Талдықорған: +9°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Ғылым мен тәжірибе ұштасты

25 тамыз 2017
ЭКОНОМИКА
Ғылым мен тәжірибе ұштасты
WhatsAppTelegramFacebook

Жазиралы Жаркент өңірінің жүгерішілері кез келген инно­ва­­ция­лық жаңа­лықты назар­дан тыс қал­дыр­май, өнді­ріске ен­гізуге асығады. Бастысы, қол еңбегінің машақаты же­ңіл­­деп, жаңа технологияның демеуімен «дала аруы» жазда жайқала өсіп, күзде мол өнім береді. Панфилов ауданында «Қазақ­стан­ның Оңтүстік шығысында өсірі­летін жүгері дақылын зиянды жәндіктерден қорғау және сала  өндірісінің иннова­циялық техно­логиясы» атты тақы­рыпта  жүгері­шілердің аймақтық кеңесі өтті.

Семинар-кеңесте республикалық «Өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ», «Қа­зақ жер өңдеу және өсімдік ҒЗИ», «Бай­серке-Агро»  ЖШС, «Новосібір ғы­­лыми зертеу орталығы» және өсім­діктерді  зиянды жәндіктерден қорғай­тын дәрі-дәрмектер мен минералды  тыңайтқыштардың барлық түрін өнді­ретін шетелдік  компаниялардың өкіл­дері облыс жүгерішілеріне «дала аруын»  өсірудің жаңа жолдары мен тә­сіл­­дерін таныстырды. Саладағы проб­ле­­малар мен алда атқарылар мақсатты істер талқыланып, тауарлы жүгері сорт­та­рынан экологиялық таза өнімдер жи­нау  жолдары талданды. Семинар-кеңес Жаркент өңіріндегі дәнді  дақылдар тұ­қымын өсіретін «Ернар» ЖШҚ ша­руа­шылығында  өткізіліп, кеңеске қаты­су­шылар «дала аруының» жаңа, тиімді тұ­қымын жерсіндіру тәжірибесімен бөлісті.

Ширек ғасырға жуық  облысты жә­не елдің солтүстік аймақтарын жүге­рі­нің өсімтал  сапалы тұқымымен қам­та­ма­сыз етіп келген қожалықта мол  тәжі­рибе жинақталған. Биыл қожалықта әр­қайсысы 8 гектар жерге  орналастырыл­ған жүгерінің жаңа 42 сұрыбы жер­сін­дірілуде. Олардың қатарында елдің Оңтүстік шығыс аймағының ауа райы­ның ыстығы мен суығына төзімді, өн­діріске жаңадан енгізілген «LG30500», «LG 30525» сияқты өнімділігі жоғары  сұрыптар бар. Соңғы жылдары сұрып сынау учаскесінде сынақтан  өткен     50-ден астам жүгерінің, 2 түрлі судан шө­бінің, 2 түрлі  «Могор» сұрыпты сорго тұқымдарының мемлекеттік ко­мис­сияның  жоғары бағасын алып, өн­діріске енгізілуі Тасқын Жапарқұл бас­қаратын «Ернар» ЖШҚ ұжымының қарымды қарекетінің  нәтижесі деуге болады.

Өткен жылы мұнда дәндік жүге­рі­нің 37, сүрлемдік жүгерінің 30, дәндік сор­гоның 6, сүрлемдік қантты сор­гоның 3, дәндік могардың 2, сүрлемдік судан шөбінің 2 сұрыптары  сынақтан өт­кізіліпті. Дәнге өсірілген жүгерінің «Данубио» сұрыбы 102 күнде пісіп жетіліп, әр гектарынан 54,4 центнерден өнім  жиналды. Сол сияқты «Мас-38Д» -53,5, «НС-3014» -61,6, «Мас- 39Т» — 58,9, «МВ – Максима» сұрыптарынан гек­тар сайын 63,5 центнерден дән жи­налды. Бұл сұрыптар облыстың дән­дік жүгері  өсірілетін аудандарына тара­ты­лып, ел экономикасына мол бе­реке  бер­мек. Кеңес жұмысын «Өсімдік қор­ғау және карантин ҒЗИ» ЖШС  бас ди­ректоры, академик Абай Сағитов жүргі­зіп, жиында облыстық ауылшаруа­шы­лығы басқармасының басшысы Сек­сен­бай  Бекішов, ҒЗИ жүгері бірлес­ті­гінің жетекшісі Айман Омарова, ЖШҚ төрағалары, жаркенттік даңқты жүге­рі­шілер Еңбек Ері Күләш Айтжанова, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күл­ғай­ша Бердіғұлова сөз сөйлеп, ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Кеңес жұмысы барысында Өзбек­стан, Ресей, шведтік және 32  қазақ­стан­дық компаниялардың өкілдері өн­діретін зиянкестерге  қарсы қолда­ны­латын дәрі-дәрмектер мен минералды тыңайтқыш түрін пайдалану жолдары та­­ныс­ты­рылды. Семинар соңында кеңеске қатысушыларға жергілікті жү­герішілер өндірген өнімді қабылдап,  ұқ­сататын Жаркент крахмал-сірне зауы­тының жұмысы мен «Ернар» ЖШҚ ауыл­шаруашылығы техникалары көр­сетілді. Кездесуде ғылым мен тә­жі­рибе ұшта­сып, ел берекесін арттыруға байлам жасалды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ.

Панфилов ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Бүгін, 17:22
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Бүгін, 16:45
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Бүгін, 15:20
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Бүгін, 12:31
Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Тоқаев: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж азаматтарға ғана берілуі керек

Бүгін, 12:26

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.