» грант отелінің қасында, шайқас болатын ғимараттың жанында үлкен суреттері ілініп тұр. Мұнымен қоса кәсіпқой бокста өзіндік орны бар, жілігін шағып, майын ішкен боксшылар өздерінің болжамдарын да жасап үлгеріпті. Талай алапат айқастың ортасында жүріп ысылған, елудей кездесу өткізіп барлығында да жеңіске жеткен, кәсіпқой бокстың маңдай алды жарық жұлдыздарының бірі кіші Флойд Мейвезердің жасаған болжамы біздің жүрегімізге қанжардай болып қадалды. Әрине, елден келгесін, Генаның жанкүйері болғасын ауыр тиетіні анық. Ол былай дейді: «Көптен күткен шайқас бұл. Әдемі тартысты кездесу болады, сол жекпе-жекте Сауль Альварес Геннадий Головкинді накаудқа түсіреді», – дейді. Оны неге байланысты айтып отырғанын біз де саралап көрдік. Бір кезде әлемнің бокс мамандары Гена мен Мейвезер шаршы алаңда кездесуі керек, бірі салмағын түсіруі керек, екіншісі көтеруі тиіс, сол арқылы кім мықтыны анықтаған жөн деген. Сол кезде Гена болса болар деп ишара танытып, мен ондай айқасқа дайынмын, жұдырықтасам деген қарсыласым қорқып қалмай ма екен деген еді. Ал Мейвезер жауап қайтпаған. Оның жауап бермеуінің арғы жағында менсінбегендік білінді. Сол кездегі Генаның сөзі шамына тисе керек, Саульға жақтасуының басты себебі де осы болар деп іштей шештік. 
Әрине, әліптің артын бағайық. Шын мықтыны жекпе-жек өткеннен кейін анықтайтын боламыз. Әзірге мен келген күннен бері қолым жеткен ақпарат осындай. Алда әлі талай қызық бар, тосын сый да болып қалар. Оны мен келесі хабарымда жолдайтын боламын.
Несіп Жүнісбай,
белгілі спорт журналисі, Алматы облысының Құрметті азаматы, арнайы «Жетісу» газеті үшін Лас-Вегастан.   

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.